Мектептегі оқуға тұлғалық және интеллектуалдық дайындық. Мектепке психологиялық дайындық – еріктілік, мотивациялық және интеллектуалдық аялардың жоғары даму деңгейін қамтитын күрделі ұғым. Әдетте психологиялық дайындықтың екі аспектісі – мектепке тұлғалық (мотивациялық) және интеллектуалдық дайындық ажыратылады. Баланың оқу әрекеті табысты болуы үшін, әрі жаңа жағдайларға тезірек бейімделіп, қатынастардың жаңа жүйесіне проблемасыз өту үшін екі аспектінің де маңызы өте зор.
Баланың өзі қаламаған нәрсені үйретудің қаншалықты қиын екені көпшілікке мәлім. Баланың үлгерімі жоғарылауы үшін бала ең алдымен жаңа мектеп өміріне, «байсалды» сабақтарға, жауапкершілікті талап ететін тапсырмаларға ұмтылуы керек. Нәтижесінде баланың бойында оқушының ішкі ұстанымы қалыптасады. Әуелгіде балаларды мектеп өмірінің жаңа атрибуттары: түрлі-түсті портфельдер, әдемі қаламдар, пеналдар т.с.с. қызықтырады. Жаңа әсерлерге, жаңа жағдайлар, жаңа достарды табу мұқтаждығы туындайды. Тек содан соң ғана оқуға, жаңа білімдерді меңгеруге талпыныс пайда болады.
Баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылысы – кіші мектеп жасындағы көптеген психологиялық ерекшеліктердің қалыптасу алғышарт және негізгі болып табылады. Осы ерекшеліктердің негізінде оқу міндеттеріне жауапкершілік қатынасы дамиды.
Оқуға жалпы қатынастан бөлек мектепке түскелі жүрген бала үшін мұғалімге, құжаттарына және өзіне деген қатынасы маңызды. М.И.Лисинаның сипаттамасы бойынша, мектепке дейінгі шақтың соңында бала мен адамның арасында жағдайдан тыс-тұлғалық қатынас формасы қалыптасуы тиіс. Ересек адам еліктеу үлгілісіне айналды. Оның талаптары орындалып, оның ескертпелеріне ешкім ренжімейді, керісінше қателіктерін түзетуге, дұрыс орындалмаған жұмысты жөндеуге тырысады. Осы тұрғыда мектептік оқытуға дайын бала оқу қатынасының шарттылығын түсінеді және мектеп ережелеріне бағына отырып, сабақтарда адекватты мінез танытады.
Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі баланың мұғаліммен ерекше қатынастарын ғана емес, сондай-ақ басқа балалармен айрықша қатынастарды қамтиды. өз мағынасы жағынан оқу қызметі – ұжымдық қызмет. Оқушылар бір-бірімен іскерлік қатынасқа, сәтті өзара әрекет ете білуге, өзара ете білуге, өзара оқу қызметтерін орындауға үйренуге тиіс. Құрдастармен жаңа қарым-қатынас формасы мектептік оқытудың ең басында қалыптасады. Кішкене оқушы үшін бәрі күрделі, құрдастармен араласудан бастап сұрақтарға жауап беруге дейін қиын.
Мектепке тұлғалық дайындық өзіне нақтылы қатынасты қамтиды. Өнімді оқу қызметі баланың өз қабілеттеріне, жұмыс нәтижелеріне, мінез-құлқына, яғни өзіндік сананың нақтылы даму деңгейіне адекватты қатынасты қамтиды. Оқушының өзіндік санасы асырмалы және дифференциалды болмауы керек.
Осылайша мектепке оқытуға тұлғалық дайындықтықтың құрамды компоненттері оқушының ішкі ұстанымы, оқуға талпынысы, оқуға, құрдастарына, өзіне деген оңды қатынас болып табылады.
Мектепте оқуға интеллектуалды дайындық ойлау процестерінің – объектелерді салыстыру, оларды жіктеу, сәйкестендіру айырықша белгілерін ажырату, себеп – салдарлық байланыстарын анықтау, қорытындылар жасау қабілеттерінің дамуымен байланысты. Мектептік оқуға интеллектуалды дайындық дәрежесі балалардың дербес даму ерекшеліктерінің деңгейі арқылы айқындалады.
Бала тұлғасының ойлау қызметінің нақтылы даму деңгейі де маңызды. Ерекше мән бақылауға, абстракциялық тәсілдерге, салыстыру мен сәйкестендіруге бөлінеді. Заттар мен құбылыстар әлемі туралы сан алуан ақпаратты бірыңғай көзқарастар жүйесіне біріктіретін ішкі шарттарды құраушы процестерге ерекше зейін аударылады.