Бақылау сұрақтары:
1. Эмоция дегеніміз не?
2. Эмоцияның басқа танымдық процестерге қарағанда айырмашылығы неде?
3. Эмоцияның қандай түрлері бар?
4. Психолог тәжірибесінде эмоция теорияларын қалай қолдануға болады?
Әдебиеттері:
Васильев И.А., Поплужный В.Л., Тихомиров О.К. Эмоции и мышление М., 1980.
Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотвации человека. М., 1990.
Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата. 1992.
Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.
Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций. М., 1979.
Дәріс 7. Темперамент, мінез және қабілет.
Мазмұны
Темперамент (лат. сөзінен temperamentum – келбетке қатысты тиістілік, tempero – тиісті байланыста араласу) – индивидтің психикалық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктер сипаты, яғни психикалық процестердің темпі, жылдамдығы, ритмі, қарқындылығы, және осы іс-әрекетті тудыратын жағдайы.
Темпераменттің ішкі құрылымдық талдауы темпераментте (оның психологиялық сипатында) сыртқы көріністің бір мазмұны және бір жүйесі болмауынан біршама қиындықтарды көрсетеді. Осындай талдаулардан кейін темпераменттің үш негізгі жетекші компоненттерін бөліп көрсетеміз, индивидтің жалпы белсенділігі аймағына, оның қимылына және оның эмоциялығына қатысты болып бөлінеді. Бұл компоненттердің әрқайсысы өз кезегінде психологиялық көріністердің күрделі құрылымдары мен әр түрлі формаларын көрсетеді.
Бірақ тұлғаны тәжірибелік (соның ішінде психологиялық және педагогикалық) зерттеулерде темпераменттің төрт негізгі типін бөлу және олардың психологиялық сипаттары жеткілікті негіз бола алады. Осыған байланысты, сангвиник темпераментіне жоғары жүйке-психикалық белсенділік, ишаралық қимылдардың әр түрлілігі және көптігі, эмоциялық, әсерлілік және лабилділік тән. Сонымен бірге, сангвиниктің эмоциялы қобалжуы терең емес, ал оның теріс тәрбиелік әсерлерге жылдамдылық тұрақтылығының жоқтығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |