МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
Аннотация
Мақалада тұлғаны рухани жағынан қалыптастыруда құқықтық білім мен тǩрбие берудің
маңызы, құқықтық құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі компоненттері мен факторлары
қарастырылған. Автор оқушылардың құқықтық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделін ұсынған.
Түйін сөздер: құзыреттілік, құқықтық құзыреттілік, жоғары сынып оқушылары, құрылымдық-
мазмұндық модель, мектеп, қалыптастыру ǩдістері.
В статье рассматривается роль правового обучения и воспитания в процессе духовного фор-
мирования личности. Рассматриваются основные компоненты и факторы формирования пра-
вовой компетентности школьников. Автором предложена структурно-содержательная модель
формирования правовой компетентности учащихся.
Ключевые слова: компетентность, правовая компетентность, структурно-содержательная
модель, школа, старшеклассник, методы формирования.
Annotation
The role of the legal educating and education is examined in the process of the spiritual forming of
personality. In the article worked out structural content forming model of legal student’s competence.
Basic components and factors of forming of legal competence of schoolchildren are examined.
Keywords: competence, legal competence, senior pupil, school, methods forming.
34
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
М
емлекетіміз жастарға құқықтың тǩр-
бие беру ісіне үнемі маңыз беріп
келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет
сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау
жǩне орындау − ұзақ уақыт тǩрбие жұмысын
жүр гізудің жемісі. Қазіргі таңда жалпы орта
мек тептерде құқықтық білім берудің басты
мін деттері – мектеп оқушыларының азамат -
тық жауапкершілігі мен құқықтық сана-
сезімін, руханилығы мен мǩдениеттілігін,
баста машылдығы мен өзіндік ǩрекетін, толе-
ранттылығын, қоғамда нǩтижелі ǩлеуметтену
қабілетін жǩне еңбек нарығында белсенді
бейімделуін қалыптастыру. Оқу үрдісінде бұл
міндеттерді оқушылардың құзыреттілігін да-
мыту арқылы шешуге болады.
Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны
дүние жүзінде өзара бағыныштылық пен өзара
ǩсерлесумен сипатталады. Сондай-ақ, білім
берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты −
Қазақстан Республикасының ǩлеуметтік жǩне
экономикалық өміріне белсенді ат салысуға
дайын құзыретті тұлғаның қалыптасуын қам-
тамасыз ету болып табылады.
Құзыреттіліктің латын тілінен аударма-
сы «competence» белгілі сала бойынша жан-
жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти
отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегіндегі
беделді түрде шешім шығара алу қабілеті.
В.Шепель құзыреттілік ұғымына білім,
білік тілік, тǩжірибе, білімді пайдалануға тео-
рия лық-тǩжірибелік дайындық ретін де анық-
тама береді. Ғалымдардың құзыретті лікке
берген анықтамаларын талдай отырып біз
«құзыреттілік» ұғымына төмендегідей анық-
тама береміз:
«Құзыреттілік» дегеніміз – мǩселені сауат -
ты түрде талдай алу, жасай алу, жағдайды
бағалай алу, өз ойын еркін айта алу біліктілігі-
нің жетілуі, білім мен біліктіліктердің жиын-
тығы жǩне алған білімін іс-ǩрекет арқылы
орындай алу қабілеті.
Оқушылардың құқықтық құзыреттілігі
жал пы құзыреттіліктің құрамдас бөлігі бо-
лып табылады. Жалпы құқық теориясында
құқық тық құзыреттілік, құқықтық мǩдениет
мǩсе лесі ǩртүрлі аспектілерде қарастырылып
жүрген өте ауқымды мǩселелердің бірі болып
саналады.
Құқықтық құзыреттілік жалпы құзыреттілік
ұғымы секілді құқық теориясында бір жақты
қаралып бағаланбайды. Оны бір түсінік ая-
сында толығымен ашып көрсету мүмкін емес.
Құқықтық құзыреттілік – ǩлеуметтік феномен
ретінде күрделі құбылыс. Ол өзінің бойына
ǩртүрлі маңызды белгілер мен өлшемдерді
топтастыра алған өте ауқымды жүйелік
құрылым.
Мектепте берілетін құқықтық білім кǩме-
летке толмағандардың заңды саналы түрде
құрметтеу жǩне ой елегінен өткізіп талдау,
алған құқықтық білімін практикада белсенді
түрде пайдалануын мақсат етеді. Сондықтан,
білім беру ұйымдары мынадай міндеттерді
жүзеге асырады:
− заман талабына сай жаңаша жǩне икемді
ойлауы қалыптасқан тұлға тǩрбиелеу;
− жалпы адамзаттық құндылықтарды мең-
гере отырып, ұлттық мǩдениетті бойына
сіңір ген жас ұрпақты қалыптастыру;
− құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру
арқылы тǩуелсіз елдің дербестігін нығайту;
− жеке тұлғаның бойында мемлекет бола-
шағына жауапты, бейбітшілікпен ынтымақ-
тастықтың дамуына мүдделі көзқарасты да-
мыту;
− заңды құрметтейтін құқықтық құзырет-
тілігі, санасы мен мǩдениеті қалыптасқан
ұлт тық сана-сезімі қалыптасқан азамат тǩр-
биелеу [1].
Жоғарыда көрсетілген міндеттердің іші-
нен біз жоғары сынып оқушыларының
құқық тық құзыреттілігін қалыптастыру мǩсе-
лесін қарастырамыз. Себебі бүгінгі заман
талабы біліктілігі мен сана-сезімі жоғары
қалып тасқан азамат тǩрбиелеуге басты на-
зар аудартып отыр. Бұл қоғамның мектеп
бітірушілерге қойып отырған талабы. Оқушы
жастардың азаматтық, патриоттық, құқықтық
мǩдениетінің ǩлеуметтік мǩртебесін көтеру
ǩрі азаматтық, патриоттық, құқықтық тǩрбие
бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу;
білім беру ұйымдарында азаматттық, патриот-
тық, құқықтық тǩрбие беруде мазмұны мен
ǩдіс-тǩсілдері,
оқу-тǩрбие
құрылымының
өзара іс-ǩрекеттік негізінде деңгейін көтеру»
мǩсе лелері басым бағыт ретінде міндеттеледі.
|