Психология негіздері


психологиялық-педагогикалык



Pdf көрінісі
бет27/46
Дата09.10.2024
өлшемі2,42 Mb.
#147530
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Арнайы педагогика және псих нег

психологиялық-педагогикалык 
классификациясын 
аныктады. 
Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі, 
естудін бүзылуы кезіндйгі сөйлеу тілінің даму деңгейі, есту 
қабілетінің бүзылу уакыгын есепке алынған. Бүл классификацияда 
балалар торт топка бөлінеді:
• 
сөйлеу 
тілі 
дамымаған 
саңырау 
балалар 
(ерте 
саңыраулыкка үшырағандар);
• 
сөйлеу қабілеті сакталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа 
үшырағандар);
• 
сөйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар;
• 
сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар 
балалар.
Есту қабілеті бүзылған балалардың сөйлеу тілі естудің бұзылу 
уакытына карай анықталады. Егер, есту кабілеті 3 жаска дейін 
бүзылса, сөйлеу тілі өздігінен калыптаспайды. Егер, есту қабілеті 3
~ 90 ~


жастан кейін бұзылса, 
сөйлемдік сөйлеу тілі сақталады, бірак 
сөздіктерді айтуда, тілдің грамматикалық кұрылымында, дыбыстарды 
айтуда кемшіліктер байкалады. Егер, есту қабілеті мектеп жасында 
бұзылса, 
бала фразалы сөйлеуді игергенімен, сөздің буындық 
құрамын ажыратуда, ұяң дауыссыздарды айтуда киындыктарға 
кездеседі. 
Сөйлеу 
тілінін 
даму 
деңгейі 
тәрбие 
жағдайына, 
коррекциялык 
түзету 
жұмыстарының 
басталу 
уакытына 
да 
байланысты,
Есту қабілеті нашар баланың сөйлеу тіліне. тэн сөздердщ 
түсініксіз айтылуы, сөздердің катты дауыспен айтылуы, сөйлеудің 
баяулауы сияқты ерекшеліктер болады. Ерте балалык шақтағы есту 
қабілетінен айырылған нашар еститін баланың сөйлеуінде тілдік 
жүйелердің барлығы (лексика, грамматика, фонетика) бүзылады.
Есту кабілеті бүзылған балаларды коррекциялык оқыту мен 
тәрбиелеудің 
ғылыми-әдістемелік 
негіздері 
P.M. 
Боскис, 
Г.Л. Выгодский, Л.А. Головчиц, F.J1. Зайцева, С. А. Зыкова, 
Б.Д. Корсунская, Е.П. Кузьмичева, Э.И. Леонгард, Е.А. Малхасьян, 
А.Н. Аутаева, Н.Д. Шматко жэне т.б. еңбектерінде беріледі.
Сурдопедагогика (лат. керең) - қүлагында мүкістігі бар 
адамдарга білім беру туралы гылыми білімдер жүйесін білдіретін 
арнайы педагогиканың кұрамдас болігі.
Есту 
қабілетінің 
бүзылуы 
кезіндегі 
коррекциялык- 
педагогикалык 
жүмыстардың 
мазмүны 
бірнеше 
бөлімдермен 
аныкталады. Олардың әрбіреуі тэрбиелік, білімділік міндеттер
~ 91 ~


сияқты, мектеп жасына дейінгі есту кабілеті бұзылған балалардың 
психикалык 
дамуын 
қалыптастыру 
ерекшеліктеріне 
карай 
коррекциялық бағытты құрайды. Коррекциялық жұмыстар жүйесінде 
санырау жэне есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту 
мен тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін арттыруда жетекші 
бөлім болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері сөйлеу 
кабілетін дамыту, сөздік қорды байыту, сөздің мағынасымен жүмыс 
жасау, сөйлеу тілінің түрлі формаларын (ауызша, жазбаша сөйлеу 
тілі, ымдык-дактиль тілі), сөйлеу эрекетінің түрлерін дамыту.
Қазакстан Республикасында осы балаларға арналған мектепке 
дейінгі жэне арнайы мектептер жүйесі бар. Керең балалар бөлек 
окиды, ал нашар еститін балаларға арналған мектептер екі бөлімнен 
түрады. 1-ші бөлім - жеңіл түрдегі тіл кемшілігі анықталған, есту 
қабілеті нашар балалар. Сыныптағы оқушылардын толымы 10 
окушыны күрайды. 2-ші бөлім - күрделі тіл кемшілігі анықталған, 
есту қабілеті нашар балалар. Сыныптағы окушылардың толымы 8 
окушыны кұрайды.
Сонымен қатар соңғы уақытта кохлеарлы имплантация аркылы 
медициналык-реаблитациялык көмек көрсету артуда.
Кохлеарлык имплантация - бүл жоғары дамыған электрондык 
қүлақты протездеу жүйесінің хирургиялык көмегімен жартылай 
имплантант қолдану.
~ 92 ~




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет