«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет5/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
«Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò

8. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобы бар:

  1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

  2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

  3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Негізгі зерттеу әдістері.
Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады.
1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт (1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
2)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға өзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жөн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады»,- деп тегін айтпаған.
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.
Эксперимент әдісі — себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
— зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді;
— эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады;
— эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады;
— эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Қосалқы зерттеу әдістері.
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі — сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Өйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің өсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет