Мектептегі оқуға тұлғалық және интеллектуалдық даярсыздық. Ғалымдар Е.Е. және Г.Г. Кравцовтардың деректеріне сүйенсек, жеті жасар бірінші сынып оқушыларының шамамен үштен бір бөлігі мектепке жеткілікті түрде дайын емес. Алты жасар балалар жағдайы бұдан да күрделі. Олардың арасында мектептегі оқуға дайын балалар бар, бірақ олар тым аз.
Сәтті оқу бастамасымен байланысты мектепке психологиялық дайындық балаларды дамытудың ең қолайлы нұсқасын анықтайды. Бірақ, көбірек немесе азырақ түзету жұмыстарын қажет ететін басқа даму нұсқаулары да кездеседі.
Балалар мектепке түсерде психологиялық дайындықтың қандай да бір компонентінің жеткілікті қалыптаспауы жиі анықталады. Көптеген педагог-психологтар оқыту процесінде тұлғалық механизмдерден көрі интеллектуалдық механизмдерді дамыту әлдеқайда жеңіл деп есептейді. Мүмкін бұл дұрыс та шығар. Қалай десек те, балалар мектепке тұлғалық тұрғыда дайын емес жағдайда мұғалімде өте күрделі проблемалар кешені туындайды. Н.И.Гуткина көрсеткендей, мектепке жазылған алты жасар балалардың жартысынан кемі (40% шамасында) оқушының ішкі ұстанысына ие, ал қалғандарында мұндай ұстаным жоқ.
Оқуға тұлғалық дайын емес оқушылар қол көтермей, әрі бір-бірінің сөзін бөліп, бірыңғай жауап береді, өз сезімдерімен және ішкі ойларымен бөліседі.
Оқуға интеллектуалдық даярсыздық басым болса, оқу әрекеттері сәтсіз басып, түсінбеушілікке және мұғалімінің барлық талаптарын орындамауға, сәйкесінше төмен бағаларға әкеледі. Бұл бірінші кезекте мотивацияға әсер етеді, яғни бір әрекет жүзеге аспаса, бала оны істегісі келмейді. Интеллектуалдық даярсыздық кезінде сан түрлі балаларды дамыту нұсқалары дамуы мүмкін. Сондай нұсқаның бірі- вербализм («вербальды сөзінен алынған – «сөздік» деген мағынаны білдіреді).
Вербальды сөйлеудің жоғары даму деңгейімен және қабылдау мен ойлаудың жеткіліксіз дамуы аясындағы жадының жақсы дамуымен байланысты. Осындай балалардың тілі ерте және интенсивті түрде дамиды. Олар күрделі грамматикалық конструкцияларды меңгеріп, көлемді сөздік қорға ие болады. Осыған байланысты оларды жиі вундеркиндтер деп те атайды. Дегенмен, таза вербальдық қатынасқа ден қойған балалар практикалық қызметке, ойындарға жеткілікті түрде қосылмайтындықтан, ойлауы бір жақты дамып, балалар үлгі бойынша жұмыс істей алмайды, ал мұның өзі мектепте жақсы оқуға мүмкіндік бермейді. Осындай балалармен коррекциялық жұмыстар түрлеріне – ойынға, құрастыруға, сурет салуға және т.б. бейнелі ойлаудың дамуына ықпалын тигізетін қызмет түрлеріне оралуды талап етеді.
Мектепке психологиялық дайындық – бүтін ғылымның ерекше жүйесі. Дамудағы бір компоненттің кешеуілдеуі ертелі ме, кеш пе, басқа компоненттердің кешеуілдеуіне әкеледі. А.Л.Венгер сипаттап өткен 6-7 жасар балалардың үш түрлі даму нұсқасына тоқталайық.
Қауіптілік – жағдайлық және тұлғалық ерекшелік. Мұғалім немесе ата-аналар тарапынан баланың оқу қызметіне көңіл толмаушылық күшейген (ескертпелер, сындар айту, төмен бағалар қою) жағдайда жоғары қауіптілік тұрақты сипатты иеленеді. Мысалы, бала қалып, үлгерімі нашарласа, оған оқу процесіне қайта ену қиынға соғады. Егер уақытша қиындықтар ересектердің көңіл толмаушылығын туғызса, қауіптілік, яғни бір нәрсені жаман не қате орындап қою қауіпі пайда болады. Дәл осындай нәтиже ата-аналар үлгерімі жақсы балаға жоғары, деңгейінен асырмалы талаптар қойғанда да орын алады.
Қауіптілік және онымен байланысты төмен өзіндік төмен бағалаудың күшею салдарынан оқуда жетістіктер төмендеп, өзіне сенбеушілік беки түседі. Өзіне сенбеушілік басқа да бірқатар ерекшеліктерге алып келеді.
Дамудың екінші нұсқасы – негативті (кері) көзге түсушілік. Көзге түсушілік – айналасындағылардың өзіне жоғары көңіл бөлуімен байланысты тұлғалық ерекшелік. Осы қасиетке ие болған бала өзін өзгелерден жоғары сынайды. Оның мінезі, эмиоционалдық реакциялар басты мақсатқа, яғни өзіне назар аудартуға қол жеткізудің басты құралы ретінде әрекеттенеді. Жоғары қауіптілікке ие бала мәселесі – ересектердің үнемі көңіл толмаушылығы болса, көзге түскіш бала үшін басты проблема – мадақтаудың жетіспеушілігі болып табылады.
Шындықтан алшақтау - қолайсыз дамудың тағы бір нұсқасы. Ол балалардағы қаіпсіздік және көзге түсушілік үйлескен жағдайларда байқалады. Балалар өздеріне көңіл аударғанды қалайды, алайда оны жүзеге асыра алмайды. Олар көзге көп түсе бермейді, ересектердің талаптарын орындауға ұмтылады және мінез-құлқы арқылы көңіл толмаушылықты туғызудан қауіптенеді. Уақыт өте келе күшейетін осы ерекшеліктер әдетте инфантильдылықпен өзіндік бақылаудың жоқтығымен үйлеседі.
Қорыта келгенде, даму деңгейі жағынан алты жасар балалар – мектеп жасына дейінгі оқушылар. Осы жастағы балалардың оқу қызметіне енуі ерекше жағдайларды - «мектепке дейінгі» режимді, оқытудың ойындық әдістерін және т.б талап етеді. Алты жасар баланың бірінші сыныпқа қабылдануы жөніндегі мәселе баланың мектепке психологиялық дайындығы ескеріле отырып, дербес түрде шешілуі керек.
Мектептегі оқуға психологиялық дайындық – баланың мотивациялық, интеллектуалдық және еріктілік жағынан жоғары даму деңгейін қамтитын ғылым жүйесі. Психологиялық дайындықтың бір компонентінің дамудағы кешеуілдеуі оқушылардың үлгермеушілігіне соқтыруы ықтимал.