«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет5/67
Дата10.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#49012
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Лекция геофак

Қабылдауды кез-келген басқа психикалық феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады.
Қабылдау жеке қасиеттерді бейнелейтін түйсікке қарағанда, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын тұтастай бейнелеп, шындықтың интегралды бейнесін құрады.
Қабылдау қорытындысы – субъектінің сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердің тікелей әсер етуінен пайда болатын қоршаған әлемнің интегралды, тұтас бейнесі.
Заттардың, нақты құбылыстар немесе процестердің қасиеті ретінде қабылданбайтын түйсіктен айырмашылығы, қабылдау бізді қоршаған әлемдегі заттардың түрі ретінде рәсімделетін субъективті қатыстылық ретінде жүреді. Сонымен қатар, біз иллюзиямен жұмыс істегенде немесе қабылданатын қасиет салыстырмалы қарапайым болғанда, ол қарапайым түйсінуді шақырады (бұл жағдайда түйсік қандай да бір құбылысқа немесе объектіге қатысты болып, олармен ассоциацияланады).
Қабылдау бірқатар қасиеттерге ие:

  • константтылық (тұрақтылық) – жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік беретін ерекше қасиет. Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады (қабылданатын затқа дейінгі ара-қашықтық, жарық түсіру жағдайы, қабылдау бұрышы және т.б.). Ұшақ биіктегенде барлығы кішкентай болып көрінеді: үйлер, адамдар құмырсқадай болып көрінеді. Ұшақтан түскенде - барлығы өз қалпына келеді. Басқа мысал. Шөл далада ештеңеде жоқ: құм және өмірдің ешқандай белгісі болмайды. Міне, мұнда константтылықтың қасиеті жоғалуы мүмкін: кейде қойды кесірткеден айыру мүмкін болмайды. Шөл даланың ерекше жағдайы қабылдауды бұрмалап, ақпаратты өңдеу процесіне әсер етеді.

Константтылықтың қасиеті қабылданатын обьектіге және оның өмір сүру жағдайларының ерекшеліктеріне икемделетін және кері байланыс механизміне ие, өз бетінше реттелетін әрекетпен түсіндіріледі.

  • заттылығы – объект жеке физикалық дене болып кеңістікте және уақытта жекеленуі ретінде қабылдануы. Бұл қасиет фигура мен фонның өзара байланысы кезінде анық көрінеді. Заттың қасиеті, заттылығы затпен байланыс кезінде пайда болады, ол адамға қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Заттың қасиеті қандайда бір тұтастықта байқалады.

  • тұтастығы – бейнелі түрде бөлшек пен тұтастың ішкі ағзалық өзара байланысы. Бұл қасиеттің екі аспектісін қарастыруға болады: а) әр түрлі элементтерді біріктіру; б) оның құрамдас бөлшектерінің сапасынан құрылған тұтастықтың тәуелсіздігі.

Қабылдауды ұйымдастырудың принциптері (заттылық пен тұтастылықтың қасиеттері) гештальтпсихология өкілдерінің еңбектерінде неғұрлым терең және ашық талданған (М. Вертгеймер, Ч. Осгуд және т.б.).
Қабылдаудың тұтастылығы мен құрылымдылығының қайнар көздері бір жағынан обьектілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты болса, екінші жағынан адамның заттық іс-әрекетінде.
жалпылық – әрбір бейненің аты бар кейбір объектілер класына жатқызылуы;

  • қабылдаудың мағыналығы қабылдаудың ойлаумен, заттың мәнін түсінумен байланысына негізделген;

  • қабылдаудың маңызды феномені шынайы әлемге заттық бейненің қатыстылығы болып табылады – проекция феномені (мысалға, көз торында адамзаттың бейнесін емес, шынайы әлемдегі шынайы затты көреді). Бұл феноменді тұлғаның қалыптасуындағы барлық деңгейден байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет