67. Тұлғаішілік конфликтілер бөлінеді:
А) тұлғаішілік, тұлғааралық;
В) конструктивті, деструктивті;
С) субъективті, объективті;
Д) жеке, топтық;
Е) вербальды, вербальды емес.
68. Жеке адам аралық қарым-қатынас бөлінеді:
А) ашық, жабық;
В) коммуникативті, перцептивті;
С) императивті, манипулятивті;
Д) рецепиент, коммуникатор;
Е) тұлғаішілік, тұлғааралық.
Конфликтінің түрлері. Авторлар конфликтінің негізгі үш түрін анықтауды ұсынады: тұлғаішілік, әлеуметтік және зооконфликтілер. Әлеуметтік конфликтілердің негізгі түрлеріне: тұлғааралық конфликтілерді, кіші, орта және үлкен әлеуметтік топтар арасындағы конфликтілерді, мемлекет арасындағы ұлтаралық конфликтілерді жатқызады.
Тұлғаішілік конфликт.
Психологияда (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко, 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) тұлғаішілік конфликтінің көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.
Когнитивті сфера: «Мен бейнесінің» қайшылығы; өзін-өзі бағалаудың төмендеуі; өз күйін психологиялық дағдарыс, шешім қабылдаудың кідірісі ретінде ұғыну; құндылықты таңдау мәселесінің болуын субьективті мойындау, субьект бұрынырақ басшылыққа алған мотивтер мен принциптердің шынайылығына күмәндану.
Эмоционалдық сфера: психоэмоционалдық күштену; бірқатар маңызды жағымсыз сезімдер.
Мінез-құлықтық сфера: іс-әрекеттің сапасы мен қарқындылығының төмендеуі; іс-әрекеттің төмендеуі; қарым-қатынастың жағымсыз эмоционалдық фоны.
Интеграциялық көрсеткіштер: бейімделудің қалыпты механизмінің бұзылуы; психологиялық стрестің күшеюі.
69. Тұлғаішілік конфликтінің көрсеткіштеріне жатады:
А) семантикалық барьер;
В) тұлғаішілік, тұлғааралық;
С) фонетикалық барьер;
Д) когнитивті және эмоционалдық сфера;
Е) позитивті және негативті.
70. Дау-дамайлардың көріну формасына байланысты бөлінеді:
А) тұлға ішіндегі, тұлғааралық және топаралық;
В) толық шешілген, жартылай шешілген және шешілмеген;
С) конструктивті, деструктивті;
Д) субъективті, объективті;
Е) ашық, латентті және потенциалдық.
Достарыңызбен бөлісу: |