Шетелдік жас ерекшелік психологиясындағы мәдени-тарихи бағыт (Анри Валлон тұжырымдамасы) Жас ерекшелік психологиясындағы мәдени тарихи бағыт субъект-орта жүйесіндегі қатынасты баланың дамуы жүретін әлеуметтік контекст тұрғысынан анықтауға ұмтылыс негізінде пайда болды. Бұл бағыт теорияларының қатарынан Анри Валлонның психика дамуы теориясын да жатқызуға болады.
Анри Валлон (1879-1962 бойынша дамудың негізгі шарты – адамдардың қарым-қатынастары мен әрекеттері. Сонымен қатар, заттық дүниедегі бала дамуының маңызды механизмі - еліктеу. Қоршаған адамдармен өзара әрекет негізінде, үлгі бойынша әрекет ету, әлеуметтік модель бойынша әрекет ету. Осыған байланысты әлеумет бала үшін өте қажет. Онда бала стимул мен дамудың мазмұнды әлементтерін меңгереді. Есеюіне байланысты бала мен ересектердің өзара әрекеттерінің сипаты өзгереді. Кішкентай бала үшін сыртқы ықпалдар маңызды болса, ересек адам үшін субъективті құрылымы маңызды. Валлон бойынша даму шаршау мен қандай да бір психикалық қызметтердің пайда болуына әкелетін дағдарыстар арқылы жүзеге асырылады. 3 жас дағдарысы бала дамуында маңызды рөл алады. Баланың әрекеті өзінің дербестігіне ие болуға бағытталады, өзін қоршағандарға қарсы қояды. Олармен конфликтіге түседі. Дж.Брунер дамудың әлеуметтік факторының жетекші рөлін ескеріп, оқыту дамуға апарады, баланы дұрыс қолға алса, кез-келген жаста оны барлық нәрсеге үйретуге болады деген. Егер 9 жасқа дейін жүйелі оқыту болмаса, бала дамуы тоқтайды. Мектептен тыс даму мүлдем болмайды. Бала дамуының деңгейі мен ерекшелігі қоғам мәдениетіне тәуелді. Дамуды түсіндіруде үйрету теориясы үлкен орын алды. Үйрету нәтижесінде моралдық принциптер, әрекет мәнері мен қарым-қатынас тәсілдері меңгеріледі.
А. Валлон психика дамуы туралы теориясында анаболизм және катоболизм ұғымдарын организмге ғана емес бүкіл тұлғаға қолданады. Анаболизм - индивидтің өзінің ішкі күйін өзгертуге бағытталған реакциясы. Катаболизм - қоршаған ортаны өзгертуге мақсатында сыртқы бағытталғын реакциясы. Валлон анаболизм мен катоболизмнің кезектесуі ретінде қарастырады. А.Валлонның әдіснамалық ұстанымы - бала дамуындагы шиеленістер мен қайшылықтарды зерттеу. Бұл арқылы бір сатыдан келесісіне өтуі мен сатылардың өзара байланысының себептері мен шарттарын жетік түсінуге болады.
Психикалық дамудың кілттік қарама-қайшылықтарының бірі - жан мен тәннің, биологиялық және психикалық даму қатынасы мәселесі. А.Валлон пікірінше, психиканы органикамен түсіндіру жеткіліксіз, сонымен қатар ол онсыз түсіндірілмейді. Органикалықтан психикалыққа өтуді түсіндіру үшін ол эмоция, моторика, еліктеу және қоғам ұғымдарының байланысын қарастырады.
Психикалық өмір генезисінде эмоция ең бірінші байқалады. Бала психикалық өмірге эмоциялар арқылы ғана қабілетті болады, өйткені олар баланы қоршаған ортасымен байланыстырады. Бала эмоциялары көмегімен өзінің биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып, эмоциялар арқылы органикалық және психикалықтың симбиозы жүреді. Мысалы, нәрестенің жылауы бастапқыда физиологиялық рекция. Ересек адамдар әсерімен бұл физиологиялық реакция әлеуметтік реакцияға алмасады. А. Валлон тұжырымдамасында эмоция ұғымы «қозғалыс» ұғымымен тығыз байланысты. Әлі тілі шықпаған баланың дене қозғалыстары оның психикалық өмірі туралы мәлімет береді. Оның пікірінше, қозгалыстың қозғалыстың түрлі формаларының ішінде біреуі эмоциялардың көрінуіне, келесілері сырткы ортаға бағытталған.
Психика онтогенезіндегі келесі бір ірі кезең-әрекеттен ойлауға ауысу кезеңі. А.Валлон пікірінше, ол еліктеу арқылы ғана мүмкін болады. Еліктеу арқылы қоғам мен бала психикасының байланысын көруге болады. Бала реакцияларын ересек түсініп, толықтырып, түсіндіре алуы қажет. А. Валлон өз тұжырымдамасында тұлғаның дамуының келесі сатыларын көрсетеді:
Ана құрсағында өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді.
Моторлық импульсивтілік сатысы, бапаның қоректенуі мен қозғалыс белсенділігіне деген қажеттілігімен сипатталады, оның негізінде қарапайым шартты рефлекстер қалыптасады.
Эмоционалдьшық сатысы, қоршаған адамдармен, ең алдымен анасымен қатынас қалыптастырумен сипатталады, бұл дамудың негізгі стимулы.
Сенсомоторлық саты, сыртқы отраға қызығушылықпен сипатталады. Жүру және сөйлеу арқылы баланың қарым қатынас аясы кеңейеді.
Персонализм сатысы үш жас дағдарысы орын алады, «Мен» сезімінің пайда болуы, әрекеттеріндегі дербестік көпшілік назарында болуға деген ұмтылыс.
6. Айырмалау сатысы, өзара қатынастар шеңберінің кеңеюі, өзінің статусын саналау, ақыл-ой қабілеттерінің дамуымен сипатталды.
7. Жыныстық жетілу және жеткіншектік сатысы ішкі қайшылықтар, қоршаған адамдарғы деген қарама қайшылықтар.