Психология кафедрасы



бет18/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Жеті жас дағдарысы
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.
Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезде баланың ақьл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені, ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүнесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.
Мектеп жасына дейінгі баланын дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігінін күрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.
Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен әлдеқайда күрделі сипатта болады.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді. Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңі болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді. Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресс өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағьна қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылыса тән мінез және онын ұяндықтан ажырап, өзіндік ерекшеліктерін сыртқа шығару белгілері болып саналады.
Жеті жастағы баланын дағдарысының ең басты көрініс- оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты актер Ч.Чап-лин орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек адам-дардың ролін ойнағанда өзін ерекше балалың аңғыртгықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі әрекетгерінің сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездік жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойнның сапалық деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі — әрбір нәреснің мән-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенің мазмұньн ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түснікті болатын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі ерекшелік — оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Қабылдайтын әсерлер комплексті түрде ішкі әсерлермен бір мезгілде ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін. Адамның сыртқы әсерді қабылдауын миы зақымданған ауру қабылдауымен салыстыру керек. Оңдай ауру адамға сағатты көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді. Ол сағатга көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. Егер сіз сағатты сырқттың көзінше бұрап немесе оның жүретінене көз жеткізу үшін құлағыңызға тақап тыңдасаңыз, немесе уақытты білу үшін оған қарасаңыз ауру адам бұл сағат болу керек дейді. Ол көрген затты сағат деп пайымдайды, Ал біз үшін сағаттың уақыт өлшеуші құрал екендігі санамызда мықты ұялайды, Сонымен, қабылдау көрнекі ойлаудан ажыратылмайтын қасиет сияқты. Көрнекі ойлау процесі затты түсінумен қатар. сүреді. Егер мен мына зат сағат десем, содан кейін бұған ешқандай ұксамай мұнарадағы әлде бір сағатты көріп, оны да ағат деп атасам, онда мен бұл затты белгілі бір заттар тобына қататын нәрсе деп ұғынамын. Қысқасын айтқанда, әрбір нәрсенің бейнесін қабылдауда жинақтау сипаты болады. Сонымен бірге, қабылдау процесінің біздін танымымыз бойынша, оның үнемі мағыналық сипатга болып отыратындығына көзіміз жетеді. Осы орайда қабылдаудың өзіндік талғамалы болатындығын да атау керек. Мысалы, мен сағатты оның жанында жатқан заттар құрылымында ғана емес, сол сағаттың өзін жеке зат ретінде қабылдап білемін.
Адамның мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады. Бала шахмат тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай білмесе де, әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс ретін, құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше әрехет жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын сияқты болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі оның пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка — біртұтас ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай тайымдауының өзгеше құрылымда екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы.
Біз қоршаған әлемді шахматшының шахмат тақтасы тұтас түріндегі әсеріндей қабылдаймыз. Біз заттардың көршілес немесе бөлек-бөлек тұрған жағдайын ғана емес, сонымен бірге барлық түйсіктер байланысты түрде белгілі қатынаста деп қабылдаймыз.
Дыбысты тілде тек атаулар ғана емес, сонымен бірге заттарды мағынасы да бар. Сәби заттардын мағынасынан көрі өзі ме басқалардың әрекеттерін, ішкі көңіл-күйін де («Менін ұйқы келді», «Тамақ ішкім келді», «Мен тоқып тұрмын») сөз аркылы өте ерте білдіре бастайды. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланьш, көңіл-күйін де сөздермен атауға, оларды өзар байланыстыра алуды үйренеді. Сөздермен байланыс жасау қара пайым құрама ғана емес; ол әрқашан да жиынтық түсінікті біл діреді. Кез келген сөз затгың бірлігін білдіре бермейді. Егер қазір суық болып тұр десек, ал бір күннен кейін, тағы да солай десе суықты жекелей сезінудің өзі жинақтау әрекеті болып шығады Сөйтіп ішкі көңіл-күйін білдіретін процесс жалпылық мағынаға ие болады.
Сәби бөлме ішіндегі заттарды: орындықтарды, столды жеке-жеке қабылдай алмайды, оңың ересектерден айырмашылығы сол заттардың бәрін тұтас түрінде қабылдайды. Ал ересектер көз алдындағы заттардың бәрін даралап көреді жән солай қабылдайды. Жас сәби өзіне дағдылы өмір әсерін қалай қабылдайды? Ол қуанады, ренжиді, бірақ өз қуанышының мәнін ұғына алмайды. Қарны ашып тұрса да, оған түсіне алмайды Аштықты сезінуді және «мен ашпын» дегенді түсіну арасында үлкен айырмашылық бар. Жас сәби өз басындағы күйін аңғарып біле алмайды.
Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуаңдым» «мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал үш жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жеті жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер көріне бастайды.
1. Өмір тәжірибесінің әсерінен бала басынан кешірген нәрселердің мәнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі қалыптасады. Әрбір жаңа жүріс сайын тастар арасындағы жаңа байланыстардың пайда болатыны сияқты, баланың тіршілігі әрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан келіп жеті жастағы баланың танымдық әрекеті жаңа сипатқа ие болады.
2. Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерін даму жағдайын түсінерлік дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысысына күледі. Өз басынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш біддіреді. Ал арадан көп уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген сәтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді. Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып, оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алайда ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану сезімдері қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы ерекшеліктерін әр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы сезіне алатын болады. Жеті жастағы баланың дағдарысы осы өз басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мәнін түсіне алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол өзінің мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен алшақ жатады. Осыдан келіп жеті жасқа қарай баланың бойында бірқатар күрделі құрылымдар пайда болады. Алайда мұндай өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан түбегейлі түрде ерекше сипатта болады.
Баланың бойында пайда болған жана құрылымдар нәтижесіңде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары біртіндеп жойыла бастайды; Жеті жастағы дағдарыс кезіңде балада ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында оның тұңғыш маңызды түсіну ерекшеліктері қалыптасып, енді тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі күресі де пайда болады. Конфеттің тәттісін алу керек пе, әлде оның байқалғанымен белгілі тұжырымға тоқтау қабілеті әлі де тұрақты сипат ала қоймайды. Сондықтан олар әсерлердің қарама-қайшылығын іріктеуінде солқылдақтық көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде кездесе қоймайтын тәрбиесі қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезеңде бала өз басын бағалау маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын алатынын ол әлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол өзінің Ішкі қайшылықтарының мән-мағынасын түсіне алмайды. Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі ерекшеліктерінен ажырап, дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ басады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойыңда жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді.
Баланың даму ерекшеліктерін зерттей отырып, енді ол жайыңда ғылымға жаңаша түсінік ендіруге тура келеді. Мұңдай талап баланың әлеуметтік ортаға деген қатынасын жете зерттеп, оның мәнін неғұрлым тереңірек аша тусуді қажет етеді. Бұл қажеттілік әсер ететін жайттарды ұштастыра отырып, зерттеу деген сәз. Алайда, өмір тәжірибесінде бұл факторларды алдымен даралап қарастырып, содан кейін оларды бірінен сон бірін байланысты деп қарастыру етек жайып келгенді.
Балалық шақтың қиын кезеңдерін зерттегенде мәселенің түпкі мәнін құрайтын не? Басты роль неде? Баланың бітімі ме, әлді ортаның жағдайы ма? Генетикалык сипатын психологиялық жағдайы ма, әлде дамудың ішкі шарты ма? деген мәселелердің мәнін анықтап алуды қажет етеді. Шынында баланың дағдарыс кезеңінің тіршілік ортасына деген ішкі қатынасын мынадай екі түрлі жағдаймен ашып көрсетуді мақсат етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет