Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет157/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   172
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
Қазақстан Республикасы Конституциясына 
қайшы келмейді. Айта кету керек, балалар 
мен жастар ұйымы, қоғамдық қозғалыстар, 
қоғамдық бірлестіктердің бір-бірінен қандай 
айырмашылығы бар дегенге келетін болсақ, 
олардың барлығы да балалар мен жастардың 
талап тілектерінен туындайды, жарғы мен 
ережелерінде мақсат, міндеттеріне, ұстаным-
дарына, 
ǩдіс-тǩсілдеріне, 
формаларына 
сǩйкес қызмет атқарады. 
Расында да, өз қатарында жас қазақстан-
дықтарды біріктіріп отырған балалар қоғам-
дық ұйымдарындағы патриоттық тǩрбиенің 
егемен еліміздің жас азаматтарын тұлға 
ретінде қалыптасуына ықпалы мол екенін 
жǩне олар жаңашыл қоғамның маңызды жǩне 
тиімді ǩлеуметтік-саяси институттары ретінде 
еліміздің қоғамдық өмірінің демократиялық 
өзгерістерінің өсуіне жағдай жасайды.
Жаңарған ел, жаңа қоғам, тǩуелсіз даму 
мен нарықтық экономика кезеңі ǩкелген 
жаңа идеялар мен қарым қатынастар өскелең 
ұрпақ тǩрбиесіне жаңаша көзқараспен қарап, 
осы заманғы биік педагогикалық талаптар 
деңгейінен көрінуді талап етеді. Патриот тық 
тǩрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жас-
тардың бостандығы мен ǩлеуметтік құқын 
мойындау абзал болмақ. Жастармен жүр-
гізілетін тǩрбие жұмысының сипаты қандай 
болса, жемісі де соған сай болары хақ.
Жаңа ǩлеуметтік даму жағдайында қоғам-
дық ұйымдар арқылы мектеп оқушыларына 
патриоттық тǩрбие берудің ғылыми ǩдісна-
малық негізін айқындауда ғасырдағы жаһан-
дану процесі бүкіл ǩлем халықтарын біріктіру 
арқылы өркениеттілікті сақтап қалу барысын-
да бар күш жігерін жұмсап отырған тұста па-
триотизм ұғымы кең тұрғыда тек Отан ғана 
емес, ǩлемдік тұрғыда да қарастырылып жүр. 
Мǩселен, «Шаг навстречу» (детдомов-
цы – это тоже мы) балалар үйіндегі тǩрбие-
ленушілердің ұйым құрудағы негізгі мақсаты: 
ǩке-шешесі бар балалармен тең құқықта, 
бірдей қарым-қатынаста болу; ары мен ада-
ми қасиетін қорғай білу; балалар үйінен 
шыққаннан кейінгі олардың күрделі өмір 
тіршілігі мен күнделікті өмірде кездесетін 
қиыншылықтарына қолдау көрсету; өз та-
лантын ашуға, қоғамдық қатынасқа еркін 
араласуына 
мүмкіндік 
туғызу. 
Оқушы-
жастардың ǩскери-патриоттық бірлестігіне 
Ресей Федерациясы үкіметі мен Ресей білім 
министрлігінің қолдауы бұл ұйымның мемле-
кет үшін аса маңыздылығын көрсетеді. 
Бірлестіктің алдына қойған міндеттері: 
– ǩскери-патриоттық жǩне азаматтық тǩр-
биеге байланысты мемлекет саясатын іске 
асыруға ат салысу; 
– жастардың Отанға деген патриоттық 
сезімін тǩрбиелеу жǩне оны қорғауға деген 
сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
– Отан тарихы мен мǩдениетін оқып, 
үйрену; Отанды қорғаушыларға арнап шара-
лар ұйымдастыру; 
– ǩскер тарихындағы құндылықтарды та-
рату; 
– оқушы-жастардың дене мǩдениетін қа-
лып тастыру; 
– оқушы-жас тар мен ǩскери дайындық 
жұмыс тарын жүргізу [7].
Мǩселен, қоғамдық балалар ұйымдары сая-
си көзқарастарын қалыптастыруға ба ғыт талған 
жұмыстар: еліміздің «Қазақ стан-2030» Стра-
тегиялық даму бағдар лама сын да мазмұнында 
қамтылған шараларды талқылау жǩне насихат-
тау; «Жаңарудың қазіргі жағдайында жалпы-
қазақстандық патрио тизмді қалыптастыру» 
жǩне т.б. жас тардың бойында азаматтықты 
жǩне патриоттықты дамытуға бағытталған 
үкі мет тік емес ұйымдар мен мемлекеттік 
құрылым дардың қатысуымен конференция-
лар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар; «Жас 
Отан» жастар қанатының I съезіндегі «Менің 
Отаным – Қазақстан», «Бұл – біздің Ту!», 
«Қазақ тілі – ана тілім» атты мǩдени-көпшілік 
іс-шараларын, акцияларын; Қазақстан мемле-
кет тілігінің қалыптасуы туралы, саясат жǩне 
білім беру салаларындағы жетістіктер ту-
ралы пікірталастар (дискуссия); «Болашақ 
жастардың қолында», «Сенің құқықтарың мен 
міндеттерің» жǩне т.б. тақырыптарда өзін-өзі 
басқаруға, азаматтық жауапкершілікке үйрету 
мақсатында семинарлар, «дөңгелек үстелдер» 
өткізу; жастар ұйымдары көшбасшыларының 
қатысуымен «Жастардың азаматтық қаты-
суын жǩне азаматтық сана-сезімін артты-


205
Білім берудің қазіргі ǩдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения
ру» тақырыбында жǩне т.б. конференцияла-
рын өткізу; мемлекеттік тілдік этносаясатты 
түсіндіру, этника аралық келісімді жǩне түрлі 
этностардың мǩдениеті мен салт-дǩстүрін 
құр меттеуді насихаттау, Қазақстан халқы 
бір лігі күні аясында Қазақстанда тұратын 
этностардың ǩдет-ғұрпы мен салт-дǩстүрлерін 
көрсету бойынша «Біз – Тǩуелсіздіктің құр-
дастарымыз», «Біз – Қазақстан халқымыз», 
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты жастар 
фестивальдарын өткізу; ұлтаралық келісімді 
нығайту; мемлекеттік тілді білуі бойынша 
басқа ұлт студенттері арасында «Қазақ тілі 
– өз тілім» атты конкурс өткізу; елдердің 
мǩдениеті мен тарихы, ұлтаралық қатынас-
тарды нығайтуы туралы ой-пікірлермен алма-
су мақсатында түрлі ұлт өкілдерімен кездесу-
лер өткізу, т.б. жұмыстар жүргізілді.
«Сымбат» бағыты бойынша оқушылардың 
бойына ǩсемдік сезімін дарыту; қоршаған 
ортаның ǩсемдігін білуге баулу; көркіне 
мінезі сай «сегіз қырлы, бір сырлы» ішкі 
ру хани сезімінің сырқы қимыл-ǩрекетпен 
өз-ара сǩйкестігін қалыптастыру. Оқушы 
жас тардың дене сұлулығын жетілдіруде 
гигие налық талаптарды орындауға бау-
лу, қыздарды ǩсемдікке баулуда зергерлік 
бұйым дардың ерекшеліктерін жǩне пайда-
лану жолдарын үйретумен бірге оқу шы-
ларды сымбаттылыққа, ǩсемдікке баулуда 
ақын-жыраулар 
шығармаларының, 
өнер 
адам дарының, ата-аналардың ұстаздардың 
ықпалы қаншалықты екені қамтылды.
Бағдарламада берілген ǩр тақырып бой-
ынша ǩдістемесі дайындалып, жұмыстар 
жүр гізілді. Балалар қоғамдық ұйымында 
жүр гізілген ǩр жұмыстарда қоғам мүшелері 
бел сене қатысты. Бұл жерде біздің атап көр-
сететін негізгі тұжырымымыз қоғамдық 
ұйым мүшелерінің көбінің белсенділік іс-
ǩрекеттерінің басым болатынын байқадық. 
«Адам қалай тұлға атанады?» атты тренингті 
ұйымдастыру барысында қоғам мүшелері 
адам деген атқа лайық болу үшін адамның 
бойында қандай қасиеттер болуы керектігіне 
дǩлелдермен, мысалдармен нақты жауап берді. 
Біздің бір байқағанымыз, қоғамдық ұйымдар 
тұлғаны ǩлеуметтендірудің негізгі институты 
екенін тǩжірибелік эксперименттікжұмыстар 
барысында байқауға жǩне нақты іс шаралар-
ды жүргізу арқылы оны дǩлелдедік.
Қорыта келе, қазақстандық патриотизм көп 
ұлтты мемлекетіміз үшін бірлік пен елдікті, 
бейбіт шілік пен тыныштықты сақтай отырып, 
демократияландырылған, ǩлемдік өркениет-
тен орын алу негізгі діңгек болып табылмақ. 
Міне сондықтанда, жастарды адамгершілік 
жǩне рухани тұрғыда дамыту, еліміздің 
жас ұрпақтарының бойында патриоттық, 
жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, 
аға ұрпақтың ǩлеуметтік мǩдениетін, ǩлемдік 
мǩдениет жетістіктерін меңгеру жұмыстары 
толық игерілмейінше, экономикасы тұрлаулы 
демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Осы 
мǩселелерді шешу үшін бүгінгі таңда бізге 
түрлі жастар мен балалар ұйымдарының 
жүйесі қажет. Сондықтанда, біздің міндетіміз 
– білім алушылардың атқарып жатқан жұмыс-
тарын маңызды, қажетті, қызықты жǩне өрісті 
ету.
ůДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.ů «Қазақстан-2030» страте-
гиялық бағдарламасы. – Алматы,1998.
2 Қазақстан Республикасы «Қоғамдық бір-
лестіктер мен ұйымдарының» Заңы. – 1996. – 
№ 1-3.
3 Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік Білім бағдарламасы. –Алматы: Юрист, 
2004. – 19 б.
4 Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. 
– Алматы:Жазушы, 1985. 5.Мектеп оқушы-
ларына патриоттық тǩрбие берудің теориясы 
мен ǩдістемесі. – Алматы, 2007. – 10 б.
6 Педагогичекий словарь / Под ред. 
В.И.Загвязинского, А.Ф.Закировой. –М.: Ака-
демия, 2008. – 352 с.
7 Программа федерации детских организа-
ций «Юная Россия» // Воспитание школьни-
ков. – 1993. – № 1, 2.


206
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет