«Психология» пәні бойынша осөЖ



Дата07.01.2022
өлшемі16,42 Kb.
#20598
Байланысты:
Осөж 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬЕТІ

«Психология» пәні бойынша ОСӨЖ
Тақырыбы: «Психология менің өмірімде және кәсібімде»

Орындаған: «Тарих және археология» мамандығының І курс студенті Биболатқызы Айгүл

Пән оқытушысы: Баймахан.С.Н

Ақтөбе, 2020-2021 оқу жылы

Мен психологияны математика, физика, биология сияқты ғылым ретінде емес, адамның жеке дамуы мен өзін жақсы сезінуіне көмектесетін ғылым ретінде қараймын.

Психологияның әркім өзінше түсінеді деп ойлаймын. Ол да психологияның айтатын әр адамның индивид екендігінде дәлел. Мен психологияны математика, физика, биология сияқты ғылым ретінде емес, адамның жеке дамуы мен өзін жақсы сезінуіне көмектесетін ғылым ретінде қараймын. Психология мен үшін өмірімде үлкен өзгерістер алып келіп жатқанын нақты айта аламын. Олай дейтінім адамдар қашанда бақытқа қарай ұмтылады, бірақ бақыттың не екенін білмеуі мүмкін. Психологиялық жазбалар мен кітаптар оқи бастап, бақыт деген дәл қазіргі сәт екеніне, бақыт деген сатып алатын нәрсе емес ол менің жай күйім екенін түсіне бастадым.

Жеке өзімді қарастырар болсам, менде бәрі де өз уақытымен кезеңімен болып жатты. Қолыма алғым келген қызыл дипломымды алдым, одан кейін магистратураға түсе саламын деген ой болды. Бірақ бірінші жыл болмады. Мен депрессияға түстім. Дайын тұрған жұмыс болмады, ұнамайтын жұмысты істеуге тура келді. Барлық құрбы құрдастарым бірден түсе қалды. Қазір ойлап қарасам, депрессия деген сөзді өзіміз ойдан шығарып алады екенбіз. Мен қазір сол кездері болған сәтсіздігімді сабақ ретінде көріп қуанамын. Сәтсіздіктермен мен одан да биікке көтерілуім керек деп, өзімді іздеумен, өмірге қапа болумен бір жылдай өтті. Маған психология әлеуметтік желінің арқасында келді. Қазіргі уақытта психология сөзі трендке айналып барады. Сондықтан мен оны психология деп емес өзіңді тану дер едім.



Әлемде көптеген адамдар өз өмірлерін өзгерткісі келеді. Бірақ неден бастауын білмеуі мүмкін. Бұл техниканың авторы –атақты психолог Уилл Боуэн. Техниканың мағынасы күлгін түсті білезікті тағып жүріп ешқандай негатив ойлар ойламай және 21 күн бойы бір қолда тағып жүруіміз керек. Ал егер ойламаған жерден жаман ойлар келсе, басқа қолға ауыстырамыз. Сонда санау басынан басталады. Бұл сіздің ойыңызды бақылауға көмек береді, күлгін білезік тек сіздің есіңізге салып тұрады. Негатив ойлар дегеніміз не? Олар: өсек айту, балағат сөз айту, өз өзіңді кінәлау, біреуге критика айту, біреуді жек көру. Бұл жерде күлгін түстің еш фантастикалық күші жоқ. Тек автор осы түсті таңдаған. Ал неге 21 күн? Ғалымдар зерттеуі бойынша қандайда бір іс әрекетті 21 күн бойы қайталасаңыз, ол дағдыға айналады. Сондықтан да білезікті 21 күн қолымыздан шешпеуіміз керек.

Қорытындылайтын болсам, әркімнің өмірі тек өз қолында. Қазақ психологы Камшат Бекжігітова айтпақшы «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгертуге болады». Тек оймен, эмоционалдық жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Қазіргі таңда атақты қазақ психолог қыздары Құралай ханым, Камшат Бекжігітова, Құралай Қалиевалардың блогтарын, видеосеминарларын тыңдаймын. Кітаптарын көп оқымасам да Бриан Трейсидің сұхбаттары мен Ted оқуларын тыңдаймын. Әйел кісілермен қоса мотиватор ер адамдарды оқу керек деп білемін. Оның ішінде қазақ мотиваторларының бірегейі –Қуаныш Шоңбай дер едім. Өз өмірімізге тек өзіміз ғана жауаптымыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет