Интроверт – адам тұрпатының (немесе мінезінің) өз-өзіне бағдарланған тұрпаты. Қабілет туралы түсінік пен оның құрылымы
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілеттік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат.