«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы


Қарым-қатынас түсінігі. Құрылымы қарым-қатынас (коммуникация, интеракция, перцепция)



бет17/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
«Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò

Қарым-қатынас түсінігі. Құрылымы қарым-қатынас (коммуникация, интеракция, перцепция).

Қарым-қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген. Қарым-қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар аударған. Қарым-қатынасты зерттеу үдемелеп бара жатыр. Қарым-қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуымен және оның психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты. Бірақ қарым-қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие.
Қарым-қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндермен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым-қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде қарастыруға болатын шығар. Психологиялық тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А.В.Петровский және М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым-қатынас біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды. Бұл анықтама қарым-қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті, бір-бірін тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым-қатынастың аспектілерін қарастыру деп қабылданған. Ақпаратты беру қарым-қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады; өзара әрекет қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы қарым-қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке қарастырған жөн. Кейде коммуникация, перцепция және интеракция қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді.
Қарым-қатынасты «іс-әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды сипатын көрсетеді. «Қарымқатынас үшін қарым-қатынас» жағдайын қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым-қатынас та біріккен іс-әрекеттің заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады.
Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орын мен мағынасына байланысты. Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз.
Коммуникация (информативті) – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру үрдісі.
Интеракция (интерактивті) – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Жалпы қарым-қатынастағы этникалық ерекшеліктер қазіргі экономикалық даму кезеңінде өте өзекті мәселе болып отыр, өйткені әр мемлекет, әр ел өкілдері бір-бірімен достық, экономикалық, саяси, т.б. қатынастар орнатып, жиі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Осындай қарым-қатынас жағдайында әр ұлттың этникалық ерекшеліктерін, этникалық өзіндік сана көріністерін ескеру олардың арасындағы байланысты нығайта түсіп, арадағы мүмкін болатын шиеленістерді азайтады деп ойлаймын. Олардың бір-бірінің өзіндік бағалауын, өзін санасын, соның ішінде этникалық өзіндік санасын төмендетпей, бір-біріне түсіністікпен қарауы, олардың арасындағы қарым-қатынасын, достық қатынасын, т.б.
нығайта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет