Психологияға



бет5/8
Дата25.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#103347
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2 лекция

Негізгі ұғымдар:


Белсенділік жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады.
Қажеттілік – адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады.
Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі (Need-hierarchy theory) Маслоу пирамидасы деп те аталады. АҚШ-тың еврей нәсілді гуманизм психологі Ибраһим Маслоу ортаға қойған, адамның ниеттену жүйесіне арналған ең кең таралған ілімдердің бірі. Қажеттілік қабаты ілімі адамдық қасиетті түсіндіруге де, адам талпынысының нақты мақсатын айқындауға да керек теория. Онда адам өсуінің ең басты қозғаушысы «ниет» деп түсіндіріледі. Ниет түрлі қабаттағы түрлі ерекшелікке ие қажеттіліктерден құралады. Сол қажеттілік қабаттарының жоғары-төмендік тәртіптік айырмашылығы бар және төмен қажеті қанағаттанғанда жоғары қабаты оянып отырады. Әрбір қабаттың қанағаттану дәрежесі жеке болмысының даму деңгейін белгілейді. Қажеттілік қабаты ілімі бойынша адамда төменнен жоғарыға дейін 5 негізгі қажет бар, олардың әрқайсысының шабыттану мүмкіндігі ұқсамайды.
Абрахам Харольд Маслоу (1908-1970) – көрнекті америкалық психолог, гуманистік психологияның негізін қалаушы. Адами қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық баспалдақ түрінде орналастыру – Абрахам Маслоудың «Маслоу қажеттіліктер пирамидасы» деген атпен танымал болған жұмысы. Маслоу тұжырымдамасы «Уәж және жеке тұлға» (Motivation and Personality) кітабында жан-жақты баяндалған. Пирамида түрінде бейнеленген қажеттіліктер иерархиясы АҚШ, Европа және Ресейде тұлғаны ынталандырудың әйгілі модельдерінің біріне айналды. Оны негізінен менеджерлер мен маркетологтар көп пайдаланады







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет