Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психологияның әрбір адамның өмірінде алатын орны зор. Шыны керек, қазіргі таңда тікелей адам психологиясына байланысты проблемалар қоғамда көп. Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршаған нәрселердің бәрі менің санама әсер ететіні сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдармен қалай қарым-қатынас құруға және жақындарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді , ең бастысы өзімді- өзім түсінуге көмектеседі. Адам тек өзін-өзі жақсы түсінгенде ғана, өмірді және басқа адамдарды түсіне алады.
Қазіргі уақытта Қазақстаның кез келген жоғары оқу орындарында және колледждерінде психология міндетті пәндер қатарында. Себебі,әр мамандықта адамдармен қарым-қатынас жасау маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта мен Журналистика мамандығының бірінші курс студенттімін. Менің ойымша,журналистика саласында психология үлкен қызмет атқарып тұр. Себебі ,журналист тікелей адамдармен жұмыс істейді. Сұхбат алардың алдында адамның псиологиясын танытып,адамен тіл табасып,сұрақ қоюға қиынға соқпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |