Қонфликтілік жағдайдан шығу жолдары. Делдалдық – конфликтіні шешу техникасы ретінде. Конфликтіден кету. Бейімделу. Мәжбүр ету. Келісім. Ынтымақтасу.
Психологиялық делдалдық дегеніміз-бұл конфликтімен жұмыс істеу туралы психологиялық ойларды біріктіретін жұмыс формасы, келісімге келу практикасына негізделген конфликтологиялық дәстүрлерден жинақталған ситуациялық бағытпен тәжірибенің мүмкіндіктері.
Бұл контексте ситуациялық бағыт олардың базистік сипаттарын мадивикациялау арқылы конфликтілі ситуацияны өзгерту мүмкіндігін көрсетеді.Осының негізінде адамдардың мінез-құлықтары мен өзара әрекеттері өзгереді.
Медиатор өзінің іс-әрекетін осы нақты ситуацияда шешім қабылдауға бағыттайды.
Психолог адамдармен, тұлғаралық қатынастармен жұмыс істейді, осыған байланысты конфликтілі ситуация кезіңдегі оның міндетті екі жақты шешімге келу жолдарымен іздеу, қиын жағдайдағы адамдардың арасындағы байланыстарды қайта құру.
Психологиялық делдалдық адамдар арасындағы диалогты ұйымдастыру үрдісіне бағытталған әрекеттер жүйесінде өтте маңызды.Психологиялық делдалдық – конфликтілі жағдайда бұзылған қатынсатарды қайта құруға бағытталған психологиялық көмек болып табылады.
Бұл жерде клиенттің мәселесіне байланысты психологтың (медиатордың) этикалық және моралдық позитцияларына екі полиярлық көзқарастың бар екенің естен шығармау керек:
▪ психологтың (медиатордың) нейтралды позитциясының құндылығын бірінші орынға қою- клиент мәселесіне қатысты қандайда бір өзіндік моралдық позитциясының болуына тиім салу,себебі бұл қорғануға әкеледі.
▪ психолог (медиатор) өзінің құндылық позитциясын клиенттен жасырмастан ашық айтуы керек.
Психологиялық делдалдық псинциптері
Бұл жерде осы екеуінің қайсысы дұрыстеген сұрақ пайда болады .Н.В.Гришинаның айтуы бойынша психологтың өзінің іс-әрекетінде жүзеге асырытын кәсіби құндылық мәселесі маңызды болып табылады.
Конфликтіге үшінші жақтың қатысуында тиімділігі әртүрлі болады.Бағыныштылырлар арасындағы конфликтіге басшының араласуында жағымды нәтиженің болуы 67 пайызы құрайды. Ал ситуацияның 25 пайызында мәселе шешілмеген. Ситуацияның 8 пайызында басшының конфликтті мәжілісіне кері ықпал ететіндігі байқалған.
Бұл дегеніміз конфликтідегі үшінші жақтың іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін факторлардың бар екендігін білдіреді.
1. Екі жақтың бірлескен жұмысқа деген мотивтері, делдалдың көзқарасын ескеруге дайын болулары, олардың ұсынған шешімдерін қабылдаулары маңызды фактор болып табылады.
2.Медиаторлықтың тиімділігі үшінші жақтың іс-әрекетінің ерекшелігі мен сипаттына байланысты анықталады.
Олар:
үшінші жақтың конфликтіні реттеуге деген қызығушылығы;
конфликтіні реттеу үрдісі нәтижелі жүргізуді қамтамасыз ететін білім мен кәсіби сапалардың, сонымен қатар сендіру қабілетінің пайда болуы;
жеткілікті тәжірбиенің болуы;
конфликтілі ситуацияны, жағдайды, оның ерекшеліктерін білу.
3. Конфликтінің өршуі жоғары болғана кезде үшінші жақтың әрекеттінің тұрақты болуы мүмкін.
4.Конфликтіге қатысушылардың ерекшеліктері. Конфликтілі ситуациядағы оппоненттердің өзара қатынастары қаншалықты күрделі болса, делдалдықтың тиімділігі соншалықты төмен.
5.Конфликтілердің реттеуі тактикалары мен техникалары медиатордың ерекшеліктеріне емес, ситуацияға байланысты анықталаады.
Кез-келген үрдіс секілді келісімге келу үрдісінің ішкі даму сикілі бар, оның барасында қатысушылардың медиаторға деген сенімдері не артады не төмендейді.Сонымен қатар конфликтіні шешуге деген қажеттіліктері өзгереді.Делдал келісіге келудің критикалық сәттерін анықтай білу өте маңызды.
3. Үшінші жақтың қатысуымен жүзеге асатын аяқтау үрдісі конфликтіні басқарудың бір формасы ретінде қарастырылады.Беделге, нитралдылыққа, компотентілік сапаларына ие үшінші жақтан көмек сұрау жаңадан шыққан жоқ.Олардың іс-әрекеттерін келесідей алгоритімін қарастыруға болады.Ұсынылып отырған іс-әрекеттер ситуацияның ерекшеліктерін ескеру арқылы анықталған:
- конфликтінің жалпы кортинасын түсініп, ол туралы мәліметтерді талдай отырып оның мәніне ену.конфликтінің ерекшеліктерін, екі жақтың позитциялармен жасырын қызығушылықтарын бағалау.
- осы конфликтідегі оппоненттердің бірімен әңгімелесу.Оның конфликті туралы ойын, неге қолжеткізгісі келетіңдігін және неден қорқатындығын анықтау.
- міндетті түрде екінші оппонентпен әңгімелесу.
- конфликтігнің себептерімен сипатты туралы бірінші оппоненттің достарымен әңгімелесу.Олар бірінші оппоненттің қызығушылықтары туралы жаңа объективті мәлімет береді.Олармен әңгімелесу кезіңдегі уақытты үнемдеуге болмайды.
- конфликтігнің себептерімен сипатты туралы екінші оппоненттің достарымен әңгімелесуі.Олармен әңгімі жоғары мазмұнда болады.
-конфликтінің себебі және дамуы реттеу жолдарын ұжымның формалды емес лидерлерімен бірлесе отырып талдау.
- қажет болғанжағдайда конфликт мәселесі екі оппоненттің басшыларымен бірлесе отырып талдау.
- конфликтіге қатысушылардың жеке ерекшеліктерін ескермей, конфликтінің маңызды себебін неде екендігін түсіну.
- оппоненттерде қарсылық тудырған мотивтер мен жасырын себептерді анықтау.Конфликтінің жасырын мазмұның максималды түрде нақты анықтауға тырысу.
- әрбір оппоненттердің дұрыс және қате жерлерін анықтау.
- оқиғаның дамуының жақсы, жаман және ықтимал варианттарын бағалау.
- конфликтіні тұтас және жекелеген шешу бағдарламасын жасау.Осы бағдарламаның үш-төрт түрін дайындау.
- осы бағдарламаның оппоненттердің достарымен фармалды емес лидерлермен қажет болған жағдайда басшымен бірлесе отырып талдау.
- конфликттінің тек қана тактикасын ғана емес сонымен қатар нақты ситуацияны ескере отырып оның стратегиясынада әрдайым түзетулер еңдіріп шешулер керек.
- осы конфликт нәтижесінде жинақталған позитивті және негативті тәжірибелерді жалпылау.
Достарыңызбен бөлісу: |