Ойын процедурасы. Қатысушыларға қағаз парақтары таратылады, олар онда өз аттары мен жауаптарын жазады. Сондай-ақ жауабына сенімділік пайызын көрсетуге тапсырма беруге болады, мысалы, 50%, 80% немесе 100%. Жаттықтырушы парақтарды жинап, ең белсенді қатысушылардың ішінен бес-алты адамды – не жауаптары әр түрлі, не жауабына сенімділік пайызы басқаларына қарағанда жоғарырақ адамдарды таңдап алады. Бұл бес адам шеңбер жағалай отырады да, оларға бірыңғай жауапқа тоқтау тапсырмасы беріледі.
Жауаптың өзі тренинг үшін маңызды емес, ал топтың қалай жұмыс істегендігіне, қаншалықты көп дауласқандығына, бірыңғай шешімге келген-келмегендігіне, осы шешімге бәрінің разы-разы еместігіне, түсіндіру мен сендірудің қандай тәсілдерін пайдаланғандықтарына қарау маңызды. Бірақ жаттықтырушы, әрине, дұрыс жауапты түсіндіруі тиіс, әйтпесе топ әлі ұзақ уақыт осы есепке қайтып орала беретін болады.
Есепті бірнеше тәсілмен шешуге болады. Біріншісі: бір мыңға сатып алды, екі мыңға сатты, осылайша, бірінші әрекеттегі пайда бір мың. Үш мыңға сатып алды, төрт мыңға сатты, пайда тағы да бір мың. Жиынтығында екі мың. Және оның ақшаны қарызға алғандығы немесе үнемі сол бір жылқыны сатып алғандығы маңызды емес. Сол сияқты, бірінші жылқыны алты мыңға сатып алып, жеті мыңға сатқаны да маңызды емес, – пайда бәрі бір сол.
2-сурет. Қарым-қатынас сатыларының үлгісі
Екіншісі: ең басында онда бір мың болды, соңында төрт мыңға сатты, одан қарызға алған бір мыңды және ең басында болған бір мыңды алып тастайсың. Екі мың қалады.
Үшіншісі: жылқыларды бір және үш мыңға сатып алды, ал екі және төрт мыңға сатты. Бәрін қосамыз, жұмсағаны төрт, алғаны алты болып шығады. Алтыдан төртті алсаң, екі мыңға тең – пайда.
«Тауық»
Нұсқаулық. «Бір жарым тауық бір жарым күнде бір жарым жұмыртқа табады. Сұрақ: екі тауық үш күнде қанша жұмыртқа табады?» Ойын біріншісіне ұқсас өткізіледі, бірақ бұл есеп қиындау.
Әдетте адамдар қателеседі, себебі, тауықтарды да, уақытты да, жұмыртқаларды да қысқартады. Нәтижесінде оларда бір тауық, бір күн, бір жұмыртқа шығады. Ал екі тауық үш күнде алты жұмыртқа табады. Дұрыс жауабы – төрт. Өйткені, уақыт өзгермейді және бір тауық бір жарым күнде бір жұмыртқа табатын болып шығады. Демек, екі тауық сол бір жарым күнде екі жұмыртқа табады, ал бір жарым күнге бір жарым күнді қоссаң, үш күн шығады, яғни, уақыт екі есеге артады және жұмыртқалардың саны да екі есеге артады – барлығы төрт.
Егер түсіндіргеннен кейін көбіне түсініксіз немесе көбі келіспейтін болса, онда барлығы бала кездерінде шешкен жер қазушылар туралы осыған ұқсас есептің мысалында топтың көзін жеткізуге тырысып көруге болады. Екі жер қазушы екі күнде екі шұңқыр қазады, демек, бір жер қазушы бір шұңқырды сол екі күнде қазады. Ал егер бір күнде бір шұңқыр деп есептесек, онда екі жер қазушы екі күнде төрт шұңқыр қазатын болып шығады, ал шарт бойынша шұңқыр тек екеу ғана.
Бұл ойынды видеоға түсірген өте жақсы. Ойынның талқылануы мен талдануын «Не тиімді болды, ал нені жақсырақ істеуге болар еді?» немесе «Қалай ойлайсыздар, сіздердің қарым-қатынастарыңыз тиімді болды ма? Болды ма немесе жоқ па, және неліктен?» деген сұрақпен бастауға болады. Ары қарай талдау кезінде жаттықтырушы тиімді қарым-қатынас өлшемдерінің маңыздылығын көрсетіп, егер тек бір ғана өлшем қанағаттандырылатын болса, онда қарым-қатынас тиімсіз болатындығы туралы қорытынды шығара алады. Мысалы, нәтиже жоқ, топ бірыңғай шешімге келмеді немесе қайсыбіреуі топтың шешімімен келіспейді.
Талдаудың соңында жаттықтырушы мына теорияны ұсына алады: тиімді шешімге келу әбден мүмкін болуы үшін қарым-қатынаста жүйелі түрде төрт сатыдан: байланыс сатысынан, бағдарлану сатысынан, шешім іздеу сатысынан және шешім қабылдау сатысынан өту қажет.
Берілген үлгіні тақтаға салып, суретке түсініктеме беруге болады. Бірінші саты «Байланыс» деп аталады. Ол өте маңызды, себебі, дәл осы сәтте жағдайдың бірыңғай түсінілуіне, ал содан соң есептің шешілуіне де жылдамырақ келуге көмектесетін сенімділік байланысы орнатылады.
Байланыс сатысы бірнеше секундтан бірнеше сағаттарға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, әңгімелесушілер амандасып, бірден іске көшкенде, байланыс сатысы өте қысқа. Бірақ кейде адамдар алдымен ұзақ уақыт қысыр әңгіме жүргізіп, тек содан кейін ғана іске көшеді – ондай жағдайда байланыс сатысы бүкіл қалған қарым-қатынастан гөрі ұзағырақ болуы мүмкін.
Байланыстың маңыздылығы, сонымен қатар, оның бүкіл қарым-қатынас кезеңіне созылатындығында және қарым-қатынастың байланыстан шығумен тоқтатылатындығында да. Біздің мәдениетімізде байланыс орнатуға дәстүрлі түрде қажет болғаннан гөрі азырақ уақыт жұмсалады: ең алдымен іс, ал адамдар сондай маңызды емес. Сондықтан топтың назарын осы сатыға ерекше аудару қажет.
Қарым-қатынастың екінші сатысы «Бағдарлану» деп аталады. Бұл сатыда әңгімелесушіңе, оның проблемасына бағдарлану және әңгімелесушіңді оның проблемасын өзіңнің қалай түсінетіндігіңе бағдарлау қажет.
Екінші саты өте маңызды, бірақ адамдар дәстүрлі түрде оны тастап кетеді. Көбінесе бәрі дәл мен сияқты ойлайды, және егер мен жағдайды қалай түсінетін болсам, басқалары да оны дәл солай түсінеді таптаурыны іске асады. Нәтижесінде адамдар әңгімелесушісіне бірден өз шешімдерін ұсынады да, ол неге дәл бұлай, ал басқаша емес екендігін түсінбейді. Және сол кезде қарым-қатынастың екінші сатысына қайтып оралып, оған түсінік беруге тура келеді. Көбінесе дәл осы себептен қарым-қатынас үдерісі созылып кетеді, ал кейде әңгімелесушімен келісу мүмкін болмай қалады, өйткені ол бұл жағдайды қысым көрсету ретінде қабылдай бастайды.
Үшінші саты – «Бірлесіп шешім іздеу». Мұнда негізгі екпін шешімнің ортақтығына жасалады, яғни, екі әңгімелесуші де әріптестер ретінде бірыңғай шешімге келулері тиіс. Кейде бұл сатыны дәлелдеме сатысы деп атайды, себебі, мұнда әріптестің дәлелдемелері тыңдалып, өз дәлелдемелері келтіріледі.
Төртінші саты – «Шешім қабылдау» – қабылданған шешімнің маңыздылығын баса көрсету үшін қажет. Адамдар сөйлесіп, әрқайсысында барлығы да шешілгендей әсер қалатыны, бірақ шешімнің қандай және кімнің жауапты екендігі түсініксіз болатыны да болады. Сондықтан бұл сатыда ең бастысы – қабылданған шешімді анық айтып, оның бірдей түсінілгендігіне көз жеткізу.
Сондай-ақ бұл сатыда байланыстан шығу, немесе қоштасу рәсімі маңызды. Көбінесе шешім қабылданғаннан кейін әңгімелесушілердің бірі рахмет деп «күңк етіп», кетіп қалуы да мүмкін. Және екінші адамда оны пайдаланып кеткендігі, оның өз функциясын орындап, енді керек емес болып қалғандығы туралы пікір қалыптасуы мүмкін. Сондықтан кәдімгі рәсімді орындаған: әңгімелесушіңе рахмет айтып, ол үшін жағымды әлдене айтқан, оның лауазымы ғана емес, өзінің де маңызды екендігін көрсеткен маңызды.
Осы теориядан кейін тренинг бағдарлама бойынша жүреді, және әрбір саты рөлдік ойындарда және басқа да тапсырмаларда жүзеге асырылады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.2. БІРІНШІ САТЫ – «БАЙЛАНЫС»
Топтың бұл кезеңдегі жұмысын «Жақсы, сенімді байланыс орнату үшін не істеу керек?» немесе «Әріптесіңмен сенімді байланысты қалайша ұстап тұруға болады?» деген сұрақтан бастауға болады. Топтық пікірталастан кейін «Электричка» ойынын өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |