Табысдегеніміз аналитикалық, практикалық және шығармашылық ойлаудың оңтайлы үйлесімі. Табысқа жеткен ақыл иелері өздерінің артықшылықтарын барынша біліп, кез-келген жағдайда сауатты әрекет етуді біледі. Ол темперамент, мінез, қабілет тұлғаның жеке (индивидуалды) типологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Темперамент туа пайда болатын факторларға шартталған, ол өмірлік тәжірибе мен тәрбиеге тәуелді емес. Адамның өмір жолында жетістіктерге жетуіне шешім қабылдау, іс-қимылдардың жылдам және баяу орындалуы, есте сақтау сапасы, эмоция күші, көңіл-күйдің өзгерісі әсер етеді.
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) – психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған.
Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген.
Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне: күші, тепе-теңдігі, белсенділігіне байланысты дейді.
Темперамент типтерінің сипаты: Сангвиник– қызу қанды, iскер адам, белсенді,қоғамдық жұмыстармен, саясатпен, актерлік шеберліктермен байланысты кәсіптерді таңдайды.
Холерик– аса қозғалғыш, бірбеткей, қызба және ұстамсыз адам, үздік жетекші, спортсмендер, өнертапқыштар.