эстетикалық болып сараланады. Өмірдің мәні ұғымы және оны анықтайтын принциптер
Өмірдің мәні – ол адамның санасындағы субъективті ең маңызды құндылық және онын мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Өзін-өзі анықтау ұғымы және оның берер мүмкіндіктері
Өзін-өзі тану процесі-өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзің-өзі тану құралы-өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі анықтаудың түрлері (жеке, кәсіби, өмірлік)
Өзін-өзі жүзеге асыру өз талантын, әлеуетін, талантын жүзеге асырудан және болашақта кейбір таңдаулы қызмет түрлерінде өмір сүруінен тұратын процесс болып табылады. Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру проблемасы ерте балалық шақта пайда болады және адамның бүкіл өмір жолында жүреді.
Кәсіби өзін-өзі анықтау – бұл іздеу процесін бейнелейтін, сондай-ақ мамандықты иеленетін жеке таңдау нысаны.