Тест 1.Адам психикасының жануар психикасынан айырмашылығы ?
А)сананың болуы Б)өздерінің қалауларын жасай алуы
Ә)сөйлеу алуы В)екеуінің де тірі болуы
2.Адам тұлғаға қалай айналады ?
А)сәби болып туылғанында Б)адамгершілік қасиеттерімен
Ә)ақылдылығымен В)мейірімділігімен
3.Психология сөзі қандай мағына береді ?
А)жан туралы ілім Б)көңіл-күй
Ә)қиял В)ақыл туралы ілім
4.Психология терминін ғылымға енгізген ғалым ?
А)В.Келер Б)Вундт
Ә)Вольф В)Сеченов
5.Психологиялық зерттеу әдістерінің арасында қазіргі таңда кең қолданылатын әдіс
А)эксперимент Б)жазбаша
Ә)сауалнама В)тест
Глоссарий Сана-психиканың тек адамға тән ең жоғары сатысы,объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі.
Психология-психиканың даму заңдылықтарын,оның зерттеу әдістерін,ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
Жеке тұлға-әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
Мінез-құлық-адамның тұрақты психикалық ерешеліктерінің жиынтығы.
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.
Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.
Эмоция — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Тұлға — пайымдау,мораль,зерде, мендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстық,мүлік меншігі,заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды.
Концепция- бір-біріне байланысты, өзара байланысты және өзара байланысты жүйені құрайтын көзқарастар жиынтығы; кез-келген құбылысты түсінудің, түсіндірудің белгілі бір тәсілі.