Психология кафедрасы


Мiнездi тәрбиелеу жолдары



бет58/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

Мiнездi тәрбиелеу жолдары
Мiнез бiтiстерiнiң алғашқы саңылауы мектеп жасына дейiнгi кезеңде көрiне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рөльдi ойындарынан мiнез бiтiстерiн көрсететiн жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мiнез-қүлықтың қарапайым ережелерiне түсiне алушылық және ол ережелердiң кейбiр нақтылы түрлерiн iс жүзiнде орындай алушылық жиi кездеседi. Жас балалардың мiнез бiтiстерiнiң көпшiлiгi ересек адамдардың iсiне, мiнез-қүлқына, өнегесiне елiктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешiлердiң жеке басының өнегесi, беделi балаға дұрыс iз калдыратындай, үлгiлi болып келу тиiс.
Бала тiлiнiң шығуы, осының нәтижесiнде оның өз маңайындағылармен бiртiндеп пiкiрлесе алуы, мiнез бiтiстерiнiң iрге тасының қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала бiртiндеп “жаман”, “болады”, “болмайды” деген ұғымдардың мәнiне түсiне бастайды. Осы ұғымдардың iшкi мәнiне бiртiндеп түсiну арқылы бала мiнез-құлықтың негiзгi сапаларының (тәртiптiлiк, ұстамдылық, борыш сезiмi т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзiнiң және басқалардың мiнез-құлқына “өзiнше” баға беруге тырысады. Эксперименттiк зсрттеулер алты-жетi жасар балалардың өз мiнез-құлқын бiраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрiнбейтiндiгiн байқатады.
Мектеп — бала мiнезiнiң жақсы жақтарын жүйелi түрде дамытып отыратын негiзгi орын. Мектептiк өмiр балалардың мiнез-құлқының қалыптасуында шеiшушi рөль атқарады. Оқушылардың мiнезiн тәрбиелеудегi басты мiндет — олардың жан-жақты болып өсуiн, мiнез-құлқының әлеуметтiк мәнге ие болу жағын көздестiру. Бұл үшiн мұғалiм жас үрпақтың адамгершiлiк идеалын (мұрат) баяндайтын иманшарт принциптерiн басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерiлген мәселелердiң төңiрегiне құруы тиiс. Иманшарт мiнездi қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетiлген моральдық қасиеттердi бала жанына егiп, оны мiнез-құлықтың үйреншiктi әдетiне айналдыру — мұғалiмдер мен ата-аналар үшiн абыройлы iс. Мiнез тәрбиесi... жан иесiне тиiстi азық берiп, сол жан иесiнiң дұрыс өсуiне көмек көрсету деген сөз. (М. Жұмабаев).
Адамның мiнез бiтiстерiнiң түрлерi қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудiң жолдары мен әдiстерi де сан алуан.
Мiнез бiтiстерiн тәрбиелеу әдiстерi бiрнеше топқа бөлiнедi. Осындай әдiстердiң бiрiне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдiсi жатады. Осы әдiс арқылы адамға қажеттi мiнез бiтiстерiнiң қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу кажеттiгi түсiндiрiледi. Оқушылардың санасына сөзбен үғындыру арқылы оқушылардың дуниетанымы мен сенiмiн, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкiндiк туады. Ол үшiн көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретiмен пайдаланып отыру — мiнез тәрбиесi үшiн таптырмайтын құралдар. Бала мiнезiн тәрбиелеуде отбасының, ұжымның ұлы адамдардың өнегесiнiң алатын орны да ерекше. Осы әдiстердiң iшiнен бастылары мына төмендегiлер:
1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерiнiң (Әл-Фараби, Асан-қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелдi т. б.) үлгi-өнегелерiне тәрбиелеу — осындай әдiстердiң негiзгiлерiнiң бiрi. Бұлардың өмiр жолы, моральдық тұлғасы — жоғары идеялықтың, батылдық пен ерлiктiң, табандылық пен ұстамдылықтың, халық iсiне қалтқысыз берiлгендiктiң теңдесi жоқ өнегелерi.
Мәселен, мектеп оқушыларына ерiк-жiгерi аса күштi, iскерлiгi мықты адам ретiнде профессор А. А. Любищевтiң өмiрiнен нақты мысалдар келтiру, мұны үлгi-өнеге ретiнде ұсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология, генетика, философия, бирция ғылымдары саласыпда 500 баспа табақтан астам (12000 бет) еңбек жазған. Оның өмiрi — уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық өз күшi мен мүмкiндiгiн сарқа жұмылдырудың тендесi жоқ мысалы. Ол елу жыл бойына күн сайынғы тыныс-тiршiлiгiне бүкпесiз есеп жүргiзiп, оның егжей-тежейiне дейiн жазып отырған. Мәселен, жаяу не көлiкпен жүргенде, бiреудi күткенде, кезекте тұрғанда, бiреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-жорнал оқығанда т. б. сан алуан жағдайларда әр минутты есептеп, оны тиiмдi пайдалануға тырысқан. Тәулiктiң он сағаты бойына үздiксiз жұмыс iстеп, бұларды минөттiк дәлдiкпен есептеген. Әр айдың, әр жылдың соңында iс-әрекетiнiң нәтижесiн шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әртүрлi ұзағырақ мерзiмдерге бөлiп қойған. Оның пiкiрiнше, адамда бос, артық уақыт болмауы тиiс, тынығу дегенiмiз iс-әрекеттiң бiр түрiнен екiншiсiне көшуi, кез-келген уақыт ол үшiн игiлiк көзi, оны бос өткiзу ғылыми санасынан орын алмайтын.
Ұлы адамдардың өмiрi туралы балаларға әңгiме айту, олардың осы тақырыпқа байланысты кiтап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгiмелесу, пiкiрлерiн тыңдау, мұғалiмнiң тәлiм-тәрбие жұмысынан елеулi орын алып отыруы қажет.
2) Балалар ұжымы (“Атамекен” т. б.) оқушы мiнез бiтiстерiн дамытатын және оны тереңдете түсетiн шешушi фактор. Белгiлi дәстүрi, жұмыс стилi бар балалар ұжымы өзiнiң әрбiр мүшесiне түрлi талаптар қояды, олардың орындауын үнемi қадағалап отырады. Келе-келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзiне-өзi қоятын талап-тiлегiне де айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя бiлудi, сондай-ақ, ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретедi. Ұжым адамға жол көрсетiп қана коймайды, оны терiс қылықтан да сақтандырады, түрлi қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседi. Ұжымда өмiр сүре бiлу, бiр жағынан, адамның iс-әрекетiн жеңiлдетiп, оны өрге бастырса, екiншi жағынан, оның өзi күшiне сене бiлу мүмкiншiлiгiн де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергiлердi жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемi ұжымның көмегiне сүйенiп отыруы қажет.
А. С. Макаренко кезiнде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбiр тәрбиеленушiнiң жеке ерекшелiктерiн ескерiп, әрқайсысына ұжым iшiнен тиiстi орын тауып беретiн. Сонымен қоса, ұжымның пiкiрiмен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушiлерге ықпал жасап отырды. Макаренко адам мiнезiнiң кемшiлiк жақтарын әдiл бағалайтын ең негiзгi төрешi - қоғамдық пiкiр деп тұжырымдады. Ұжым iшiндегi тәрбиеде түрлi әдiстердi өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектiк жасаған балалармен жеке, не ұжым iшiнде әңгiмелесу, не күнi бұрын белгiленген әңгiмеге шақыру т. б. неше” түрлi әдiстердi жүргiзiп отырған.
А. С. Макаренконың шәкiрт мiнезiн тәрбиелеудегi шебер әдiстерiн пайдалана бiлу әр мұғалiмнен шығармашылық әдiстi талап етедi. Ұжымшылдық сезiм жетi-сегiз жасар балада оншама дами қоймайды. Бұлар “бiз” деудiң орнына “мен” деп айтқанды жақсы көредi. Мәселен, мектеп есiгiн тұңғыш ашқан бала мұғалiмнiң бүкiл сыныпқа жасаған ескертуiн өзiне қатысы жоқ деп есептейдi. Балаларға “бiздiкi” деген ұғымды үйретудiң өзi мұғалiмнiң үлкен шеберлiгiн қажет етедi. Мұндайда мұғалiм барлық нәрселердiң жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйi, мектеп, емхана, транспорт т. б. нәрселердiң бәрiмiзге ортақ екендiгiн айтып түсiндiредi. Мектеп айналасына басқа балалармен бiрлесiп гүл егетiн болса, ендi оны “бiздiң гүлiмiз” деп үйрету қажет. Осындай алғашқы тәрбиелiк iстер қайталана берсе, бiртiндеп баланың мiнез бiтiсi қалыптасады. Үшiншi, төртiншi сынып оқушылары мектеп жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың ұжымдық қасиетi анағұрлым жоғарылай түседi.
3) Оқушылардың мiнез бiтiстерiн тәрбиелеуде еңбектiң алатын орны ерекше.
Еңбек үстiнде адам өзiне қажеттi материалдық игiлiктердi өндiрумен бiрге өзiнiң психологиялық қасиеттерiн де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзiне-өзi қызмет етуiне практикалық және психологиялық жағынан әзiр болуы, адамның iстегi дербестiлiгi, ынтасы, тапқырлыры, инициативасы қалыптасады.
Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық iстерге барады. Еңбек әрекетiнiң болмауы жалқаулыққа әкелiп соғады, ондай адамның өмiр сүруi мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небiр шiрiк қасиеттер келiп шығады.
Тек, қажырлы творчестволық еңбек қана адамды осы кемшiлiктердiң бәрiнен сақтандырады, оның моральдық жағынан кiршiксiз таза болуына жағдай жасайды. Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзiнiң алдындағы мақсатын айқын сезiне алады және оған жете алатынына сенiмi мол болады.
4) Оқушыларға талап қоя бiлу, оның нәтижесiн қадағалау. Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесiн қадағалау баланың мiнезiн тәрбиелеудегi басты әдiстердiң бiрi. Өйткенi адамға тиiстi талап қойылмаса, тапсырылған iс қадағаланбаса, берекесiздiк туады. Адамға, тiптi, кiшкентай кезiнен бастап түрлi талаптар қойып, мiндеттер жүктеп отыру оны жауапкершiлiкке, өзiнiң борышын түсiне бiлуге тәрбиелейдi. Талап қою, мiндет жүктеу бала оқуға түскеннен кейiн ерекше байқалатын болады. Мәселен, жетi жасар бала мұғалiмнiң тапсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талап-тiлектерiн орындау оқушы үшiн заң. Мiндет алу, басқа адамның талабын мүлтiксiз орындап шығу — үлкен жауапты iс. Осы айтқандарға орай, баланың психикасы да күрт өзгере бастайды. Өйткенi, мектепке дейiнгi тәрбиеде шын мәнiсiндегi талап қоюшылық - мiндет алушылық болмайды. Мiндет алу, белгiлi талаптарды орындау оңай емес. Талап қоюдың түрлi әдiстерiн адамның дара ерекшелiктерiне қарай әр жағдайда түрлiше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрi балаға өз мiндетi туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрi кесiмдi түрде бұйыру. Адамға талап қою, оны бiр нәрседен сақтандыру тыйым салу түрiнде де болып отырады. Дұрыс талап қоя бiлудiң тиiмдiлiгi, тәрбиелiк мәнi ұстаздың байыптылығына да байланысты. Талап қоя бiлу — үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейiн қадағаламайтын, тiптi оған қалай болса солай қарайтын мұға-лiмдер де кездеседi. Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалiмнiң сынып ұжымын ынтымақтыққа, бiр ауыздылыққа тәрбиелей алуы да қиын. Балаға дұрыс талап қоя бiлумен қатар, оның iс-әрекетiн қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргiзу оқушының iске жауапкершiлiгiн арттырады, өзiне деген сенiмiн күшейтедi. Әрекетiнiң қоғамдық маңызын аңғара бiлуге, сөз бен iстiң арасын-дағы алшақтықты жойып отыруға мүмкiндiк бередi. Оқушыларға талап қоюмен олардың iс-әрекетiне бақылау жүргiзуде мұғалiм мына төмендегiлердi ескерiп отырады. Бiрiншiден, әр уақытта күмәнсiз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы қажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетiн-келмейтiнiн ескермеу әрқашанда да жақсы нәтиже бермейдi. Сон-дықтан талап дәл, анық, нақтылы болып, одан қайшы пiкiрлер орын алмауы тиiс. Екiншiден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсiнсе ғана нәтижелi болып орындалады. Үшiншiден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негiзгiсi оның орындалғаны жөнiнде баладан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретiне қарай жүзеге асырып отыру, мұғалiм мен ата-ананың шеберлiгiн қажет етедi. Мiнездi тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре бiлiп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрi — мақұлдау. Егер адамның iсi мақұлданып отырса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседi. Мәселен, “бәрекелдi”, “дұрыс”, “жақсы”, “тамаша”, “мынауыңнан нәтиже шығады” т. б. осы секiлдi сөздер адамның жiгерiне жiгер қосып, үлкен демеу болады. Баланың әр-бiр iсiне әдiл баға берiп отыру, мұғалiмнiң беделiн онан сайын арттыра түседi. Мұғалiмнiң адамгершiлiк қасиетi неғұрлым жоғары болса (өз iсiнiң асқан шеберi, еңбек сүйгiш, ерiк-жiгерi мол т. б.), оның беделi мен өнегесi де, балаларға тигiзетiн әсерi де жақсы болып келедi. Балаларды айқай-ұйқаймен басқарғысы келетiн мұғалiмдер де болады. Мұндай мұғалiмдер көп сейлейдi, ал бала көп сөйлегендi жаратпайды, бала мұғалiмнiң қай сөзiн тыңдарын бiлмей дағдарады.
Баланың мiнезiн қалыптастыруда оның терiс iстерi мен қылықтарын кезiнде көре бiлiп, ретiне қарай оған түрлi жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негiзгi мақсат — терiс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдiстiң маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептiлiкпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшiншi, төртiншi сынып оқушылары өздерiнiң тәртiпсiз iстерiнен ұялатын, жапа шегiп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кiнәсы үшiн әдiл жазалау оны қатты ойландырып, мiнез-құлқын өзгерте бастауға себепшi болады. Бала тек кiнәсiне сәйкес жазаланғанда ғана жоғарыда айтылған көңiл-күйлерiн басынан кешiредi. Бала терiс жазғырылса, бұл оның мiнез тәрбиесiне керi әсер етедi. Егер осындай жағдай қайталана берсе, ол әдiлеттiк, шындық деген ұғымға жөндi мән бермейтiн болады.
Орынсыз жаза баланы ашулы, ызақор, кекшiл, қасарыспа етiп, не қорқақ, жiгерсiз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсiруi де мүмкiн. Сондай-ақ, адамның терiс қылықтарын көре-тұра жазаламаудың да кесiр-кесапаты аз емес. Кейбiр бала оқыс қылықтарды әдейi жасамай, оны балалығымен, бiлместiгiнен, аңғарымсыздығынан жасайды. Ал екiншi бiр бала мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына басып iстейдi. Мәселен, бiр бала терезенiң желдеткiшiн ашамын деп оның әйне гiн сындырып алса, екiншi бала оны жолдасымен алысып жүрiп сындырады. Бұл жерде осы екi балаға бiрдей шара қолдануға болмайтыны белгiлi. Өйткенi, екеуiнiң кiнәсi екi түрлi, сондықтан екеуiне екi түрлi жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенiң түпкi себебiнен басталуы қажет. Өйткенi әр уақытта да себепсiз ештеңе болмайды. Адамның терiс қылықтарын айыптап, тиiстi жаза қолданып отыру, белгiлi талаптарга сәйкес жүргiзiледi. Бұлардың кейбiрi мына төмендегiлер: бiрiншiден, жазалау әр уақытта әдiл, баланың кiнәсiне лайықталып берiлуi тиiс; екiншiден, жаза әр уақытта оқушы санасында iз қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтiн етiп берiлетiн болсын. Үшiншiден, жаза жеңiл түрден ауырға қа-рай, қылмыстың өзiндiк ерекшелiгiне қарай қолданылу қажет. Төртiншiден, баланың терiс қылығының арты суымай, оның ақ-қарасы дұрыс тексерiлiп, оқушының әр түрлi ерекшелiктерi: бiлiмi, қабiлетi, жалпы мiнез-құлқы т. б. ескерiлiп отырылсын. Бесiншiден, мұғалiм жазаны аса байсалдылықпен баланың жеке басын тәлкек етпейтiндей (ондайлар да болады) жағдайда ұйымдастыратын болады.
5) Оқушының мiнез бiтiстерiнiң қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күндiк режимнiң де тигiзетiн пайдасы мол. Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлiк пен батылдыққа, табандылық пен өз күштерiне сене бiлуге тәрбиелейдi. Жүзу, суға қарғу, жарысу, секiру, жаяу және шаңғы жорықтарына шығу тағы басқалары адамдардың мақсатқа ұмтылушылырын, жүректiлiгiн, шыдамдылығын, өзiн-өзi меңгере алу қабiлетiн, бiр сөзбен айтқанда, дене күшiне түсетiн барлық қиыншылықтарды жеңе бiлу шеберлiгiн қалыптастырады, аса қиын жағдайларда да шыдамдылық көрсетуге, төзе бiлуге машықтандырады. Үнемi спортпен айналысатын адамдардың жұмыс қабiлетi де күштi болады. Олар күш-қуатының молдығымен, үнемi шат көңiлдiлiгiмен көзге түседi.
Дене шынықтыру мен спорт жаттығулары бiздiң күнделiктi әдетiмiзге сiңсе ғана адамға қажеттi жақсы мiнез бiтiстерiнiң қалыптасуына жәрдемiн тигiзедi. Ал онымен оқта-текте айналысу, ерiк-жiгерiңдi жасытып, мұқалтып жiберуге себепшi болады. Олай болса, мұндай жаттығуларды адам өзiнiң күндiк режимiнiң тұрақты бiр бөлегi етiп, онымен өмiр бойы шұғылданып отыруы қажет.
Бұл жерде де мұғалiм ұлы адамдардың өмiрiн оқушыларға үлгi-өнеге етiп отыруы тиiс. Көрнектi қайраткерлер Л. Толстой, И. П. Павлов, К. А. Тимирязев, К. Сәтпаев, М. Әуезов, т. б. жас күндерiнен бастап дене шынықтыру жаттығуларымен күндiк режимге ерекше көңiл бөлген. Бұл айтылғандарды олар үнемi қатаң сақтап, мұқияттылықпен орындап отырған. Мәселен, Л. Толстой өле-өлгенше гимнастика жасап келген. Ол 82 жасында атқа жақсы шапқан, күнiне қатарынан 10 сағат жұмыс iстесе де, өмiрiнде шаршау дегендi бiлмеген. Атақты физиолог И. П. Павлов ең соңғы күндерiне дейiн городки ойнап, велосипед тепкен.
Мұғалiмдер дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды түрлi кедергiлердi жеңе бiлуге сенiмiн арттырып, жаттығу сабақтарын методикалық шеберлiкпен өткiзiп отыруы тиiс. Оқушыны үнемi жеңiске жету рухында тәрбиелеу, бастаған iстi аяғына дейiн апаруға машықтандыру, оның дене шынықтыру мен спортқа деген сүйiспеншiлiгiн арттыру — бұл бiр жағынан баланы күштi ерiк пен жақсы мiнезге тәрбиелеп отырудың жолы екенiн мұғалiм есiнен ешқашан да шығармайтын болсын.
Жоғарыда көрсетiлген әдiстер арқылы бала мiнезiн тәрбиелегенде А. С. Макаренконың т. б. осындай тәрбие iсi тарландарының тамаша тәжiрибесiн әр мектептiң, әр сыныптың, әр баланың өзiндiк ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдалану қажет. Бала мiнезiн тәрбиелеу мұғалiмнiң жаңашылдығы мен шығармашылығын үнемi қажет ететiн, бұл жолда ылғи да жалықпай, қажымай әрекет етпейiнше, тиiстi нәтиже шықпайтын өте жауапты жұмыс болып табылады. Мiнездi шынықтырып, тезге салатын амал-тәсiлдер де аз емес. Мәселе бұларды әр адамның жеке дара өзгешелiктерi мен нақтылы өмiр сүру жағдайларына орайластыра пайдалана бiлуде. Осындай әдiс-тәсiлдердiң қатарына ата-ана мен ұстаз атаулының жеке өнегесi, кiсiнiң ұстаған бағыты, сөзi мен iсiнiң, танымы мен сенiмiнiң бiрлiгi, жас өркеннiң өзiн-өзi тәрбиелеуi, әртүрлi мiнез мiндетiн (жалқаулық, осалдық, жасқаншақтық, жасықтык, езбелiк т. б.) бойға ұялатпау — мiнез тәрбиесiне байланысты жүргiзiлетiн iс-шалалардың бiр тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет