Бұлқорғанысекісебепбойыншапсихологиялыққиындықтарды шешудің сау құралы ретіндеқарастырылады: Шиеленісті, алаңдаушылықты, алаңдаушылықты төмендетеді
Адамның дамуына, қоғамның пайдасына мүмкіндік береді.
Жоққа шығару
Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп
отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелік көрсетпелеріне қайшы келіп, оның өз болмысына, абыройына өзіндік
бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердік пайда
болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады.
Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай объектив бағалауды шектейді, осыдан, әрекет-қылықтағы кейбір
келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны - басқалардың оған істеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп, әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.
Көшіру Көшіру - адамның өзгелер қабылдамайтын өз
басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы
келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге
өткізе салудан болатын жаманшылық істей тұра, өзінің ұрыншақтығын
қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
Сәйкестендіру- адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп пен игі
этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау-мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзіің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі,
өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат-мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
Жаңалау - адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын
түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы,