Психология кафедрасы


Бала дамуындағы екі факторлы, конвергенция теориясы



бет7/36
Дата06.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#55343
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
ОПД лекция жинағы (2)

Бала дамуындағы екі факторлы, конвергенция теориясы. ХІХғасыр конвергенция , екі факторлы теория пайда болды . Негізін салған В. Штерн оның айтуынша, психикалық даму конвергенция ( қосылу) , яғни ішкі және сыртқы жағдайлардың қосылуынан пайда болды . Мысалы , бала ойынына қоршаған орта ойынға қажетті материал дайындайды., ал баланың онымен ойнауы ойын түйсігіне байланысты. В. Штерн дифференциалды психология өкілінің маманы болған .Психологияда тағы екі теория тұжырымдамалары бар , эмпиризм ( бала - таза тақта) және нативизм (Туа біткен ойлар ) Штерн осы екі қарама- қарсы көзқарастың өмір сүруінің негізі болса , онда олардың қосылуында ақиқат жатыр дейді. Штерн рекапитуляция тұжырымдамасын жақтаушы болды . Ағылшын психологы Г. Айзенк (1916-1997) интеллект 80% тұқымқуалаушылықпен , ал 20% әлеуметтік орта әсерімен анықталады.деп атап көрсетті
Жеке тұлға – дегеніміз :
--------әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
--------белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.
Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
“Жеке тұлға” термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.
Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.
Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға — түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді.Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. Адам мәселесіне келгенде психологияда келесі ұғымдар қатар жүреді: “адам”, “жеке тұлға”, “индивид”, “даралық”. “Адам” ұғымына адамдарға тән барлық қасиеттер жиынтығы жатады, ал “индивид” – биологиялық организм, тұлғалық қасиеттермен қоса тек қана оған ғана тән психологиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Яғни, “индивид” ұғымына адамды екінші адамнан бөліп тұратын қасиеттер мен оған және басқаларға да қасиеттер кіреді. (бөлек етеді.. “Даралық” ұғымы тек бір ғана адамға тән индивидтік және тұлғалық қасиеттерді меңзейді. (бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді.. “Даралық” – басқа ұқсамайтын рухани және физикалық қасиеттермен сипатталады: түрлі тәжірибе, білім, көзқарас, ал мотивация, темперамент, қабілет, мінез – даралалықтың негізгі параметрлері.
Негізінен біз бұл ұғымды абстрактілі деп те айта аламыз.Өйткені “жеке тұлға”ұғымы зерттеу объектісі бола отырып, оның концепцуалдық мағынасы көпқырлы. Сондықтан , жеке тұлғаның психологиялық құрылымы төрт түрлі жағынан қарастырылады:Жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, наным-сенім және адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттамалар.
Адамның білімдарлылығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиеттерін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.Жеке тұлғаның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасының басқа да құбылмалы өзгерістері жатады.Жеке тұлғаның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрніс береді.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады, Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе — адам дамуының психикалық және функционалдық зандылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психология-лық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым — ұлтгық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы —ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс-тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлтгық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасатгылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиетгер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны Қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасывда да, мектепте де дұрыс және толық іске асырылғанда ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыты тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс тәсілдері үлкен роль атқарады.
Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болуы оны тұлғалық және танымдық дамуына ерекше өсерін тигізед Осыған байланысты, жеке тұлғаның белгілі бі мәдениетгің субъектісі ретінде даңуына себепші болатыі екі түрлі факторлар бар. Оның біріншісі — сол халықтың мәдени ерекшеліктері болса, екіншісі — сол ерекшеліктерді түсініп меңгеруге себепші болатын баланың ойла қабілетін, танымдық процестерін, темпераментін, мінез құлқын саналы түрде танып ажырата білу.
Қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін адалдық, ақниет-тілік, жаужүректілік, шыдамдылық қарапайымдылық, жомарттық, қонақжайлық сияқты т.б тарихи қалыптасқан қасиеттерді жатқызуға болады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғалық белгілер болып саналады. Оларға тағы төмеңдегідей психологиялық мінездемелер жатады: экстерналдылық (сыртқы қадағалау локусы), қарым-қатынасты қажет ету, танымдылық мұқтаждылық, білуге құмарлық, құндылықты бағалау бағдары. Бұл мінездемелер жеке этнос (орыс, қазақ өкілдеріне тән тұлғаның өзіндік даралану ерекшеліктер эксперименталды зерттеу барысында анықталды.
Мұндай этнопсихологиялық ерекшеліктерді байқау экспериментін қазақ мектептерінде ғана емес, сонымек қатар аралас тілді немесе орыс тілді мектептердің оқу-тәрбие процесіңде де жүргізуді ескеру қажет. Себебі тек көпұлтты мектептерде әр ұлт өкілдерінің балалары оқитынын, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысынын мазмұндық және формалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.
Біздің жүргізген зертгеулеріміздің нәтижесінде қазақ этносы өкілдерінің танымдық дамуында айтарлықтай этникалық ерекшеліктер анықталды. Оларда жинақтауға, нақтылай логикалық ойлауға, тұтас бейнелі түрде қабылдауға, жоғарғы деңгейдегі елестетуге бейімділік сияқты танымдық қасиеттердің тән екендігі байқалды. Байқау нәтижесі көрсеткендей, бастауыш мектептегі жасөспірімдердің жас шамасына қарай оқу-тәрбие жұмысы барысында сөйлеу, ойлау, қабылдау, ес, елестету т.б. процестер кезінде этникалық ерекшеліктерді ескеріп отыру қажет. Бұл жерде қазақ этносы өкілдерінің танымдық қабілеттерін дамытудың ерекше белгілері абсолютті түрде алуға болмайды. Себебі біздің республика тұрғындарының қазіргі замандағы даму жағдайында ұлтгық мәдениет өкілдерінің арасындағы (өсіресе қазақтар мен орыстар) көптеген айырмашьшықтар ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан, жойылып немесе бірігіп кеткен. Сондықтан да жергілікті тұрғындар — қазақтардың өздеріне тән темперамент типтері, мінез-құлық ерекшеліктері этнопсихологиялық ерекшеліктерін жоғалтьш, орыс тілді тұрғандардың психологиясымен ұқсастық тапқан. Екіншіден, қазақтардың кең-байтақ Қазақстанның әр түрлі аймақтарында тұратындығынан олардың өзара айырмашылықтарының да бар екені байқалады. Мәселен АТ.Малаеваның (1996) зерттеулері көрсеткендей, Қазақстан Республикасының үш үлкен аймақ өкілдерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Олай болса, жеке тұлға ерекшеліктері ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық белгілермен де айқындалады. Сонымен, этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу психологиядағы мәдениаралық зертгеулерге талдау жасауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет