Психология кафедрасы


Д.Б. Эльконин бойынша психикалық даму тұжырымдамасы



бет10/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Д.Б. Эльконин бойынша психикалық даму тұжырымдамасы
Д.Б. Эльконин (1904-1984) баланың адамга тән қабілеттері дамуының негізі болатын адамзат іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру мәселелерін зерттеді. Эльконин «бала және қоғам» емес, ал «қоғам ішіндегі бала» формуласын қолдады. Бала туылған сәтінен бастап қоғамдық пенде болып табылады. Баланың психикалық дамуы екі типтегі қатынастар жүйесінде - «бала - қоғамдық зат» және «бала - қоғамдық ересек адам» жүйесінде жүзеге асады. Бала үшін қоғамдық ересек адам заттармен «қоғаммен шығарылған әрекет ету тәсілдерінің», өмір магынасы мен нормаларының иесі болып табылады. Бала мәдениет негіздерін меңгере отырып, өмір жағдайларына бейімделмейді, ал іс-әрекеттің белсенді субъектісі болып табылады. Іс-әрекетті жүзеге асыру барысында балада түрлі психикалық жанақұрылымдар дамиды.
Баланың туганнан бастап 17 жасқа дейінгі даму кезеңдерін Д.Б. Эльконин 1971 ж. жарияланган «Балалық шақтагы психикалық даму кезеңдері» мақаласында алғаш ұсынды. Д.Б. Эльконин бойынша жас кезеңдері келесі көрсеткіштерден тұрады:
1) дамудың әлеуметтік жағдаяты;
2) жетекші іс-әрекет;
3) психологиялық жаңақұрылымдар.
Жетекші іс-әрекет типі негізінде Д.Б. Эльконинин балалық дамудың келесі кезеңдерін бөліп қарастырган.
Д.Б. Эльконин балалық шақтагы даму кезеңдерін былай бөліп көрсетті.
Д.Б. Эльконин бойынша жас ерекшелік даму кезеңдері

Ерте балалық шақ

Балалық шақ

Жеткіншектік шақ

Сәбилік шақ(0-1)

Ерте жас (1-3)

Мектепке дейінгі жас
(3-6)

Бастауыш мектеп жасы (7-11-12)

Жеткіншектік жас (11-12-15)

Ерте жастық шақ (15-18)

Ересектермен тікелей эмоциональды қарым-қатынас

Заттық ма-нипуляивтік іс-әрекет

Рөлдік ойын

Оқу іс-әрекеті

Құрдастарымен интимдік-тұлғалық қарым-қатынас

Оқу-кәсіби іс-әрекет



Д.Б. Элькониннің тұжырымдамасында әр сатыда жас ерекшеліктің дамуы іс-әрекеттің жетекші типі арқылы өтеді. Бала не қоғамдық заттар әлемімен араласады, не қоғамдық ересектер әлемімен араласады.
Бала өмірінің бір жасының аягына қарай пайда болатын психологиялық жаңақұрылымдар дамудың әлеуметтік жағдаятын құруга қажеттілік тудырады. Бұл жагдаят баланың ересек адаммен бірлескен іс-әрекеті. Бұл бірлескен іс-әрекеттің мазмұны - алғашында балаға ашылған, ал кейін оның әлемі болып қалган заттарды қолданудың қоғамдық шыныққан тәсілдерің меңгеру. Ерте жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы мынадай «бала-ЗАТ-ересек». Бұл жаста бала тек затпен ғана айналысады.
Бала мен ересектің бірлескен іс-әрекетінің әлеуметтік жағдаятының өзінде қарама-қайшылықтар болады. Бұл жағдаятта әрекет ету тәсілі ересек адамдікіндей, сондай-ақ жекедарақ әрекеттерді де орындау қажет. Бұл қарама-қайшылық ерте жаста туындайтын іс-әрекеттің жаңа типінде шешіледі. Бұл заттармен әрекет жасаудың қоғамда қалыптасқан амалдарын меңгеруге бағытталған заттық іс-әрекет. Бұл жаста қарым-қатынас жасау заттық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы болады. Ол іс-әрекет болудан қалады, өйткені мотив ересек адамнан қоғамдық затқа ауысады. Заттық іс-әрекеттермен байланысты болатын қарым- қатынас тек қана эмоционалды бола алмайды. Ол заттық қатынасы бар сөзбен жанамаланған болуы керек. Заттық әрекет негізінде барлық психикалық әрекеттер дамиды. Сондықтан заттық әрекетті түсіну дамуды түсіну деген сөз.
Эльконин бойынша жастық кезеңдер екі мумкіндіктердің - мотивациялық-қажеттілік және операционалдық-техникалық мүмкіндіктердін кезектесіп дамуымен бірге жүреді. Жастық дағдарысқа ұқсас жағдаят пайда болганда, яғни тұлғалық дамудың қол жеткізген деңгейі мен баланың операционалдық- техникалық мүмкіндіктері арасында сәйкессіздігі кезінде дамудың бір кезеңнен екіншісіне өтуі жүреді.
Ересектердің тұлғалық ерекшеліктері мен қатынастарын баланың меңгеруі оларды қайта жаңғырту немесе модельдеу арқылы жүреді. Бұл үшін қолайлы жағдайлар, әсіресе, баланың әр түрлі әлеуметтік топтардағы балапармен сюжеттік-рөлдік ойындарында және осы үрдістегі қарым-қатынаста қалыптасады.
Нәрестелік жастың жетекші іс-әрекеті - анасымен тікелей- эмоционалды қарым-қатынас. Бала өмірінің екінші айында пайда болатын жандану комплексі баланың ересектермен қарым- қатынас жасауының күрделі және алғашқы формасы.
Нәрестелік шақ пен ерте балалық жас шекарасында заттық әрекеттерге, практикалық, яғни сенсомоторлық интеллекттің қалыптасуына ауысу жүреді. Сонымен бірге баланың ересектермен қарым-қатынастың вербалды формалары дамиды. Ерте балалық шақтағы жетекші іс-әрекет - заттық-манипулятивтік іс-әрекет.
Алайда бала сөйлеуді ойлау құралы ретінде емес, ал коммуникация құралы ретінде қолданады. Осы уақыт кезеңіндегі заттық әрекеттердің өздері де баламен тұлғааралық байланыстарды жақсарту тәсілі ретінде пайдаланады. Өз кезегінде қарым- қатынас баланың заттық әрекеттерімен жанамаланған.
Мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет - ойын. Ойын бала мінез-құлқын және психикасының барлық жақтарын дамытуга мүмкіндік беретін рөлдік формада болады. Баланың психикалық дамуы үшін ойынның басты мәні - бұл ойынның ерекше тәсілдері, яғни ересек рөлін қабылдауы, ересектердің қоғамдық еңбек функцияларын орындауы арқасында және де көптеген заттық әрекеттердің символикалық сипаты, яғни мағынаның бір заттан екіншісіне көшірілуі арқасында бала ойындарында адамдар арасындағы қатынастар моделденеді. Рөлдік ойын қарым- қатынас жасау мен заттық іс-әрекетті біріктіреді.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуында жетекші рөлді оқыту атқарады. Оқыту процесінде интеллектуалдық және танымдық қабілеттердің қалыптасуы жүреді; оқыту арқылы қоршаған ересек адамдармен баланың барлық қатынас жүйесі жанамаланады.
Жеткіншек жаста еңбек іс-әрекеті және интимді-тұлғалық қарым-қатынас формасы пайда болады және дамиды. Бұл кезде балалардың белгілі бір іске бірлескен қызығуы түрінде болатын еңбек іс-әрекетінің рөлі ол балалардың болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығынан тұрады. Қарым-қатынастың міндеті - достықтың қарапайым қағидаларын анықтау, меңгеру.
Жоғарғы мектеп жасында да жетекші әрекет интимді-тұлғалық қарым-қатынас. Алайда жоғарғы сынып оқушыларында өмірге деген, қоғамдағы өз орнына деген көзқарастар дамып, болашақ мамандығын таңдау, кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау жүзеге асуына байланысты жетекші іс-әрекеті оқу-кәсіби іс-әрекет болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шетел жас ерекшелік психологиясының пайда болуы.

  2. Дамудың психоаналитикалық теориясы.

  3. Дамудың когнитивті теория.

  4. Кеңестік психологиядағы психикалық даму теориялары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет