Психологияға



бет3/8
Дата25.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#103347
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2 лекция

Тест әдісі. Басқа әдістерден ең алдымен жаңа заңдылықтарды алу үшін емес, сынақтан өтетін адамдардың белгілі бір қасиеттің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді. Тест мазмұны мен құрылымы алдын-ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп тексеріледі. Тест көмегімен адамдардың белгілі бір іс-әрекетті орындауға әзірлілік деңгейін анықтауға болады.
Тестілеу әдісі адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет