Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы



бет65/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106
Байланысты:
Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль

Кәсіби бағдарлану– еңбек психологиясының негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл ғылыми пәннің қалыптасуы 1908 жылы Бостонда, дәрігер Ф.Парсонс ашқан жастарға мамандық таңдау кезінде кеңес беретін бюро ашылумен байланысты болады. Кәсіби кеңес берушілер жұмысының техникасы мен арнайы процедураларының әртүрлі бағыттарының даму және қалыптасуы анықталады..
Кәсіби даму(лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке ықпалдастыққа (интеграциялануға) тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс-әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқалары.
Кәсіби даму – бұл жүйелі білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Білім беру ұйымдарындағы 16-23 жас аралығындағы жастардың басым көпшілігі мекемелерде немесе кәсіпорындарда білім алады немесе кәсіптік білім алады.Мамандық алу өзінің бойындағы қабілеттерін пайдалана отырып, адам болу қажеттілігін түсінуге, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке стилін дамытуға ерекше мүмкіндік береді.
Адамның мүмкіндіктері мен еңбек ету қуат күшін анықтайтын ғылымэргономика (грек тілінен – еңбек және заң, «жұмыс заңы»).Терминді 1857 жылы Войтех Ястшембовский ұсынды.Кез-келген еңбек ету қабілеті қуат күшімен қарастырылады. Эргономика табиғат заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылым болып табылады. 1960 жылдарыдамыған эргономика ғылымы «адам – техника – орта» дегенжүйенізерттеп, бекітті. Оғанмаманның кәсібижәне жалпыдайындықсапасынжоғарылатужатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет