«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет2/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне, психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективті ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.
Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс – қосарланған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. Қосарланған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске өзін-өзі бақылауға өте ұқсас.
Өзін-өзі бақылау, яғни өз қалып-күйлерін бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай, олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру бұл әдісте қиын.
Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе, ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.
Бұл әдіс, көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименттік өзін-өзі бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездеріне дәл есептелген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өзін-өзі бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет