Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН 1:Эмоция дегеніміз не және оның негізгі түрлері қандай екендігін анықтап, адамның өз эмоцияларын талдауға жол ашу арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру;
2- ОН: Адам өміріндегі базалық эмоциялардың денсаулыққа әсерін зерттеу арқылы, жағымсыз эмоциялардың алдын алу қабілетін түсіну;
3-ОН: Жағымды эмоцияларды жандандыру жолдарын қарастыра отырып, позитивті ойлау қабілетін жетілдіру;
4-ОН: Эмоциялық интеллект құрылымын түсіну арқылы, әлеуметтік қарым-қатынас сапасын арттыруды негіздетйін әдістерді қолдану;
5-ОН: Эмоция және ой бірлігін қарастыра отырып, ішкі сезімдерді басқару жолдарын анықтайтын бағдарламалар құрастыру.
І.Әрбір эмоция негізінде әрекетке итермелейтін күш жатыр; сол күшті басқара білу эмоциялық интеллект негізі болып табылады.
Дэниел Гоулман «Эмоциялық интеллект»
Дәрісті бастамас бұрын, алдыңызда берілген график бойынша өз көңіл-күйіңізді анықтаңыз.
1-сурет - Көңіл-күй шкаласы
Графикте берілген шкала бойынша қазіргі эмоцияңыздың сапасын (жағымды-жағымсыз)(позитивті-негативті) және күшін (жоғары-төмен) -5 пен +5 аралығында бағалаңыз.
Адам өміріндегі әрбір сәт түрлі эмоциялық күйлерге толы. Эмоция дегеніміз адамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы. Табиғатта 4 базалық эмоция бар, олар: қуаныш, қорқыныш, ашу, күрсіну (мұңаю). Олар күші бойынша әлсіз немесе қатты болып, үнемі динамикада болады.
Негізгі эмоциялар:
1.Қорқыныш. 0+- алағдаушылықтан қорқу, толқу, қ0рқу, мазасыздану, үрей;
2.Ашу: 0+- наразылық, реніш, тітіркену, агрессия, ашулану;
3.Қайғы. 0+-көңілдің бұзылуы, меланхолия, қайғы, апатия, үмітсіздік, шарасыздық, аңсау
4.Қуаныш. 0+-тыныштық, қанағаттану, қуану, көңілдену, ләзаттану, эйфория
Эмоцияның күші ұлғайған сайын, оны басқару қиындай түседі. Эмоция күші өте жоғары болған жағдайда, адам рационалды ойлау қабілетін жоғалтып, инстинктивті әрекет жасайды, яғни адамды сол эмоция басқарады деген сөз.
Кейде мұндай күйді аффект деп атайды. Өмірде төрт базалық эмоция болғанымен, адам жүздеген түрлі эмоциялық күйлерді сезіне алады. Олардың барлығы осы төрт базалық эмоциялардан кұрылған күйлер. Мысалы, реніш – ол үрей мен күрсіну эмоцияларынан құрылған сезім, ал қызғаныш –үрей, ашу және күрсіну қосындысы.
Адам қызғанған кезде, сүйікті объектісін жоғалтып алуға қорқады, оған көз салған адамға ашуланады және осындай жағдай орын алғаны үшін мұңаяды. Сондықтан, әрбір көңіл-күй аталып өткен төрт базалық эмоция қатыстығы бойынша талдануы қажет.
Адам эмоциясы оның ағза жұмысымен тығыз байланысты. Әрбір эмоцияның өз келбеті болады: қуанышта –күлу, ашуда – қабақ түю, қорқуда –көзді үлкейтіп, басты артқа шегіндіру, мұңайғанда –қабақты түсіріп, көзге жас алу.
Бұл сыртқы өзгерістер ішкі өзгерістермен байланысты: тыныс алу жиіленіп немесе баяуланады, жүрек қағысы өзгереді, қан қысымы көтеріледі немесе түседі. Бұл процесстер негізінде түрлі гормондардың жұмысы жатыр. Демес, әрбір эмоция гормондар жұмысымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |