Кәсіби бағдарлану– еңбек психологиясының негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл ғылыми пәннің қалыптасуы 1908 жылы Бостонда, дәрігер Ф.Парсонс ашқан жастарға мамандық таңдау кезінде кеңес беретін бюро ашылумен байланысты болады. Кәсіби кеңес берушілер жұмысының техникасы мен арнайы процедураларының әртүрлі бағыттарының даму және қалыптасуы анықталады..
Кәсіби даму(лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке ықпалдастыққа (интеграциялануға) тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс-әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқалары.
Кәсіби даму – бұл жүйелі білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Білім беру ұйымдарындағы 16-23 жас аралығындағы жастардың басым көпшілігі мекемелерде немесе кәсіпорындарда білім алады немесе кәсіптік білім алады.Мамандық алу өзінің бойындағы қабілеттерін пайдалана отырып, адам болу қажеттілігін түсінуге, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке стилін дамытуға ерекше мүмкіндік береді.
Адамның мүмкіндіктері мен еңбек ету қуат күшін анықтайтын ғылымэргономика (грек тілінен – еңбек және заң, «жұмыс заңы»).Терминді 1857 жылы Войтех Ястшембовский ұсынды.Кез-келген еңбек ету қабілеті қуат күшімен қарастырылады. Эргономика табиғат заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылым болып табылады. 1960 жылдарыдамыған эргономика ғылымы «адам – техника – орта» дегенжүйенізерттеп, бекітті. Оғанмаманның кәсібижәне жалпыдайындықсапасынжоғарылатужатады.
Кәсіби өзіндік анықталу бұл белгілі бір мәдени-тарихи (әлеуметтік-экономикалық) жағдайдағы орындалатын жұмыстың және өмірдің барлық мағыналарының тәуелсіз және саналы түрде табылуы.
Әлеуметтік бейімделу – бұл жаңа қызметкердің еңбек өнімділігін жоғарылатудың алғашқы қадамы. Маманның жаңа қызметке бейімділігі оның ақыл күш қуатына байланысты. Бейімделу – болашақта қызметкердің мотивациясына оң әсер етуі мүмкін.
«Кәсіби бейімделу»біріншіденжаңа жұмыс орнына,жаңа лауазымға бейімделуменайқындалады.Ұжыммен қарым-қатынаста, командаға және команданы жаңадан келгенге тез бейімдеу екі жаққа да тиімді болады.Қызметкердің бейімделуінің сәттілігі ұжымдағы персоналды басқару , еңбек инновацияларына, әлеуметтік-психологиялық климатқа байланысты.
ІІІ. Кәсіби мансап– бұл адамның кәсіби қызметіне байланысты ұйымдық мәртебенің даму тізбегі. Әлеуметтік мансаптұлғаның ұйымда әлеуметтік-мәдени кеңістігінде алға жылжуының траекториясы. Ірі корпорациялар өз қызметкерлерінің кейбір санаттарына арналған мансаптық бағыттарды құруға және тиісті механизмдерді жасауға ұмтылады.Ұйым мен қызметкер байланысы болып тұлғаның әлеуметтену мен мансаптық өсу мүдделері сәйкес келгенде кәсібидаму деңгейі қамтамасыз етіледі.
Қызметкер үшін әлеуметтену кәсіби және әлеуметтік мәртебенің жоғарылауын білдіреді. Қызметкердің мансаптық өсуі өмір сапасын жақсартуға әкеледі, өзіңізді қандай да бір ұйыммен байланыстырмаңыз.Мансаптың тез өсуі, жалақысы жоғары лауазым, басшылық – бұл көптеген қызметкерлер армандайтын нәрсе. Алайда, мұны белгілі бір күш-жігермен ғана алуға болады. Сіз таңдаған және байланысты салалардағы кәсіби білім мен дағдыларды үнемі үйреніп, жетілдіріп отыруыңыз керек.
Кәсіби өсу мақсатын анықтаңыз– сізді не басқарады? Кейбіреулер көшбасшы болғысы келеді, ал басқалары бір орында отырудан шаршайды және дамуды аңсайды, ал басқалары үшін материалдық мақсаттар маңызды. Сізді ынталандырушы факторларды анықтағаннан кейін ғана сіз мансаптық модель жасай аласыз.
Мансап – адамның жұмысқа және оның мінез-құлқына соңғы қатынасын анықтайтын іс-әрекеттер тізбегі.Ұйымдар персоналдың мансаптық өсуіне әртүрлі тәсілдермен қарайды.Мансап тік (вертикальды) (дәстүрлі түсінік жоғарыға қарай жылжу) және көлденең (кәсібилікті жетілдіру, номиналды ұстанымсыз нақты күш пен биліктің болуы) тұрғыда қарастырылады.
Мансаптың тиімділігі– бұл адамның еңбекке деген бірқатар көзқарастарымен қанағаттанатын дәрежесі.Мансаптық жалақы, ұйым иерархиясындағы лауазым, әлеуметтік мәртебе нәтижелерімен анықталады.Қазіргі кезде мамандардың жеке және кәсіби өмірінде нақты нәтижелерге қол жетуге көмектесетін кәсіби коучингтер бар.
Ал психологиялық қызметте коучинг процесі арқылы маманның өз білімдерін тереңдетуге, өз ықпалдылығын және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беріледі. Коучингарқылы өмірде, кәсіби мансапта, бизнесте ең жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ететін кәсіби қатынастар процесі жүреді. Коуч кеңес беретін консультант есебінде емес, мәселелердің шешімін іздеудегі кәсіби дем беруші рөлінде қолданылады.
Коуч әрбір мансапқа қол жеткізгісі келетін тұлғаның творчестволық мүмкіндігін ашады. Өмірде табысты өзгерістердің болуын қамтамасыз ететін оңды нәтижелерге жетуге ықпал жасайды.Қазіргі уақытта кәсіптік білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық маман болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі.