Эссе
"Психология менің өмірімде және кәсібімде"
...Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын, адамның рухани мәдениетін сипаттайтын эмоциялық
диапазоны кеңейе түспек.
В. А. Сухомлинский
Психология адам өмірінде үлкен рөл атқарады.Қоршаған ортаны адамды өзін түсінуге көмектеседі.Біздің мінез-құлқымыз бен ойларымызды реттейді,сондықтан ол маңызды саланың бірі болып табылады.
Психология - әртүрлі жұмыс ортасында өте маңызды. Мысалы: баланы оқытуға және тәрбиелеуге үйретуді бастамас бұрын, мұғалім оның ерекшеліктерін білуі керек ақпаратты қалай дұрыс ұсыну керектігін қызықтыру үшін түрлі тәсілдер қолдануы манызды. Мен таңдаған мамандықта психологиямен тығыз байланысты. Себебі, мұғалімдер оқушылар, ата- аналар және де қоғаммен тікелей байланыста болады.Психология- бұл ақыл мен мінез құлықты зерттейтін ғылым.Ең алдымен,мінез құлықтың қалыптасуы осы мектептен және де қоршаған ортадан қалыптасады.Мінез- құлықтың қалыптасуы тәрбиеден басталады.Міне,Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзі арқылы адамдардың бірден ақылды,атақты,данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни, жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер.
Тағы айта кететін жайт,әрбір адамзат өзінің сүйікті мамандығын таңдайды.Меніңше,әрбір мамандық пен психология бірге жүріп,бірге тыныстайды.Психололог дәрігер емес ол жанын емшісі дегендей,менде адам жанының емшісі болғым келеді,мен не үшін мұғалім мамандығын таңдадым?
Бұл сұраққа жауап беретін болсам,мұғалімнің өмірі қызық та,қиын да,жұмыс екенін түсіне отырып таңдадым.Себебі, қызығы мен шыжығы қатар жүретін мынау заманда,оқушыларға жүрегімдегі жылу мен махаббатты сыйлағым келеді.Мұның әрине,ата-анасының махаббаттымен салыстыруға болмайтынын білемін.Бірақ та мектеп жасындағы балаларға жан жылуына зәру жаутан көздерге мейірім сыйлағым келеді.Психолог адам өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып ,өзгелерді тығырықтан шығуға көмектесетін ізгі жан деп айта аламын.Психолог өзгелердің жанын ауырытпайды,керісінше жан дүниесі күйзеліске түскен жандардың жанына дауа іздейтін,ізгі жан иесі.Менің болашақ мамандығым ол мұғалім.Мұғалім міндетті түрде психолог болу керек пе деп,өзіме сұрақ қоямын.Жауап іздей отыра,мұғалім мамандығы әрине психолог болу керек екенін түсіндім.Ең алдымен,мен таңдаған мамандық психологиялық тәрбиеден,тәлімнен бастау алатындығын түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: |