Психология менің өмірімде және кәсібімде



бет2/4
Дата15.10.2023
өлшемі79,56 Kb.
#115295
1   2   3   4
Бизнес психологиясы –бұл бизнес іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге және бизнес субъектілерінің өз-ара әрекеттесуін оптимизациялауға бағыттталған психология ғылымының пән-аралық саласы.

  • Спорт психологиясы — жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады

  • Денсаулық психологиясы-теорияны қолдану,психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау,аурудың ереше түрін қарастыру.

    Мен психологияны ғылым ретінде зерттей бастағанымда, жауабын таба алмай жүрген көптеген сұрақтарыма жауап бере алдым.Менің түсіне бастағаным менің ойымның барысы,жағдайлар мен адамдарға деген көзқарасым мінез-құлық пен қарым –қатынас таңдауым мұның бәрі өзіме байланысты екен.Оқу,адамдармен ара-қатынасымыз,ішкі уайымдарымыз, күнделікті шешуге тырысып жатқан проблемаларымызды жеңілдетуге бізге психология көмектеседі.
    Әрбір мамандық саласында психологияның маңызы зор.Мысалы,баланы оқытып, тәрбиелемес бұрын, әрбір мұғалім баланың психологиялық ерекшелігін,мінез-құлқын,ақпаратты оған қалай жеткізгенде оны қалай қызықтыра алатынын білуі қажет.Ал менің кәсібімде яғни фармация саласында фармацевттерге көптеген әртүрлі адамдармен сөйлесуге тура келеді.Сондықтан да бұл салада еңбектенуді жақсы көретіндер ғана емес,адамдармен жақсы тіл табыса алатындар да жұмыс істеуі қажет деп ойлаймын.Мұндай жұмысшыларға қойылатын психологиялық талаптарға мыналар жатады: байсалдылық,жақсы есте сақтау,ұқыптылық,ақпаратты қабылдаудың жылдамдығы, байқампаздылық, эмоционалды тұрақтылық.Тұтынушыларымен сөйлескенде фармацевт барлығына бірдей сыпайы және мейірімді болуы ,барлығына мүмкіндігінше тезірек қызмет көрсетуге тырысуы керек. Және ол өз сөзімен пациенттің емінің тиімділігіне сендіруі қажет.
    Осымен қорытындылай келе психологияның менің өмірімдегі және мамандығымдағы маңызы зор.Өйткені айналамдағы мені қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер етеді.Психология маған өзімді жақсырақ тануға,жанымдағы адамдарды түсінуге,отбасы мүшелеріммен және жақын адамдарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
    .


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет