6. Қорытынды. «Микрофон алдында сөйлеу» жаттығуы кері байланыс. Осы сабақтан алған әсерлері жайлы оқушылар ортаға салады.
Психологиялық тренинг. Сеземін, танимыз, ойнаймыз.
Сеземін, танимыз, ойнаймыз. Мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ой қиялдарын ұштау, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: ватман қағазы, түрлі-түсті қағаздар, маркер, музыкалық орталық. Жүрек бейнеленген жапсырмалар.
Барысы: құрметті оқушылар біз бүгін сіздермен «Сеземіз, танимыз, ойнаймыз»деп аталатын ерекше сабақ өткіземіз. Сабағымыз тренинг ойын түрінде болмақ.
«Менің есімімді ата» жаттығуы. Мақсаты: топқа деген жағымды сезімді дамыту.
Нұсқау: қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп қайта бір айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімдерін айтады.
«Мен күнмін» жаттығуы. Мақсаты: оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымағын, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауын, сыйлауын байқау.
Нұсқау: күннін суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.
«Көргенді тап» жаттығуы. Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқау: сіздерге 9 түрлі фигура салынған суреттерді ұсынамын 10 сек. Содан сон бұл суреттер екі есеоенген болып қайта ұсынылады, бірдейлерді табыныздар.