Психологиялық тренинг. Эмоция және сезімдер. Мақсаты



бет5/6
Дата27.11.2022
өлшемі117,22 Kb.
#53042
1   2   3   4   5   6
Екі топқа тапсырма:

1-топқа: Нағыз адамдық қасиеттерді бейнелеңіздер.
Мысалы: Нағыз адами қасиеттер, яғни нағыз адам болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер ең басты, ең маңызды болу керек деп ойлайсыңдар?
2-топқа: Мен концепциясын айқындаңыздар.
Мысалы: Мен кіммің?, Қазіргі қоғамның қойып отырған талабына саймын ба? Болашақ өмір жолымды айқындай алдым ба? Алға қойған мақсаттарыңыз қандай? Өзіңіздің болашаққа қойған жоспарларыңыз? Үш тұғырлы тіл туралы?
Осы тапсырма бойынша оқушылар постер қорғайды.

  1. Оқушылармен ой бөлісу.

1.Ал, кім өзін жақсы біледі? 2. Өздеріңіздегілердің барлығы өзіне ұнайма? 3. Сен өзіңді басқалардан қандай айырмашылығым бар деп ойлайсың? Өзіңді білу керек пе? Құрметті де, сыйлы адам атану үшін өзіңе қандай қасиеттер керек деп санайсың?
4. «Өзін-өзі презентациялау».
Әр қатысушы алдарында берілген ақ параққа өз есімдерін және өміріндегі жақтырмайтын немесе ең жақсы көретін ісі жөнінде жазады.
Түйіндеме.
Балалар адамның жақсы және жек коретін қасиеттерін жөнінде ой бөлістік, пікір алмастық, енді осыларға түйіндеме ретінде қадір-қасиетке, мінезге байланысты мақал-мәтелдердің астарына үңіліп көрейікші.
Мысалы:

  1. «Жаманнан жақсы туады деп қуанба, жақсыдан жаман туады деп ренжіме, негізіне тартар бәрібір».

  2. «Талапты бала, талпынған құстай, құмары қанбас, аспанға ұшпай».

  3. «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен».

  4. «Ауызын ашса, жүрегі көрінер».

  5. «Ақымақ бас, екі аяққа дамыл бермес».

5.«Менің мінез-құлқым» жаттығуы.
Алдарыңызда берілген ақ парақты сызу арқылы төрт бөлікк бөліп, көмекке берілген сөздердің ішінен аңдардың немесе құстардың суретін салыңыздар. Осы салған суретіңіз арқылы сіздің мінез-құлықтарыңызды айқындауға болады.

Ит Аққу
Түйе Арыстан
Мысалы:
Үйде Сабақта

Өзіндік баға Жора-жолдастар


1.Төлдерді таңдаған адамдар еркелегенді, еркелеткенді ұнататын адамдар;
2.Түйе-шыдамдылық; 3.Ат-тектілік; 4.Қой-жайдарлық; 5.Ешкі-ұйымдастырғыш қабілеті бар; 6.Ит-адалдық; 7.Мысық-биоөрісі басым адамдар; 8.Тауық-шығармашылық; 9. Қаз,үйрек-ұқыптылық; 10.Үкі, байғазы-сақтық; 11.Қарлығаш-бауырмал адамдар; 12.көгершін, аққу-сезімді жоғары бағалайтын жандар; 13.Жыртқыш андар: аю, қасқыр, барыс, арыстан, қабан-қайратты, жігерлі; 14. Түлкі-бейімделгіш; 15.жыртқыш құстар: бүркіт,лашын-сұсты адамдар; 16.Балық, дельфин-еркіндікті жақсы көреді; 17.Сайрайтын құстар бұлбұл,бозторғай-ән айтатын адамдар; 19.Маймыл-артистик қабілеті бар; 20.Жылан-салқынқандылық, сабырлық; 21Тасбақа-мейірімділік, баяулық; 22Қоян,тиін-елгезек, бірақ жұмысты аяғына дейін жеткізбей тасиап кетеді: 23. Қырғауыл құс-күйгелек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет