Психология кафедрасы


Ф.Герцбергтің екі  факторлы теориясы



бет11/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

Ф.Герцбергтің екі  факторлы теориясы
Мотивацияның іс-жүргізу теориясы: Күту (үміттену) теориясы Әділеттілік теориясы Портер-Лоулер моделі
В.Врумның күту (үміттену) теориясы

  • Күту (үміттену) теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді. Күту (үміттену) – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның бағалауы. Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын көрсетеді: 

  • еңбек шығыны – нәтижелер;

  • нәтижелер – марапаттау;

  • марапаттау – валенттілік (марапаттауға қанағаттану).



4 дәріс. Тұлға туралы түсінік
Сабақтың жоспары:
1.Тұлға жөнінде жалпы ұғым.
2. Адам (индивид), тұлға, жекедаралық .
3.Тұлға құрылымы және теориялары.
4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
5 Тұлғаның өзіндік санасы.

Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады. Алайда «тұлға» ұғымы жалғыз психологиялық ғана емес оны басқа да қоғамдық ғылымдар зерттейді. Олардың ішінде философия, социология, педагогика және басқа да ғылымдар бар.


Тұлға деген кім дегенде психологтар әртүрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. И.С.Конның пікірінше «тұлға бір жағынан іс-әрекет субъектісі ретінде нақты индивидті (адамды), оның әлеуметтік рөлдері мен индивидуалды қасиеттерінің бірлігінде түсініледі, басқа жағынан тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеті ретінде, басқа адамдармен тура және жанама өзара әрекет процесінде еңбектің, танымның және қарым-қатынастың субъектісі ретінде сол адамның интеграцияланған әлеуметтік мәнді қырлардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Тұлға қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәнді болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам.
Тұлға – еуропалық тілмен персона деп аталады. Бұл сөздің шығуы тарихта жасырын болды. Латын тілінде персона этрусск мәдениетенен келген. Этрусск – Римді VI ғасырға дейін жаулаған Аппенин жарты жағалауының солтүстік-батыс бөлігінің елді мекені. Б.э.д. ІІІ ғасырда Римді этрускілер басып алды, осы мәдениеттен латын тілінде кейбір терминдер қалған, солардың бірі персона (реrsona) «термині». Бұл сөз, көне театрда актерлар киген масканы және граматикалық субъектіні білдіреді. Психология ғылымында тұлға деп басқа адамнан айырмашылығы бар, көзге түскен, дарынды адамды айтпайды, бірақ белгілі бір жастан бастап кез келген адамды айтады. К.К.Платоновтың ойынша, «тұлға ол күй...рух пен жан, ол бірде берілетін құрметті атақ емес. Ол өз бейнесін жоғалтуы мүмкін, адамның намысын жоғалту мүмкін...тұлға ішкі және сыртқының гармониясы, интеграциясы, қосылуы».
Тұлға психологиясына не кіреді. Тұлға психологиясындағы анықтамалардың көптігі, әркелкілігі, олардың дәл еместігі деген сұрақтар негізсіз. Біз тұлғаның құрылымын айтпай ол туралы нақты сұрақтарды талдай алмаймыз. Өмірге жаңа келген нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оны мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, тонжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, кісінің аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде «Он үште отау иесі» (қыз балалар үшін ), «Он бесте отау иесі» ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез-келгенді кісі дей атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматгық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Тұлғаның жеке басынының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке тұлғаның өмірінің бағытын көрсететін компоненттер өте көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейiн ие бола алмайды. Өйткенi, кiсi болып, ержету үшiн бала оңы мен солын, өзiнiң "менiң" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата бiлуi тиiс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектердi кiсi, тұлға деп айту қиын. Есейiп, ер жетiп, өз бетiнше әрекет ете алатын адамды ғана кiсi, не тұлға деймiз. Қандай да болмасын бiр iспен айналысатын, азды-көптi өмiр тәжiрибесi, бiлiмi мен дағдысы, икемi, дүние танымы, сенiмi мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мiнез, қабiлетi бiр сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзiнiң iс-әрекетiн тiзгiндей бiлетiн, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшiн жауап бере алатын адамды да кiсi, не тұлға деймiз. Тұлғаның түрлерi сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерiмен қатар жауыз, керiтартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкiлдерi болады. Мәселен, бүкiл әлемдi қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бiр көрнiсi халқымыз ерекше қастерлейтiн кiсiлiк ұғымы, тұлғаның аса өнегелi түрiне жатады. Төл тiлiмiзде "Он үште отау иесi" (қыз балалар үшiн), "Он бесте отау иесi" (ұл балалар үшiн) дейтiн аталы сөз бар екенi де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмiр талабынан, ауқымы кең тыныс-тiршiлiктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кеç келгендi кiсi деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, ес жиып, етек жабу нәтижесiнде бiртiндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кiсiлiк, кескiн-келбетi, адамшылықтың өлшемi деп түсiнген.
Кiсiлiктiң түрлiше деңгейi болады. Оның жаман, жақсысы, көргендi, көргенсiзi, өнегелi, өнегесiзi, т.б. түрлерi болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта бiлген пенделердi ғана пiр тұтқан, адамгершiлiғi төмен, не одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсiз" деп иттiң етiнен жек көрген. Ондайлар кiнәлi әрi күнәлi деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кiсiлiктiң басты белгiлерiнiң бiрi - ар-ұятқа кiр келтiрмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кiсi ғана биязы, ақжарқын, иманжүздi, ақыл-парасатты келедi.
Халық түсiнiгiнде мiнез-құлықтың әр түрлi жағымды жақтары "кiсiлiк" ұғымының төңiрегiне топтасады. Кiсiлiктiң басты белгiлерi: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейiрiмдiлiк пен қайырымдылық, iзеттiлiк, адамдық пен шыншылдық, iлтипаттылық пен кiшiпейiлдiлiк. Қазақ дәстүрiндегi үлкендi сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған мiндеттi түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын берiп, кiсiнiң көңiл-күйiне қарап, орынсыз сөзге араласпау кiсiлiкке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшiн ең алдымен оның әлеуметтiк жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесi, қандай таптың өкiлi екендiгiн, нақтылы кәсiбiн, бiлiмiн, iс-тәжiрибесiн бiлуiмiз қажет. “Әлеуметшiлiксiз,— дейдi X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекетi болуға мүмкiн емес... Оңды әлеуметшiлiк құру үшiн елдiң өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек”. Осы айтылғандар бiзге оның психиологиясы туралы белгiлi пiкiр айтуға мүмкiндiк бередi. Жеке адамның өмiр бағытын көрсететiн компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейiмдiлiк пен қызығулар, дүниетаным мен сенiм, мұрат пен талғам.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетiн өтеуге талаптандыратын бiр түрткi болады. Бұл түрткiнi психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектiнiң себебiн бiлмей тұрып, адамның бiр мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мiнез-құлқының мән-жайын толық түсiну қиын болады.
Түрлi жағдайлардың әсер етуiне қарай адам психология әртүрлi өзгерiске түсiп отырады. Осыған орай, оның түркiлерi де, мақсатқа жету үшiн қажеттi шаралары да өзгерiске түседi. Түрткiнiң өзгеруi iс-әрекеттiң бағыт-бағдарына нәтижесiне әсер етедi. Мәселен, қоғамдық мәнi күштi түрткi iс-әрекет нәтижесiне ерекше әсер етедi.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтiн негiзгi қозғаушы мотив — оның түрлi қажеттерi, яғни бiр нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттерi қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесiнде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмiр сүруi үшiн ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киiм, еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекетi еңбек құралдарымен пайдалану секiлдi негiзгi материалдық қажеттерi бiртiндеп дами келе, қажеттердiң жаңа тобын — рухани қажеттердi (бiлiм, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердiң дамуы — материалдық қажеттерiнiң қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерiнiң дамуы — тарихи дамудың елеулi бiр кезеңi. Олар адамның алдына әр түрлi мақсаттар қойып отыруына себепшi болатын негiзгi түрткiлер. Адам өзiнiң қажеттерiн өтеу үшiн бар мүмкiндiгiн пайдаланады. Бұл оны белсендi түрде iс-әрекет iстеуге талпындырады. Оның қажеттерi саналы әрекетiнiң нәтижесiнде бiртiндеп өтелiп отырады. Адам өз қажетiн өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейiн барады. Қажеттердiң өтелу, өтелмеуi адам психологиясына, оның, күйiнiш-сүйiнiшiне әсер етедi. Қажеттер орындалу тәсiлiне қарай кiсiде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезiмдерiн туғызады. Қажеттердi өтеу арқылы адам тиiстi құралдарды iздестiрiп солардың күшiмен, түрлi теориялық, практикалық сипаттағы мәселелердi шешуге мүмкiндiк алады. Өйткенi қажет-адамның ойлау қызметiн тудыратын негiзгi себептердiң бiрi болып табылады, бiлдiрiп қана қоймай, ол заттарды өз қажетiне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етедi. Олай болса, адамдардың қажеттерi — iс-әрекетiнiң негiзгi мотивтерi, яғни оның психологиясының қайнар көзi, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсiресе, табиғи қажеттер) өмiр сүрудiң, тiршiлiк етудiң арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмiр сүру үшiн тиiстi жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тiршiлiк ете алмайды. Адам өмiрi үшiн рухани қажеттердi өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердiң өтелмеуiнен адам көп қиыншылық көредi, өйткенi бұл оның сана-сезiмiнiң өсуiне кедергi келтiредi. Қажет жануарларда да бар. Бiрақ бұл — биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттерi — олардың қоректенетiн заттарын iздестiруiнен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән iздеп зыр жүгiредi. Ит қожасын көргенде тiлiн салақтатып, аузынан сiлекейiн шұбыртады. Мысық мұрнына еттiң иiсi келгенде елең ете түседi де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтiп, аң бiткеннiң бәрi өз қажетiн өтеу үшiн әрекеттенедi. Мұндай қажет аңдарға туа бiтедi, олар шартсыз рефлекстiк сипатта болады.
Қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсендiлiкпен танып, бiлуге бағытталған адамның бiршама тұрақты жеке ерекшелiгiнiң бiр көрiнiсi. Сонымен қатар, қызығуда бiр нәрсенi ерекше таңдап, соған зейiн қойылады. Адамды елiктiрiп, өзiне тартқан нәрсенiң бәрi қызығудың объектiсi болып табылады. Қызығудың физиологиялық негiзi —“Бұл не?” дейтiн рефлекс. Мәселен, бiреудi “футболға қызығады” десек, ол адамның футбол ойынына үнемi баратынын, футбол жөнiндегi кiтаптарды оқып отыратындығын, бiреумен әңгiмелесуде де, көбiнесе, осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуiр көретiнiн байқаймыз. Сөйтiп, адамның қызығуы бiр нәрселерге асыра зейiн қоюдан, оған құмартудан, соны үнемi ойлаудан көрiнiп отырады.
Қызығулар да бейiмдiктер тәрiздi балалардың кiшкентай кездерiнде ерекше байқалады. Мәселен, кейбiр балалар кiшкентайында автомобильге, тракторға жалпы - техника атаулыға әуесқой келедi. Мұндай балалардың есi-дертi машина болып, уақытының көбiн соның айналасында өткiзедi, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейiн осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегi сияқты пәндердi бар ықласымен оқиды, ал мектеп бiтiргеннен кейiн сол балалардың бiразы жасынан өзi жақсы көретiн техника саласында нәтижелi жұмыс iстеп, өз қабiлеттерiн жақсы көрсетедi. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделi. Ол ең алдымен өзiнiң көлемi жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бiр адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келедi де, екiншi бiреудiкi керiсiнше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-ерiсi тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестiруге болады. Мәселен, “Шинель” әңгiмесiндегi Акакий Акакиевич қағаз көшiрудi өз өмiрiнiң негiзгi арқауы еткен. Ол тiптi қызметтен қайтқаннан кейiнгi бос уақытының барлығын қағаз көшiрiп жазуға арнайтын болған, осы iсiне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкiн. Бiрақ осылардың iшiнде басты бiреуi, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсiресе, оқу әрекетiне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлi, күштi, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруiне, бiлiмдi терең алуына көп жәрдем тигiзедi. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерiнiң дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөндi көрiнбеуi оның өмiрiн мазмұнсыз етедi. Мұндайда ол енжар болып, iшi пысады, зерiгiп, берекесi кетедi. Қызығудың мазмұнды әрi кең, өрiстi болуы оның басты ерекшелiктерiнiң бiрi. Мұнысыз адамның рухани өмiрi дамымайды. К. Маркс бiр сөзiнде: “Адамға лайықтың бәрi де маған жат емес” деген екен. Бұл қызығуы жан-жақты дамыған адамның ғана айтатын сөзi. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана iс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, iсi әр уақытта да берекелi болады. Кейбiр адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бiр де бiреуiне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай “көрсе қызар” әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етедi. Егер осы әдет бойға сiңiп кеткен болса, бұл — үлкен кемшiлiк. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтiң қай саласында болмасын пәрмендi еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкiл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе бiлуге, небiр ауыртпалықты көтере бiлуге жәрдемдеседi.
Қызығулар өзiнiң мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсiптiк, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т. б. болып келедi. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бiрнеше түрге бөлiнедi. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т. б.); кәсiптiк қызығулар сан салалы кәсiптiң түрлерiне байланысты, (эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнерi т. б.) бөлiнiп жатады.
Адам объектiге түрлi мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тiкелей және жанама болып екiге бөлiнедi. Тiкелей қызығу айналадағы нәрселердiң тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу — бұл әрекеттiң түпкi нәтижесiн қажетсiну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына бiртiндеп, сатылап жетедi. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның iсi оңға басып, ол нәрсенi бiлген үстiне бiле түсуге ықыласы кетiп отырады.
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшелiктерi де әр түрлi. Бұл өзгешелiктер адамның, iс-әрекетiне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесiне байланысты белгiлi мазмұнға толы болады. Мәселен, бiр адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екiншi бiреулер эстетикаға қызығады. Ал үшiншi бiреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртiншi бiреулерде осы айтылғандардың барлығы бiрдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен, бөбектерде де қызығу элементтерiнiң барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрiнетiн жерi — мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көрiне бастайды. Мектеп өмiрi балаларда көптеген қызығулардың түрлерiн туғызады. Бiртiндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбiнде баланың бiр нәрсеге бейiмдiлiгiне қарай көрiнедi. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейiмдiлiгiнен туады. Бiрақ, қызығулардың бейiмдiктен бөлек те пайда болатын кездерi кездеседi. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөндi бейiмдiлiгi болмаса да, қызығуы өте күштi келедi. Мұндай қызығуды белсендi, пәрмендi қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрмендi, белсендi болу үшiн, бала тiкелей әрекетпен айналысуы қажет. Мұғалiм балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлi де онша мәлiм емес кейбiр жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмiрге бай, босқа зерiгудi бiлмейтiн, еңбектi сүйетiн, жан-жақты, қабiлеттi адам болып шығады.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететiн негiзгi компоненттердiң бiрi — адамның дүниетанымы мен сенiмi. Дүниетаным — адамның табиғат, қоғамдық өмiр туралы бiлiмдерiнiң жүйесi. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйектi ғылыми-материалистiк дүниетаным. Оның басты ерекшелiгi — ғылымға негiзделетiндiгi. Бiрден-бiр ақиқат — дүниенiң, даму заңдарын дұрыс түсiндiретiн ғылымға негiзделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт бередi. Кiсi еңбегiн қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлiнше керiтартпа өзiмшiлдiк, адамға деген өшпендiлiк, шындықты көретұра бұрмалау, пессимизмге салыну — керiтартпа дүниетанымның басты белгiсi. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмдi (еңбек адамын құрметтей бiлу), оптимизмдi (жарқын болашаққа сену) дәрiптеп қоймай, әр адамды дүниенi қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негiзi бастауыш мектептiң өзiнде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы бiршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмiрмен байланыстылығы берiк сенiмнен туады. Адамның дүниетанымына берiк сенiм нақты iс-әрекетi мен тәжiрибесiне байланысты бекiмеген дүниетаным берiк болмайды. Сенiм мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседi. Өйткенi бұл екеуi, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттерi болып табылады. Берiк сенiм жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мiнез-құлық та болмайды. Сенiмi қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмiрден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейдi. Оны өмiр толқыны бiресе анда, бiресе мұнда соқтырады да, мiнез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетiп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н. В. Гоголь тамаша көрсеткен: “Әрi-сәрi адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенiн түсiне алмайсың, қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес”. Қай адамның болса да өзiнше бiр түсiнiгi болады. Бiрақ осының бәрi дұрыс болып келе бермейдi. Тек ғылымға негiзделген түсiнiк қана, адамның сенiмiмен, iс-әрекетiмен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бiрден-бiр дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершiлiк пен имандылықтың ұлы қозғаушы күшi - сенiм. Сенiм жоғалған жерде тiршiлiктiң, мәнi де шамалы. Сенiм, пiкiр-талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседi. Ол адамға бiрден келмейдi, сенiм өмiр көрiнiстерiн топшылау, кесiп-пiшiп көру, тәжiрибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты бiлiм негiзiнде қалыптасады. Сенiм кiсiнiң еркiн бiлдiрген, сезiмiн қозғаған, мақсат-мүддесiне, бағыт-бағдарына айналған бiлiм жүйесi. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшiн адамға бәрiнен бұрын бiлiм негiздерiн меңгеру қажет. Бiлiмсiз дүниетаным қорланбайды. Өйткенi бiлiм — дүниетанымды қалыптастыратын негiзгi құрылыс материалы. Ал адамның алған бiлiмi бөлек-бөлек кiрпiш сияқты шашылып жатса (әңгiме бiлiмдi қалай болса солай, жеңiл “меңгеретiндер” туралы болып отыр), әрине, ондай бiлiм түкке тұрмайды. Тек зердесiне құйылған, саналылықпен меңгерiлген, белгiлi жүйемен алған бiлiм ғана адамның дүниетанымына негiз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негiзделген белгiлi дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиетi жоғары болатыны белгiлi. Ондай адам үнемi ар-ұятымен жүрiп-тұрады. Мәселен, бiр адам жұмыс үстiнде ағаттық iстеп, қателескен екен дейiк. Оның қатесiн жасырып, бүркеп қалуға да мүмкiндiгi бар едi, бiрақ өзi бұл ағаттығын адамгершiлiкке жатпайтын қылық деп түсiнедi. Жаңағы қателескен адам өзiнiң қатесiн мойнына алуды бiрден-бiр дұрыс деп табады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттiң ендi бiрi — мұрат (идеал). Бұл — адамның өзiне өмiрден өнеге iздеуi, бiреудi ардақ тұтып, қастерлеуi. Мұрат — адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшiн қолдан келгеннiң бәрiн пайдаланады. Өзiн тәрбиелеуге кiрiседi. Барлық күш-жiгерiн соның соңына сарп етедi. Мұрат дүниетаным, айқын сенiм, сөз бен iстiң байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу — бастауыш мектеп мұғалiмдерiнiң де басты мiндеттерiнiң бiрi.
Жеке адам психологиясынан елеулi орын алатын қасиеттердiң бiрi — талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сенiмiне, өмiрлiк позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистiк қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның бiлiмi, тәрбиесi, ортасы, тәжiрибесi де елеулi әсер етедi. Модаға (сән) байланысты да адамдарда түрлi талғам орын алады. Мәселен, кейбiр адамдардың ала-құла, көзге қораш киiнуiн талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткенi, дұрыс талғам дұрыс, жүйелi жақсы тәрбиенiң нәтижесi.
Қызығу, сенiм, талап, мұрат адамды әр кезде iс-әрекетке итермелеп отыратын ең негiзгi қозғаушы мотивтер болып табылады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленiп отырады. Бiрақ мотивтердiң кез келгенi оғындай пәрмендi болып келе бермейдi. Мән-мәнiсi адамға онша айқын емес, көмескi күңгiрт болып көрiнетiн мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердiң қатарына бағдар (установка), фрустрация, елiгу, стереотиптердi жатқызуға болады. Ендi осылардың кейбiрiне қысқаша тоқталып өтейiк. Мәселен, грузин психологы, академик Д. Н. Узнадзе (1886— 1950) зерттеген бағдар теориясының мәнi мына төмендегi қарапайым тәжiрибеден жақсы байқалады. Салмағында айырмасы бар екi шарды қолымен 10—15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейiн осы кiсiге салмағы бiрдей екi шар берiлгенде де, ол бұларды бұрынғысынша екi түрлi деп қабылдайды. Тәжiрибенiң негiзгi мәнiсi де
осында. Салмағы бiрдей екi шарды осылайша терiс қабылдауы (иллюзия) оның алдыңғы қабылдауындағы субъективтiк жағдайына байланысты туған. Мұндайда адамның зейiнi қабылдайтын заттың өзiне емес, сол зат туғызатын сезiмге, көңiл күйiне ауып кетедi. Осы тәжiрибеде де бiр-бiрiне тең шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай жайттан туған. Адамның қажетi мен мақсатын жөндеп сезiне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделiктi өмiрде де жиi кездестiруге болады. Мәселен, бiрiншi класс оқушылары үшiн мұғалiм қай жағынан да аса беделдi адам. Оның ақ дегенi ақ, қара дегенi қара. Сондықтан да олар кейде кейбiр мұғалiмдердiң терiс өнегелерiн де талғамай кабылдай бередi. Оқушылардың мұғалiм жөнiндегi бiр жақты түсiнiктерi осындай әлде де айқындала қоймаған түйсiктiң, тек мұғалiм жөнiндегi жай бағдардың көрiнiсi.
Адам қажетiн өтеу үстiнде неше түрлi жағдайға тап болады. Мәселен, бұрын-соңды өзiне кездеспеген кедергiнi алуға шамасы келмейтiн кездерде адамның жолы болмай, сәтсiздiкке ұшырайды не сол объект оған алынбас қамалдай болып көрiнедi. Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелiсiн, психиологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңiл-күйiне қолайсыз әсер етiп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамда ұнамсыз қасиеттердiң орын тебуiне себепшi болады. Кейбiреулер сылбыр, немқұрайды, жiгерсiз күйге түседi, ендi бiреулер орынсыз ызақор, күйгелектiкке салынады. Осындай көрiнiс жас өспiрiмдер арасында да байқалады. Балаға үнемi шамасы келетiндей тапсырма беру, оны әлi келмейтiн нәрсеге орынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдiң орнығуына жол бермеу — мұғалiмнiң психологиялык қырағылығын, шебер тактiсiн қажет етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет