«Электричка»
Ойын үшін асылында төрт ер адам керек, топта тым болмаса бір ер адам болса да ойнауға болады; таза әйелдер тобында бұл ойынды ойнай алмайсың.
Нұсқаулық. Ойынға бес адам қатысады: бір қатысушы (міндетті түрде ер адам) орындықта отырады, оның жанындағы басқа орындықта сөмке жатады, оның жанында әйел адам тұрады (нақ әйел адам). Үш қатысушы, ер адам болғаны жақсы (бірақ әйел адам болса да болады), есіктің сыртына шығады.
Вагон ішіндегілерге арналған нұсқаулық. Ер адамға: «Сіз осы орында отырасыз, сіздің жаныңыздағы орында – сіздің сөмкеңіз. Сіз бұл орынды шамамен бес минуттан кейін келесі аялдамада мінетін өзіңіздің қызыңыз үшін алып қойдыңыз. Сіз екі сағат жол жүресіз, және қатар отырып, әңгімелесіп барғыңыз келеді. Сіз тіпті екі билет те сатып алып қойдыңыз».
Әйел адамға: «Сіз ұзақ жүрмейсіз, 20-30 минут, және сіз тұрып-ақ бара аласыз. Мүмкін, сізге сыпайы айтып ұсынса, сіз отырар да едіңіз, бірақ сіз жанжалдасқанды ұнатпайсыз және сіз үшін ең бастысы – баратын жеріңізге тыныш жету. Сіздің роліңіз енжар. Сіз жанжал болса, оған араласпайсыз, ал қалған жағдайда өзіңізді, әдетте электричкадағы таныс емес адамдармен қалай ұстасаңыз, солай ұстайсыз».
Есік сыртындағы қатысушыларға арналған нұсқаулық: «Сіздер платформада тұрсыздар, электричка келеді; сіздер вагонға кіресіздер де, отырған ер адамды көресіздер, ал жанындағы, көршілес орында сөмкесі жатады, оның жанында әйел адам тұрады. Басқа бос орындар жоқ. Кіріңіздер де, нені қажет деп санасаңыздар, соны жасаңыздар».
Ойын барысының ықтимал нұсқасы.
Ойынның үш қатысушысы кезекпен кіреді де, жағдайды ойнап шығады. Әдетте байланыс және бағдарлану сатыларын бәрі өткізіп жібереді де, үшінші сатыдан – шешім іздеуден бастайды. Мысалы, көбінесе мынаны естуге болады:
– Ер адам, сөмкені алып тастаңыз!
– Адамдар, қараңыздар, аяқ-қолы балғадай болып алып, отырғанын!
– Ер адам, әйелге орын беріңіз! Және т.с.с.
Кейде бұл ойын мына нұсқа бойынша өтеді: қатысушылардың бірі кіреді де, жай ғана, ешкіммен сөйлеспей тұрады. 30 секундтай күтіп, одан: «Бірдеңе істейсің бе, жоқ па?» - деп сұрауға болады. Егер «жоқ» деген жауап болса, ойын тоқтатылады да, екінші қатысушы шақырылады. Екінші қатысушы бірден ер адамға әйелге орын беруді ұсынады да, бас тартқанын естіп, не күрескер ролінен шегінеді, не айналасындағылардың көңілін аударып, қысымды күшейтуге тырысады. Мысалы: «Адамдар, қараңыздар, электричкада қандай көргенсіздер жүретінін!» Үшінші қатысушы күш қолдануға әрекеттенуі мүмкін. Мысалы, сөмкені ұстап алып, қашып кетуі немесе бір қолымен сөмкені жұлып алып, екінші қолымен әйелді орындыққа итермелеуі мүмкін. Кейде осының бәрі бір сөз айтпастан жүзеге асырылады. Жалпы, нұсқалар көп.
Бірақ бұл ойында ер адаммен байланыс орнатып, тек соның ғана көңілін өзіне аударған дұрыс болар еді. Бұл үшін еңкеюге болады, мүмкін, иығынан түртуге, көз байланысын пайдалануға болады. Сосын бағдарлану сатысында бұл сөмкенің кімдікі екенін анықтап, содан кейін барып бұл жағдайда не істеуге болатындығын шешу қажет.
Неліктен бұл оқиғада жағдайда бағдарланып алмайынша, шешім қабылдауға болмайды? Келесі нұсқалар ықтимал: күйеуі мен әйелі ұрсысып қалған да, сіз отбасылық жанжалға килігесіз. Әйел адам: «Мен оның жанына отырмаймын!» - деп айтады. Немесе бұл – әйелдің сөмкесі де, мүмкін, ол отырғысы келмейді не отыра алмайды. Немесе сөмкенің астындағы орын былғаныш та, сөмкені ешкімнің отырмауы үшін әдейі қойған және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |