Стрессті қалай білуге болады, оның 4 негізі бар:
1.Мінез-құлықта білінеді: мысалы мен әдеттегіге қарағанда тез жүретін болдым; мен қатты сөйлей бастадым және дірілдеген дауыс пайда болды; менің қолдарым дірілдей бастады; мен тез ашуланатын болдым, мен паузалар жасамайтын болдым, мен тіпті сөйлеуден қалдым, біруақытта бірнеше істерді жасап тастауға тырысып жатырмын; мен басты нәрсе мен екінші сипаттағы нәрселерді ажырата алмаймын; жаман ұйықтаймын, қарым-қатынаска түскім келмейді;
2. Денеде білінеді: арқам ауырады; басым ауырады, қатты терлей бастадым, асқазан жұмысы бұзылды, қолым суық әрі ылғалды, жүрегім ауыра бастады, аяқтарым тез мұздайды;
3. Ойларымда: «бәрі дұрыс болмай жатыр», «мен өзімді бәлеге ұшыраттым», «мен өзімнің әлсіздігімді ешкімге көрсеткім келмейді», «басқалар маған дұрыс қарамайтын сияқты», «мен қате жіберуге тиіс емеспін», «мен кез-келген мәселені шешуді білуім керек»;
4. Сезімдерде: нәтижесіз ойлар, ішкі беймазалық, ашуды қадағалай алмау, зейіннің нашар шоғырлануы, ашуға булығу, жәрдемсіздік, қорқыныш, ызалану, іштей құлазу, ашу ызғарланулар.
Сонымен осы талдауларымызды қорыта келе енді біз, стрессті қалай жеңеміз, эмоциялық күйлерді қалай басқарамыз, өзімізге қалай көмектесеміз деген сұрақтарды шешу үшін біз стресс-менеджмент түсінігіне келеміз.
ІІ. Стресс-менеджмент ұғымы 1990 жылдардың басында пайда болды. Стресс-менеджмент ағылшын сөзі (stress-management – қысымды, зорлануды басқару). Стресс-менеджмент – өте қатты физикалық және психологиялық зорлануда өзіңнің мінез-құлқыңды және күйлеріңді сауатты түрде басқара білу.
Стресс-менеджмент екі бағыттан тұрады:
1.Қысқа мерзімді стресс-менеджмент, ол эмоцияларды басқара алумен байланысты әдістемелермен байланысты болады;
2.Ұзақ мерзімді стресс-менеджмент (немесе стратегиялық): эмоциялық біліктілікті дамытуға бағытталады, жағымды (позитивті) ықпалды қалыптастырады, теріс (иррационалды) сенімдерді өзгертеді.
Сізге стресс тудыратын мәселені шешуге жоспар жасау керек:
Мәселені ашық айту
|
Мені не нәрсе мазалайды
|
Мақсатты айту
|
Маған не керек, нені қалап тұрмын
|
Альтернативаны қарастыру
|
Мен нені жасай аламын
|
4. Салдарын қарастыру
|
4. Не болуы мүмкін
|
5.Шешім қабылдау
|
5. шешімді қалай қабылдаймын
|
6.Әрекет
|
6. Қазір әрекет жасауым керек
|
7.Бағалау
|
7.Ойдағыдай болады
|
Стресс-мендежмент сұрағына қатысты стресске орнықтылық деген түсінік те бар, оған жету үшін стрессті басқара білуіміз керек. Яғни стресттің сізде бар екенін мойындау, стресс физикалық және психикалық денсаулыққа негативті әсер ететінін ұғыну.
Стресс-менеджментте стрессті жағдайды шешу әдістері болады, оларға жататындар:
-мінез-құлықтық;
-қарсыласу (конфронтация);
-қашу;
-алмастыру;
-алыстау;
-алдын алу;
-когнитивті әрекеттер: зейінді басқа жаққа бұру, ойша бейнелер жасау, қабылдау.
Өзіне сенімді адамдар стресспен күресуде табанды болса, ал өзіне сенімсіздер, күресуге құлқы жетпей жатады. Стрессті жеңуге байланысты мультимодальды стресс-менджмент негізінде біліктілікті қалыптастыруға көптеген психологиялық бағдарламаларды ұсынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |