Психологиялық қызмет мамандарының лауазымдық міндеттері Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының басшысы


Психологиялық қызмет қызметіндегі әлеуметтік педагог



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі42,66 Kb.
#113872
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
377 бұйрық жоспар

Психологиялық қызмет қызметіндегі әлеуметтік педагог:
1)жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы бұзушылықтарды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
2) Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер, отбасы және ұйым, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында келістіруші болады;
4) білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтердің өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуды, тәрбиелеуді, әлеуметтендіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
6) баланың отбасында және білім беру ұйымында құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;
2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу;
3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады;
4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарына бағытталған жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;
6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады;
7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу болып табылады;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет