Холерик темпераментіне жүйке-психикалық белсенділігінің жоғары деңгейі және іс-әрекетінің қуаты, жылдамдық және қимылының шапшаңдығы, сонымен бірге импульсивтілік және эмоциялы қобалжуының айқын көрінуі тән. Холериктің жеткіліксіз эмоциялы және қимыл-қозғалыстық тұрақтылығы эмоциогенді жағдайларды өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі, ұстамсыздық, қызбалылық көрінуі мүмкін.
Флегматик темпераментіне мінез-құлық белсенділігінің деңгейі салыстырмалы түрде төмен, іс-әрекеті, ишара мен сөзі баяу және бірқырлы жүреді, сезімі мен көңіл-күйінің тереңділігі және тұрақтылығы тән. Флегматикке теріс тәрбие әсер етсе, оның теріс қырлары – босаңдық, эмоциясының нашарлығы және әлсіздігі байқалады.
Меланхолик темпераментіне мінез-құлықтың жүйке-психикалық белсенділік деңгейі төмендігімен байланысты, қимыл мен сөйлеудің тоқтап қалуы және тұншығуы, біршама эмоциялы реактивтілік, сыртқа әлсіз көрінетін сезімнің терең дігінежәне тұрақтылығына тән. Меланхоликте бұл ерекшеліктер тәрбиелік әсердің жоқтығынан эмоциялы жарақаттың жоғарылауы, тұйықтық және жаттану, өмірлік жағдайларда ішкі ауыр қобалжуларға бейімділік дамуы мүмкін.
Келтірілген мәліметтер, тұлғаның қалыптасу жағдайында темпераменттің әрбір типі оң және теріс психологиялық қырларды: «жақсы» немесе «жаман» сипаттайды. Тек оң немесе теріс темперамент кездеспейді.
Темперамент құрылымында мәдени компонент бар екенін айта кету керек. «Мимино» фильмінде, мысалы, басты рөлдегі В. Кикабидзе өзін флегматик ретінде, ал Ф. Мкртчян – холерик ретінде көрсетеді. Бірақ керек жағдайда темпераменттің басқа типін көрсетуге болады. Кикабидзе «Мәскеу» қонақүйіндегі мейрамханада лезгинка билегенде, холериктік типті көрсетеді. Бұл – мысал мәдени факторды көрсетеді.
Темперамент ерекшеліктерінің қалыптасуы тұлғаның еріктік қасиеттерінің дамуына тәуелді, темпераментті тәрбиелеуге мінездің моральды-еріктік жағының қалыптасуы әсер етеді. Өз мінез-құлқыңды басқару бір жағынан темпераменттің сапасын жағымды қалыптастырады, басқа жағынан – мінез қалыптасады.
Психологияда мінез бір ғана мағына бермейді. «Мінез» және «тұлға» түсініктерін ажырату кезінде көптеген талас сұрақтар пайда болады. Психологиялық әдебиеттерде осы екі түсінікке байланысты әр түрлі варианттарды табуға болады: мінез және тұлға ұқсас келеді, яғни бұл терминдер синоним ретінде қолданылады; мінез тұлғаға кіреді және оның құрылымы ретінде қарастырылады; керісінше, тұлға мінездің спецификалық бөлігі ретінде түсіндіріледі; тұлға және мінез «тоғысатын» білімдер сияқты қарастырылады. Егер бізге қажетті түсініктің тар түсіндіруін ұстансақ, мінез бен тұлға түсініктерінің араласуынан қашуға болады.
Мінез тар мағынада индивидтің тұрақты қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады, бұдан мінез-құлық тәсілдері және эмоциялы сезіну тәсілдері көрінеді.
Мінездің осындай анықтамасында оның қасиеттері, темпераменттің қасиеттері сияқты мінез-құлықтың фомалды-динамикалық ерекшеліктеріне қатысты болады. Бірақта, біріншіден, бұл қасиет, егер шекті формалды болуы мүмкін, екіншіден, оларда көптеген мағыналық белгілер байқалады. Темпераментті іс-әрекет аймағы бойынша сипаттайтын болса, «жылдам», «шапшаң», «өткір», «енжар», ал мінез қасиеттері бойынша – «жинақы», «ұйымдасқан», «тиянақты», «көргенсіз» деп бөлінеді. Эмоциялы аймағын сипаттағанда темпераментте «тірі», «импульсивті», «ашушаң», «сезімтал», ал мінезде – «ақ көңіл», «тұйық», «күдікті» деген сөздер қолданылады.
Мінез тұқым қуаламайды және тұлғаның туыла берілетін қасиеті емес, сонымен бірге тұрақты және өзгермейтін қасиет болып табылмайды. Мінез өмір шартының әсерінен темперамент негізінде қалыптасады. Мінезде темпераменттің қырлары өзгертілген түрде көрінеді. Оларды адамдар түсінеді және қабылдайды немесе қабылдамайды. Мінез қоршаған орта әсерінен, адамның өмірлік тәжірибесінен, оның тәрбиесінен қалыптасады және дамиды. Бұл процеске әсер ететін, біріншіден, қоғамдық-тарихи жағдайлар (әрбір адам нақты бір тарихи қоғамда өмір сүреді, нақты бір әлеуметтік ортада солардың әсерінен тұлға болып қалыптасады) және екіншіден, индивидуалды-өзіндік ерекшеліктер жағдайы (әрбір адамның өмір сүру шарты және іс-әрекеті, оның өмірлік жолының өзіндік ерекшелігі және қайталанбастығы). Сондықтан, әрбір адамның мінезі оның қоғамдық болмысымен және жеке даралығымен анықталады. Осыған байланысты индивидуалды мінездердің шексіз әр түрлері болып келеді. Дегенмен, бірдей жағдайда өмір сүріп және дамыған адамдардың өмірі мен іс-әрекетінде ортақ нәрселер болады, сондықтан мінездерінде көптеген жалпы жағдайлар мен ерекшеліктер бір-бірімен ұқсас келеді. Әрбір адамның мінезі жеке және типтік жағынан ерекшеленеді. Әрбір қоғамдық-тарихи дәуір мінездің қырларын қалыптастыра отырып, адамдардың дүниетанымына әсер ететін өмірдің жалпы әдет-ғұрыпын және қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын сипаттайды.