Психология жандос


Ресей мəдениеттанушысы А.С. Кармин «Мəдениеттанудың негіздері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.09.2023
өлшемі260,04 Kb.
#108188
1   2   3   4   5
Ресей мəдениеттанушысы А.С. Кармин «Мəдениеттанудың негіздері. 
Мəдениет морфологиясы» еңбегінде 1996 жылы мəдениеттің 1500 анықтамасының болғанын 
ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады, мəдениеттің мына түрлерін бөліп алды:
сипаттаушы, антропологиялық, құндылықты, нормативті, тарихи, функционалды.
7


2. Мəдениет құрылымы. Мəдениет тұтас жүйе.
Мəдениетін құрылымы: мəдени түрлердің саналуандығы жəне мəдени құрылымның күрделілігі.
Адамның жасаған əрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нəрселерде 
көрініс табады.
Мəдениет құрылымы
: рухани мəдениет жəне материалдық мəдениет.
Рухани мəдениет дегеніміз 
- білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, əдет-ғұрып, дəстүр мен тіл 
болып табылады.
Материалдық мəдениет дегеніміз 
- тұрмыстық жəне өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы 
жəне т.б. Мəдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, 
антропология, əлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, 
дін, мораль жəне т.б. ғылым салалары қарастырады.
Рухани мəдение саласына
: дін, мораль;саясат, құқық;ғылым, білім, дене тəрбиесі, спорт, медицина;əдебиет, 
өнер; бұқаралық ақпарат құралдары, тіл;рухани іс-əрекеттің материалдық заттық өнімдері енеді.
Материалдық мəдениет саласына
: ғылымның, білімнің, əдебиет жəне өнердің, медицинаның, дене тəрбиесі 
мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;бұқаралық коммуникация құралдарының материалдық 
техникалық базалары,рухани іс-əрекетті өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.
8


3. Мəдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
Осы мəдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.
Құндылықты 
– бұл адамдар қолдан жасайтын материалдық жəне рухани құндылықтардың бірлігі, ал 
құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір материалдық немесе идеалдық заттардың адамға 
жағымды мағыналары. Құндылықтың өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін 
қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» жəне «құн» - бірегей түсініктер емес. «Құндылық» - ол 
философиялық жəне мəдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық түсінік.
Мəдениеттің 
құндылық 
концепциясы 
ХVІІІ 
ғ. 
аяғында 
неміс 
философтары 
мен 
мəдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мəдениеттану концепциясының 
маңызды бөлігі болып табылады.
Социологиялық концепциясы 
– мəдениет анықтамасын идея бірлігі ретінде, адамдардың ұжымдық 
əрекетін қамтамасыз ететін əлеуметтік құралдар ретінде түсіндіруден шығады.
Мəдениеттің технологиялық анықтамасы 
- мəдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық өмір сүрудің, 
нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тəуелді болады.
Мəдениеттің əрекеттілік анықтамасы 
- оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде түсінумен 
қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері, құндылықтар мен 
символдар.
9


*
Мəдениеттің сипаттау анықтамасы 
- оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
*
Мəдениеттің антропологиялығы 
- мəдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар əлемі екендігінде жəне табиғатқа 
қарсы тұру.
*
Тарихилығы
- мəдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде жəне де адамзаттың тəжірибе арқылы 
жинақталған тəжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
*
Л. Уайт. Мəдениет дегеніміз – символдар бірлігі.
*
Мəдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын американдық мəдениеттанушы Л. Уайт берді. Ол оны адам 
барлығында символдарды көре білетіндігі жəне оны қабылдау мүмкіндігімен байланыстырады. Л. Уайт үшін мəдениет 
дегеніміз – ол идеяны, сезімді, əрекетті, сенімді, қарым-қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар, 
көркем шығарма мен оның формасын, т.б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, мəдениет – ол 
ұйымдасқан жүйе, оның шағын жүйесі ретінде технологиялық, əлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. Соңғы екі 
шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Л. Уайт, технологиялық шағын жүйені барлық мəдениеттерге 
детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты. Технологиялық жүйені функцияналдыру динамикалық 
болып табылады жəне энергия шығынымен байланысты, сондықтан мəдениеттің алғашқы функциясы Л. Уайттың 
ойынша - қуатты өндіру мен адам өмірінің қажетіне жарату. Л. Уайт мəдениеттің даму деңгейін адам санына қанша 
қуат алынып пайдаланғаннан, оны пайдалану технологиясының тиімділігінен анықтайды. Осындай байланысты 
мəдениеттанушы мəдениет эволюциясы заңы деп санады, ол кейіннен ғалымның атымен аталды («Л. Уайт заңы»). 
Өзінің гуманитарлық білім тарихындағы басқа кезең болып табылатын «Мəдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Л. 
Уайт мəдениетті мəдениеттанудағы жаңа ғылым пəні ретінде сараптап көрсетеді. Жаңа ғылымның пəндік бағытын 
анықтайды, оның атауын енгізіп, оған жүйелі əдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
*
10


11
*
4. Мəдениет құрылымы. Рухани жəне материалдық мəдениеттің ара қатынасы.
*
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мəдениет бар. Бірақ материалдық жəне рухани мəдениетті бір-
бірінен ажырата білу қажет. Мəдениет материалдық жəне рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани 
өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық жəне рухани мəдениеттің өнімдері – еңбек құралдары жəне 
көркем шығырмалар əр түрлі мақсатта пайдаланылады. 
Материалдық мəдениетсіз рухани мəдениет 
қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі 
материалдық игіліктер арқылы рухани мəдениет таралды. Би, əн айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. 
Ел мəдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мəдени ошақтарға, сəн-салтанатты, барлық жағдайы 
бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мəдениеттің бір саласы. Сөйтіп, 
материалдық жəне рухани мəдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мəдениет – қоғамның 
материалдық жəне рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дəрежесі жоғары болған сайын 
рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, 
қаражаттың жетіспеуінен көптеген мəдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, 
кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, 
төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.


*
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет