Психология pdf



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата01.12.2022
өлшемі121,3 Kb.
#54091
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
психология

Қорытынды
Қорыта айтқанда, қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні
қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпеп қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуте болады. Елес арқылы адам заттар
мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. И. М. Сеченов оны
«Заттық ойлау» деп өте дұрыс анықтаған.
Елес — заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін
көрсететін ой-тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып, білуге
көмектеседі. Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз боса ғана оның ерекшелігін не үшін
қажеттігін тезірек ұғынамызда, еске жақсы сақтай аламыз.
Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мәселен, адам заттың
түсін, пішінін, көлемін көру елестері арқылы; музыкалық шығармаларды, таныс адамның
даусын, иттің үргенін, сиырдың мөңірегенін, мысықтың мияулағанын есту елестері арқылы; ал
жусан, әтір, сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты, тікенек шөпті сипай-сезу елестері
арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз — жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі.
Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы, жеке болып екіге
бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мәселен, адамның өзен туралы
елесі — жалпы елес. Сырдария өзені — жеке елес болады. Оқу процесінде балалардың елесін
тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз
мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық, елес болмаса, ол дұрыстап жаза
алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық
болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде
қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық
болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсенің кейін қажет болатындығын сезінетін болса, опың
елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы
мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа салатыны ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып,
елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру
қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін


одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса, баланың
көру елесі дами түседі.
Төменгі сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты
жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы
елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мұнсыз жоғары сыныпқа барғанда балаға оқу
материалдарын ұғыну қиынға түседі. Мектепке түскен балалардың елес қорының түрліше
болып келуі оның отбасыдан алған тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Егер үйде баланың ақыл-
ойының дамуына жеткілікті көңіл бөлінген болса, мұндай баланың әр нәрседен хабары бар
болып келеді де, оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып
отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың
естерінде болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет