Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Түпкі түйін Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған әртүрлі жаттығуларды қолдану



бет82/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106
Байланысты:
Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль

Түпкі түйін
Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған әртүрлі жаттығуларды қолдану:
- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
- эмпатияны дамыту;
-сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;
- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;
- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;
- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- байланыс жасау іскерлігін меңгеру;
- өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну;
- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру.
Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз:
1-қорытынды: Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса маңызды, адами қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
2-қорытынды: Қарым-қатынас ақпарат алмасу әрекетін қорытындылай, әр коммуникация құралы ретінде тіл мен сөйлеуді, сөздер мен терминдер өзара әрекеттесу, ынтымақтастық, бәсекелестік пен серіктестік қатынастың сұрақтарын қарастырады.
Қарым-қатынасты құндылықтармен алмасу процесінде индивидтердің мінез-құлқын нормативті реттеу процесіндегі қарым-қатынастың рөлі мен орнын анықтау.Қарым-қатынасты игеруде психологиялық ойындар, тренингтер және жаттығулардың көмегімен ептілік пен машықтарды дамыту.
3-қорытынды: Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.
Ойын мен оқу және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет