«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы


Дәрігердің эмоционалды күйреуі туралы түсінік



бет14/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
«Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò

15. Дәрігердің эмоционалды күйреуі туралы түсінік.
Бiрнеше жылдар бұрын, американдық психологтар байқағандай, кейбір адамдарда бiр қалыпты жұмыс барысында да қарым қатынас жасау стилі өзгерiп стреске түскен кездегідей қалып танытады. Психологтар мен әлеуметтанушы қиын жағдайға түскен адамдарға стрестен шығуға, психологиялық ауыр күйзелістерден құтылуға көмектесуді сұрап келушiлерден басталады. Бұл қызметті талдау жұмысы «стресс ауруынын» ерекше формасын «қарым-қатынас жасау ауруын» анықтауға көмектесті. Бұл жағдай «тұлғаның күйреуі», яғни «күйреу» деп аталады. Оның басты себебі – психологиялық рухани қажу. Бұл әсіресе, қызметiне орай адамдарға өзiнiң жылылығын үнемі «сыйға тартып отыруга мiндеттi адамдарда, шектен тыс шаршаған уакыттарында ерекше байқалады. «Күйреуге», ең алдымен, психотерапевтер, мұғалімдер, дәрiгерлер, сатушылар, яғни басқа адамдарға үнемі ілтипатты, ізетті қызмет көрсетуге бағытталған кәсiп мамандары ілігеді. «Күйреу - бұл басқалардың қиындықтарын терең сезiнiп, ортақтасудың құны» деп америка психологы К.Маслах өз кітабын атады. Осы еңбегінде бұл кұбылысты кенiнен зерттеу нәтижелерi ұсынылған.
Эмоционалды күйреу синдромы психикалық қажудан пайда болып, кәсiби қарымқатынасы тиiмдi орындау деңгейі төмендейді: дәрігер бұрынғыша өз жұмысына толық берiле алмайды, оның өзiндiк бағалауы төмендейді, яғни дәрігер өз ic-әрекетін сәтсіз деп қабылдайды. Науқастарға психикалық жарақаттың көзi ретiнде қарап, оған жағымсыз, терiс қарым-қатынас жасауы мүмкін. Дәрігер, науқастың мазасыздығына, депрессивті, суицидті ойларына мән бермеуі мүмкін. Науқас жөнiнде ол салқын, немқұрайлы, тiптi өшпенділікпен айтуы мүмкін. Дәрігердің бұндай өзіндік
«дәрігердің дағдарысы» уақыт өте қайталанып тұруы мүмкін. Мұндай науқастар бұл дәрігерге барудан қашып, тiптi тәжiрибесi аз, бірақ ілтипатты дәрігерге баруды жөн көреді. Мұндай дағдарыс кезiнде дәрiгерге бiршама демалып, кәсіби тренингтерге қатысып, психотерапевт көмегіне сүйенгенi дұрыс. Дәрігер – әйел адамдарда, дәрігер - ерлерге қарағанда эмоционалды қажу жиірек кездеседі. Эмоционалды күйреуге түскен адамдарды әдiлеттi, сезімтал, жұмсақ деп сипаттайды. Сонымен қатар, олар эмоционалды тұрақсыз, көңіл күйі толқымалы, интроверт болып келедi.
Эмоционалды күйреудің түрлі типтері:
«Күйреудің» түрлі көріністерін үш типке жiктеуге болады:
Бiрiншi тип - эмоцияның «сөнуi», өшуi», яғни сезiмдердiң өткірлігі, күйзелістердің дәлдiлiгi жойылады. Былай айтқанда бәрi өз орнында, қалыпты, бiрақ жан дуниеде бiр зерiгу, бос қалу сезiмi бар. Ең жақын адамдарға деген сезiмдер де сөніп, сүйікті тағам да дамсiз сезiледi:
Екiншi тип – науқастармен қақтығысқа түсу. Алғашқыда олар жасырын жүреді. Кейiн келе науқасқа деген жағымсыз сезiмдердi сезiне бастайды. Бастапқыда, бұл күйiн жасыруға тырысып бағады, бiрақ бiр күндері дәрігердің шыдамы таусылып бар ашуын бiр-ақ алады. Оның құрбаны ретiнде, еш кiнасi жок, қайта дәрiгерден кәсiби көмек күткен науқас болып қалады.
Үшiншi тип - кейде қоғамға, жанындағыларға қауіпті болуы мүмкін. Себебі, ол өмірге деген қызығушылығын, ққұндылығн жоғалтқан адам. Ол әдеттегідей үйреніп қалған iс-әрекетін қайталап отыруы мүмкiн. Бірақ, оның көзқарасы бос, жүрегі мұз болып қатып қалғандай, ол барлығына немқұрайлы қарайды.
«Эмоционалды күйреу синдромын» зерттеуде оның үш фазасы анықталады.
Бiрiншi фаза - «қысым түсу фазасы». Эмоционалды күйреудің алғы шарты ретінде, мазасыздық күйiнiң тұрақты болуы, мұның алдарынан көңіл күйi түсіп, ашуланшақтық байқалады (ашуын баса алмау, жалпы барлық iс - әрекетін бақылай алмау) және депрессивті реакция көрiнiс бередi.
Екiншi фаза «қарсыласу фазасы». Бұл кезеңде эмоционалды факторлар әсерінен қашу, «қатыспауға тырысу» байқалады. «Эмоцияны үнемдеу», эмоцияны шектеу, дарiгер – науқас қарым-қатынасын қысқартып, оған үстiрттiк, формализм сипатын береді. Мұндай қозғалыс механизмi кәсiби iс-әрекеттен тыс, өмірдің барлық сфераларында да байқалады және бұл адамдарды таңдап қана, әрi шектеулi ғана уақытта қарым-қатынас жасауға әкеледі.
Үшiншi фаза «қажу фазасы» деп аталады. Бұл фазада адам қуаты төмендеп, психовегетативті бұзылыстар байқалады. Көңіл күй төмендеп, үмітсіздік мазасыздық пен болашаққа сенбеу бой алады. Мұның бәрi психикалық iс-әрекеттің бұзылысына әкеледі, яғни есте сақтау төмендейді, зейінділік бұзылады және соматикалық симптомдар: түрлі ауру сезімдерi, жүрек қан тамырларының, басқа да физиологиялық ауытқулары туындай бастайды.
Эмоционалды әсер ету, науқаспен қарым-қатынас жасаудың басында өте маңызды. Ары қарай қарым-қатынастың эмоционалды контактының қарқындылығы емдеу кезеңдерiнiң кейбiр манызды тұстарында артуы мүмкiн, мысалы операция жасату жөнiнде қабылданған шешімнен бас тартуға, ұзаққа созылатын және ауыр өтетін емдеу шарасына көндiру қажеттiлiгi туындаған жағдайда. Науқастың өмiрiне қауіп төнiп тұрған жағдайда, депрессиялы науқаспен, суицидке бейiм немесе психикалық ауыр стресс алған адамдармен (жақыны қайтыс болған, ажырасып кеткен т.б) қарымқатынас жасауда эмоционалды әсер етудің рөлi өте маңызды.
Эмоционалды күйреудің алдын-алу шаралары:
Шетелдерде зерттелiп, қарастырылған «эмоционалды күйреудің» алдын-алу әдiс тәсілдерінің көпшiлiгi «стрестi» жоюга бағытталған.
Бiрақ олар оқыс жағдайларда сөйлесудегi күйзелiстi қарым-қатынас екi жаққа да болуы мүмкiн екенiн ескермейдi. «Күйіп кетумен» бiрге қоғам дәл саған мұқтаж деген ой сананы қамтитын таңғаларлық энтузиазм кездеседі. Ұжым мен отбасы өмiр мен жұмыстың ауыр жағдайларына қарамастан адамға, ол өзін беделді ұстай алатындығына сенiмiн қолдаса «Күйіп кетуден» құтыла алады. Бірақ ең бастысы – «күйiп кетiп жатқанға» физикалық және рухани демалыс қажет.
Г.У. Солдатованың (2002) пiкiрi бойынша, стресс пен эмоционалды күйреулi алдын алудың тиiмдi шарасы, бұл iс -әрекетті дұрыс ұйымдастыру. Басшылардың тарапынан:

  • Қызметкерге әсіресе қиынға соғатын тұстарға көп мән бере отырып, супервизия ұйымдастыру.

  • Төменгі дәрежелі қызметкерлердің бiршама тәжiрибелi әрiптестерiне деген және керiсiнше «кері байланыс» жасауды қамтамасыз ету (туындап отыратын мәселеге орай қызметкер мен әңгіме жүргізу және өздерiнiң жұмыстарының тиiмдiлiгiне қатысты кері байланыс беріп отыруды жүйелі түрде жүргiзiп отыру);

  • Қызметкердің эмоционалды күйреуiнiң алдын алу;

  • Қызметкердiң өзіне қоятын талабын, оның мүмкiн болатын, қол жетiмдi мақсаттарын қолдау арқылы төмендету;

  • Жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, қызметкерлердің өз бiлiмдерiн жетiлдiруiн ұжым, мекеме ішінде жүзеге асыру, мүмкіндік туғызу;

  • Жаңадан келген мамандарды жұмыс барысында кездесуi мүмкiн қиындықтармен таныстыру;

  • Ұжымда қолдау тобын құру, тәжірибе алмасу мен жағымды өзара түсіну атмосферасын қалыптастыруға тырысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет