БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Ары қарай байланысқа арналған, дұрысы, байланыс міндетті түрде болуы керек келесі ойынды өткізуге болады. Мысалы, адамдар таныс емес болғанда, және байланыс орнатуда қандай да бір басқа қосымша қиындықтар бар болғанда. Ойынның ең қарапайым, және қандай да бір мезетте қарадүрсін нұсқасы – қызбен көшеде танысу.
Ойынға екі адам қатысады. Нұсқауды оларға жеке-жеке берген дұрыс, себебі, барлық нұсқауларда ойынның екінші қатысушысы білмеуі тиіс айырмашылықтар мен толықтырулар бар. Өйткені, егер сіз үй-жайда екі адамды бірге қалдырып, ер адамға қазір мына қызбен танысуыңыз қажет деп, ал қызға дәл осы жерде онымен танысудың қажеті жоқ десеңіз, қызбен танысуға ер адамда ешқандай түрткі қалмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Сонымен, бір ойыншы есіктің сыртына шығады, және ол үшін нұсқаулық мынадай болады: ана жақта қыз тұр, сен оны көрдің де, саған онымен міндетті түрде танысу керек деп шештің. Қызға: оның өзін қалай ұстайтындығына қара. Егер «жуас» болса, онда сен онымен таныспа; егер тым бетпақ болса да, таныспа; ал егер саған ұнаса – таныс, - деп айтамыз. Осындай бөлек нұсқаумен ойын қызықтырақ өтуі мүмкін, өйткені онда шытырман оқиға пайда болады.
Күрделірек нұсқа – өзіңе таныс емес адамнан жүз теңге сұрау. Мәселен, жүз теңгені жай ғана сұрауға болады, сондай-ақ жағдайды күрделендіруге де болады: «Сен поездан қалып қойдың, жедел поезбен өз поезыңды қуып жету үшін саған 100 теңге керек. Сен түнгі сағат 12-де перронда тек бір адамды ғана көрдің. Ол – сені құтқара алатын жалғыз адам, өйткені бес минуттан кейін сенің поезыңды қуып жететін жедел поезд келеді. Сен жақындайсың да, одан ақша сұрайсың».
Кез келген рөлдік ойындағы сияқты, үш дубль жасауға болады, яғни, сол бір рольді кезекпен үш қатысушы ойнайды. Ал одан ақша сұралатын ойыншыға: «Ақшаны тек үшеуінің біреуіне ғана бересің. Бұны үш қатысушының бәрімен сөйлесіп болғаннан кейін шешесің», - деп айтасыз.
Жағдайды көкейге қонымды болатын шекте күрделендіруге болады, бірақ идея бәрі бір сол күйінде қалады: бұл, ең алдымен, жақсы, сенімді байланыс қажет болатын ойындар. Бұл ойындарда, әрине, бағдарлану сатысы да, дәлелдеме сатысы да, шешім қабылдау сатысы да бар, бірақ талдау кезінде екпін байланыс сатысына жасалады.
Іскерлік тақырыбындағы байланысқа арналған ойынның нұсқасы: хатшыны қабылдамайтын уақытта директорға өткізуге көндіру қажет.
Бір, екі немесе үш қатысушы (сіздің қалауыңызға қарай) есіктің сыртына шығады. Хатшыны ойнайтын қатысушы үстел басына отырады.
Есік сыртындағыларға арналған нұсқаулық: «Қабылдау жүргізілмейтін уақыт, сіздің міндетіңіз – хатшыны өзіңізді директорға тап қазір кіргізуге көндіру. Сізге ертеңгі күннен бастап өз есебіңізден жеті күнге демалыс алуға жазған өтінішіңізге қол қойдыру керек, себебі, достарыңыз аяқ астынан бір орын босағандықтан, сізге демалуға баруды ұсынды. Хатшыны өзіңізді өткізуге көндіріңіз».
Хатшыға арналған нұсқаулық: «Қабылдау жүргізілмейтін уақыт. Сізге қазір кезекпен үш адам келеді де, директорға кіруге әрекеттенеді. Сіз үшеуінің біреуін ғана, бәрінен де көбірек ұнағанын өткізе аласыз».
Ойыннан кейін талдау жүргізіледі: тапсырма орындалды ма, орындалса, ненің арқасында, орындалмаса – неліктен? Талдау кезінде ойыншылардың байланыс сатысындағы мінез-құлқын ерекше атап көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |