Психология педагогика және және и


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет156/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   172
Байланысты:
практ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА 
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТůРБИЕ БЕРУ
Аннотация
Мақалада балаларды қазақстандық отан сүйгіштікке тǩрбиелеуге жǩне ұрпақтарымыздың 
нағыз азамат болып қалыптасуына, қазіргі таңда оқушыларға қоғамдық ұйымдардың ықпалы 
арқылы патриоттық тǩрбие берудегі негізгі міндеттері, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, 
тілге, дǩстүрге деген патриоттық сезім қалыптастыру мǩселелері қарастырылады.
Түйін сөздер: тǩрбие, патриот, азамат, қоғамдық ұйым, Отан.
В данной статье рассматривается актуальность и значимость воспитания казахстанского па-
триотизма и гражданского становления подрастающего поколения на основе опыта деятельно-
сти детских общественных организаций.
Ключевые слова: воспитание, патриот, гражданин, общественная организация, Родина. 
Annotation
This article discusses the importance of the issues of education of Kazakhstan patriotism and civic 
development of the younger generation, the experience of the children’s organizations in various areas 
of creative development of the patriotic and civic education.
Keywords: education, patriot, citizen, social organization, Motherland.
денции развития: Монография. – Алматы: 
КазГосЖенПИ, 2008. 
Қ
азақстан Республикасы Президенті 
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
жолдаған «Қазақстан-2030» страте гия лық 
бағ дарламасында барлық Қазақстандықтар -
дың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі жǩне ǩл-
ауқатының артуы жөніндегі негізгі стра те-
гиялық бағыты «халықтың көптеген топ-
та рының бірлігі, жекешіл жǩне қоғамдық 
негіз дерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі 
қоғамымыздың жарасымды, сатылы дǩс түр-
лерін толықтыра түседі» деуі қоғам дық ұйым, 
бірлестіктердің құрылып, дамуына мүмкіндік 
аша түспек. [1]. Олай болса, жастардың білім, 
білік, дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін, 
саясаттан тыскары ерікті қоғамын құрудағы 
патриоттық тǩрбие беру жастардың бір 
жүйеге келуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы «қоғамдық бір-
лес тіктер 
мен 
ұйымдарының» 
Заңында 
«...қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар қоғам 
мүшелерінің еріктілігі мен теңдігі негізінде 
құрылады жǩне өзін өзі басқару барысында 
іс-ǩрекетін ұйымдастырады» делінген[2].
Еліміздегі балалар қозғалысының даму 
сатыларына тоқталатын болсақ, үкіметіміз 
соңғы жылдары балаларды қазақстандық 
отан сүйгіштікке тǩрбиелеуге жǩне ұрпақта-
ры мыздың нағыз азамат болып қалып та-


203
Білім берудің қазіргі ǩдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
суына аса көніл бөлуде. Сонымен қатар
Қазақстан 
Республикасы 
Мемлекеттік 
«Білім» бағдарламасында тǩрбиелеу жүйесін 
жетіл діруге байланысты алдына қойған 
негізгі мақсаты «қазақстандық патриотизм, 
азамат тық, ізгілік жǩне жалпыадамзаттық 
құн ды лықтар идеяларының негізінде тǩрбие-
ленушінің жеке тұлға ретіндегі сапа қасиетін 
қалыптастыру» – деп бүгінгі XXI ғасыр 
жаһан дану заманында ұлттық мǩдениет пен 
өркениетті өзара кіріктіре отырып, жан жақ ты 
дамыған тұлға қалыптастыру көзделіп отыр[3].
Қазіргі таңда оқушыларға қоғамдық ұйым-
дардың ықпалы арқылы патриоттық тǩрбие 
берудегі негізгі міндеттерге қоршаған ортаға 
деген сүйіспеншілік, тілге, дǩстүргедеген 
патриоттық сезім қалыптастыру мǩселелерін 
атап өтсек болады. Патриотизм дегеніміз 
– Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы 
күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен 
мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, 
елдің ǩдет-ғұрпы мен дǩстүрін құрмет тұту. 
Жǩне де бұл патриотизмдік элементтері 
ерте заманнан қалыптаса бастады[4]. XX 
ғасыр дың басында ұлттық патриотизмнің 
негізін салушы ғалым ағартушылардың бірі 
М.Жұмабаев «Тǩрбиеден мақсұт адамды 
һǩм сол адамның,барлық адамзат дүниесін 
бақыт ты қылу.Ұлт – ǩрбір адам бақытты бол-
са, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі- 
ǩрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі 
бақытты», қоғам мүшелерінің бақытты болуы 
ұлт бақытының негізі екеніне тоқталады[5].
Баланың нағыз өмір сүруі күнделікті қо-
ғам дық топтар ішінде ерекше байқалады. 
Отбасы, бала-бақша, аула, мектеп, мǩдениет 
сарайы, үйірме, дене шынықтыру секциясы – 
мұның барлығы қарапайым қоғамдық кеңіс-
тіктің бөлшектері. Тұлға болып қалыптасу 
үшін бұлардың ретімен келуі өте маңызды. 
Олардың ǩрқайсысының балаға ǩсер ету дең-
гейі де өте маңызды болмақ.
Педагогикалық сөздікте «Қоғамдық ұйым – 
қоғамның тǩртібі мен қалыптары Жарғы неме-
се құрушылар құжатта нақтыланып берілген, 
қоғамда мүшенің құқығы мен міндетін бір 
жүйеге келтірілген, ǩр мүшенің арасындағы 
қарым-қатынасты реттейтін бірлестік» [6].
Қоғамдық қозғалыстар – оқушылардың 
өзіндік іс-ǩрекетінің негізінде құрылатын 
бала лар мен жастардың қоғамдық жǩне же-
келей мақсаттарына байланысты ǩлеуметтік 
құрылымда құрылады. Балалар мен жас тар-
дың қоғамдық өмірге араласуға деген ықласы 
негізінде болады. Балалар мен жастар дың 
қоғамдық қозғалыстар ǩлеуметтік мǩні бар 
жǩне тұлғаға бағдарланған бағыттарды: аза-
маттық-патриоттық, экологиялық, туристік 
аймақтану, спорттық, т.б. қамтиды [6, 32-
34 бб.]. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі 
кезендерде балалар қоғамдық ұйымдары 
өте қарқынды дамыды. Қазақстанда жǩне 
Тǩуелсіз мемлекеттер достастығы кеңісті-
гін де үлкендер арасындағы саяси партиялар 
мен бірлестіктерінің құрылуымен балалар 
қоғамдық ұйымдары да пайда болып, қалып-
таса бастады. Бұл мǩселе сұраныстардан 
туындаған тұлғаны ǩлеуметтендіретін шара-
лардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда «Болашақ», 
«Жұлдыз», «Атамекен», «Cкаутинг», «Мың 
бала», «Кǩусар бұлақ» жǩне көптеген об-
лыстарда қоғамдық ұйымдар мен балалар 
қоз ғалыстары, бағдарламалар бар. Атал-
ған бағдарламалардың бір-бірінен қан дай 
айырмашылығы бар жǩне бүгінгі жас ұрпақ 
тǩрбиесіне қандай ықпалы бар дегенге 
келетін болсақ, олардың кез-келгені бола шақ 
ұрпақтарымызды патриоттыққа, отан сүй-
гіш тікке тǩрбиелеудегі жүйесінің игі ықпал 
ететініне сенім мол.
Қоғамдық балалар ұйымдарының да-
муы мен қалыптасу тарихын зерделей келе, 
қоғамдық ұйымдарды құру, оның қыз метін 
жандандыру жǩне тұлғаның өзін-өзі жетіл-
діруге патриоттық сананың жоғары деңгейде 
қалыптасуы мен қатар, болашақ ұрпақты 
қоғамда болып жатқан ǩртүрлі келеңсіз істер-
ге қарсы тұра алатындай жігерлі, батыл, аза-
мат тǩрбиелеуге мүмкіндіктердің мол екенін 
айқындалды.
Жоғарыда талқыға салынған балалар 
мен жастар ұйымы, қоғамдық қозғалыстар, 
қоғам дық бірлестіктер барлығы да солардың 
негізінде қалыптасатын патриоттық тǩрбие 


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет