сипау, иіс, дәм елестері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа
елестердің кемістіктерін толықтырады.
Бейнелі елес, әсіресе, көркеменер кәсібімен
шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эстетикалық елесі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен
құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын
ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі
болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) елес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қоры-тындылары сияқты түрлі
формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен
байланысты. Елестің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан.
Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы
жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің
кызметі басым болса, сөздік-
мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте
сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз
жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық елес оқушылардың
білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Елестің бұл түрлері
адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай
турлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Елес — күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады.
Олардың
негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Елесті есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды,
олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елестерді есте калдыру
процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан,
болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып,
жадымызда қалдыруды мақсат етеміз.
Елесті сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға
байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола
бермейді. Ғылымда елесті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп аталады. Бұл
латын сөзіней шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, елесті дамытудың тиімді жолының бірі.
Елестің жемісті болу шарттары № 2; 3 сызбаларда көрсетілген.
Әр адам елесінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады.
Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын
есінде жақсы қалдырады. Елес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен:
көру елесі, есту елесі, қимыл-әрекет елесі, аралас елес. Көру елесіне бейім адам көргенін ұзақ
уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту елесі өте күшті болған
көрінеді. Есту елесінің күштілігі мен нәзіктігі—қазақ ақындары мен жырауларына да тән
қасиет.
Елесті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты-адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам
өміріндегі аса маңызды психикалық процесс — елес ақыл-ой кені. Ақыл-ойды тарих жасаған
білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу елестің мән-мазмұнын тереңдете
түспек.
Достарыңызбен бөлісу: