Байланысты: Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль
Агрессивті мінез-құлық – басқа адамның құқығын бұзып, мақсатқа жету жолында адам таңдаған мінез-құлық. Агрессивті адам өз идеяларын, тілектерін басқаларға жапсыра береді, олардың қызығуларын ескермейді. Агрессивті мінез-құлық адамнан өте үлкен эмоциялық күштер мен энергияларды талап етеді. Агрессивті мінез-құлық кімдерге тән, барлық қадағалауды өз қолына алғысы келетін адамдарға тән, басқа адамдарға деген қатынасы негативті болатын адамдарда болады.
Әдетте ондай адамдар өздеріне сенімсіз, әлсіз руханилық, басқа адамдарды пайдаланып өзі сол адамдардың фонында жақсы көрініп қалуды, сенімді сияқты болып көрінуге мақсат қоятындар.
Енжар мінез-құлық-адам өз қызығуларын құрбан етіп, өзінің құқығын басқалардың бұзуына жол береді. Енжар адам көпшілік алдында өз ойларын, сезімдерін, эмоцияларын, сенімділікті көрсетпейді. Ол үнемі кешірім сұрай береді, ақталады, әрі оларды өте ақырын және сенімсіз айтады. Басқалардың қызығуларын өзінікіне қарағанда жоғары қояды. Олар құрбан болатын, әлсіз адамдардың рөлін орындайды.
Агрессивті адам сияқты бұлар да өздеріне сенімсіз адамдар, агрессиялы адамдардан айрымашылығы сол, енжар адам өз әрекеті үшін жауапкершілік алмайды. Басқа адамдар сол үшін шешім қабылдауға жол береді, тіпті ол шешім зиян келтірсе де үндемейді.
Неге адамдарда енжар мінез-құлық болады, себебі оларда өмірлік қиындықтарды жеңуге деген ішкі қорқыныштар болады, көпшіліктен бөлініп көрінуге және жауапкершілік алуға қорқады. Енжар мінез-құлықтың мақсаты кез-келген конфликтіні басталмай жатып оның алдын алу, басқа адамдарға жауапкершілікті артып өз өмірін жеңілдету.
Ассертивті (ағылшынша, сенімділік, өз айтқанын істету) мінез-құлық – өз ойларын, эмоцияларын тура және сенімді көрсету. Өзіне сенімді адамдарда болады, агрессивті мінез-құлық пен енжар мінез-құлықтың арасындағы «алтын» ортасы.
Ассертивті адам өз құқығын нақты қорғай алады, өмірлік қиындықтарды конфликтіге бармай шеше алады. Ол өзіне не керек екенін біледі, ойын ашық айтады, қажет жағдайда басқа адамға оп-оңай бас тартуды көрсете алады. Ассертивті адам өз пікірлерін және басқалардың да пікірлерін құрметтейді, сонымен бірге ол басқалардан, олардың пікірлерінен тәуелді емес.