Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет43/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

2-қорытынды: Кәсіби өзіндік анықталу ішкі ресурстардың, күштердің, тұлғаның кәсіби қалыптасу жолындағы көзқарастарының және оның дамуының көрінуіне байланысты. Адамның кәсіптер әлеміндегі және кәсіби жолдағы кәсіби өзін-өзі анықтауы – кәсіпқой тұлғаны қалыптастырудың жеке аспектісі. Тұлғаның өзіндік анықталу мәселесі тек мамандықты таңдау тұрғысында ғана емес, сонымен бірге тұлғаның кәсіби дамуы мәселелері арқылы қарастырылған.


3-қорытынды: Маманның ұтқырлығы мен өзгермелілігіне байланысты, қазіргі жағдайда көптеген мамандықтар үнемі қайта даярлауды, біліктілікті арттыруды қажет етеді. Оның мансабының жетістігі жеке адамның өз кәсібін қаншалықты өзгерте алатындығына байланысты болады.Жеке адамның өзінің мақсаттарын, қызығушылықтарын түсіну дәрежесі және нәтижеге жетуге бағдарлануы, бұл мансапқа әсер етеді.

1

№8 дәріс

Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері.

Дәрістің жоспары:

  1. Психологиялық денсаулық туралы ұғымдар;

  2. Психологиялық денсаулық көрсеткіштері;

  3. Психологиялық денсаулықты сақтау және жетілдіру тәсілдері.


Дәрістің мақсаты:Адамды әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы бойынша психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелерін талдау арқылы білім алушыда психологиялық денсаулық жайлы тсүініктерді қалыптастыру.
І. Gсихологиялық денсаулық өз денсаулығыңыз бен салауатты өмір сүру салтында психикалық күйлерге кері әсер ететін теріс эмоционалды басымдылыққа қарсы тұра алу қабілетін сақтауды ұйымдастыратын көмек.
Психологияда жақсы көңіл-күйдің болуы, эмоционалдық тұрғыда адамның ішкі күйлерін реттей алуы психологиялық денсаулықты сақтаудың кепілі. Психологиялық денсаулықта адамның сыртқы және қоршаған ортаға қарым-қатынасында өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту саулықтың сақтаудың негізгі мүмкіндігі.Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет