«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет21/67
Дата10.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#49012
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Лекция геофак

Бақылау сұрақтары:


  1. Қиял дегеніміз не?

  2. Қиял еңбек іс-әрекетінде қандай мәнге ие?

  3. Қайта жасау қиялы қандай жағдайларды қанағаттандыруы қажет?

  4. Шығармашылық қиял дегеніміз не?

  5. Арманның құндылығы неде?



Әдебиеттері:

  1. Вудвортс Р., Этапы творческого мышления // Хрестоматия по общей психолгии. Психология мышления. М., 1981.

  2. Выготский Л.С. Воображение и его развитие в детском возрасте // Выготский Л.С. Собр. Соч.: в 6-ти томах. 2 Т. М., 1982.

  3. Де Боно Э. Латеральное мышление. СПб., 1997.

  4. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы, 2007.

  5. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.

  6. Тихомиров О.К. Психология мышления. М., 1984.

Дәріс 11. Қиял және сезім
Мазмұны:
Мазмұны:

  • Қиялдың жасалу жолдары

  • Қиялдың түрлері

Қиялдың іс-әрекеті адамның эмоциялық өмірімен өте тығыз байланысты. Бұл байланыс екіжақты. Бір жағынан, сезім қиял іс-әрекетін тудырады: қорқыныштың әсерінен қиял сансыз қауіпсіздіктердің болашағын суреттейді, сәттілік қуанышымен қанаттанған адамда, ол болашақ сәттіліктер мен жетістіктердің ашық картинасын айқындайды. Екінші жағынан, қиял бейнелері сезімдер тудырады немесе бар сезімдерді күшейтеді: тісін жұлуға талпынған көптеген адамдар, дәрігер кабинетіндегі қысқа уақыттық ренішке қарағанда, күшті қорқыныш сезімін бастан өткеретін, азапты айқын қиялдайды.


Әсіресе көркем шығармашылықта қиял мен сезімнің байланысы айқын көрінеді. Суретші өз ниетіне неқұрайлы қарап, оны белгіленген сюжет толқытпайынша шығармашылық процесі, ешқашан толық мөлшерде айқындалмайды. Шығармашылық қиялдың мәнді құрулары үлкен сезімнің қатысуымен туындайды.
Көркемдік туындыны қабылдау процесіндегі қиял мен сезімнің байланысы осындай. Туынды неғұрлым күшті толқытса, соғұрлым қайта жасау қиялының іс-әрекеті интенсивті бола түседі, ал туындының кеіпкерлері мен олардың әрекет етуші ортасын көз алдына елестету арқылы олардың сезімдерін біз тереңірек және күштірек түсінеміз.
Өнер тек қиялдың мектебі ғана емес, сонымен қатар сезімнің де мектебі. Аккумуляторы атақты әдеби туындылар, музыкалар, кескіндемелер болып табылатын терең және мәнді сезімдерді адамның бастан өткеруіне мүмкіндік бере отырып, ол адамның эмоциялық тәжірибесінің шекарасын кеңейтеді және оның рухани өмірінің мәнін байытады.
Қиялсыз бай және жан-жақты эмоциялық өмір мүмкін емес. Қиялсыз адам жеке қасиеттедің тығыз шеңберінде тұйықталады. Басқаның қуанышы үшін қуану және басқаның қайғысына қайғыру үшін қиялдың көмегімен басқа адамның жағдайына кіріп, оның орнында болу керек. Адамдарға деген нағыз сергек және ықыласты қатынас жанды қиялды болжайды
Танымдық қызмет аясында қиял келесі қызметтерді атқарады: болмысты бейнелі түрде елестету; көңіл-күй қалпын реттеу; танымдық процестер мен адамның күйін, еркін реттеу; әрекет етудің ішкі жоспарын қалыптастыру.
Қиял бейнелері бірнеше тәсілмен жасалуы мүмкін. Бейнелерді қандай да бір сапа, қасиет, бөліктерді біріктіру арқылы тудыру агглютинация деп аталады. Қандай да бір бөлікті, тұтасқа қатысты бөлшекті бөліп көрсету акценттеу деп аталады. Неғұрлым күрделі тәсіл – типтеу. Суретші көптеген ұқсас эпизодтарды өзінде қамтитын нақты бір эпизодты суреттейді, сөйтіп, олардың уәкілі тәрізді болады. Белгілі бір дәуірге, адамдардың нақты ортасына тән көптеген қырлары шоғырланатын әдеби бейне де осылайша қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет