Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Конфликтілі жағдайдағы мінез-құлық ережелері



бет99/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106
Байланысты:
Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль

Конфликтілі жағдайдағы мінез-құлық ережелері:
1.Конфликтіні бастаушыға ол әдейі жасаған жоқ деген бағытта көңіл бөліңіз;
2.Дауласудың кеңісітігін соза бермеңіз;
3.Конфликтіні позитивті шешуге ұмтылыңыз;
4.Эмоцияларды ұстаңыз;
5.Дауласқанда әдептілікті сақтаңыз.
Сонымен құрметті оқырман осы дәрістің жалғасы сіздерге сайтта жүктелген көптеген танымдық-қызықты-мотивациялық ақпараттармен, психологиялық ұсыныстармен танысып, сіз өз мінез-құлқыңызды басқарудың психологиялық аспектілерін меңгере аласыз.
Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз:
1-қорытынды: Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен тікелей байланысты болады. Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсініспейді, ренжулер басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да, конфликт туындай бастайды. Карым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды.

2-қорытынды: Модель ол бірыңғай тұтастық. Мінез-құлық моделі дегеніміз белгілердің (сөздік, тілдік, тілдік емес, мінез-құлықтық) тұтастай жиынтығы, соның негізінде бір бейне, үлгі пайда болады.

3-қорытынды: Адамның мінез-құлқы және соның негізінде қалыптасқан мінез-құлық модельдері, конфликтідегі мінез-құлық ерекшеліктері туралы берілген танымдық-психологиялық-практикалық ақпараттар сізге өз мінез-құлқыңызды тануға, оны рационалды басқаруға көмектеседі.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Сөйлеу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі
A) ой
B) зейін
С) сезім
D) қабылдау
E) &тіл
*****
Ой мен сезімді толық жеткізуге арналған екеуара қатынас құралы
A) & сөйлеу
B) ым-ишара
С) сөз
D) тіл
E) дыбыс
*****
Ой мен сананы таңбалау ретінде танылған сөз қызметі
A) коммуникативтік
B) & сигнификативтік
С) перцептивті
D) вербалдық
E) диалогтық
*****
Сөйлеу әрекетінің коммуникативтік сипатқа ие болуындағы басты шарт
A) сөз формасы
B) дыбысталуы
С) заттық мағына
D)& тыңдаушының болуы
E) сөйлеушінің болуы
Сөзбаяндағы іркіліс, ырғақ, тыныс белгілермен көрінетін адам психикасының түрі
A) ой
B) мінез
С) қабілет
D) & көңіл-күй
E) зейін
*****
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі
A) тыңдау
B) дыбыстау
С) қабылдау
D) баяндау
E) &түсіну, түсінісу
*****
Сөздің пайда болу көзі
A)& қоғам
B) табиғат
С) ген қажеті
D) нәсілдік
E) болмыстан тыс
*****
Сөйлеудің саналы әрекетке айналуы үшін қажет фактор
A) форма өрнектілігі
B) & мазмұн айқындылығы
С) дыбыстың жеткізілуі
D) мақсаттың нақтылығы
E) айтылу әдістері
*****
Тіл көмегімен түзілген толық мәнді адамаралық қатынас құралы
A) дыбыс
B) сөз
С) &сөйлеу
D) әуен
E) ырғақ
Бақылау сүраұтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет